Экономикалық ақпарат жүйелері артықшылық үшін қолданылатын ақпараттық технологияны пайдалану

Қаржы секторының өзі нарықтың әлемдік экономикалық өзгерістеріне барынша сезімталдықпен қарайтын сегменттерінің бірі. Соның ішінде Қазақстанның қаржы секторы халқаралық қаржы жүйесімен көбірек интеграциялаанған себепті ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда әлемдік экономиканың құбылыстарына көбірек байланған.
Сондықтан осы қаржылық дағдарыстардың алдын алып, үйлестірілген саясат жүргізу үшін 2007 жылдың аяғында Үкімет, Ұлттық банк және Қаржылық бақылау агенттігі қаржы тұрақтылығы мәселелері бойынша мемарандумға қол қойған болатын. Желтоқсан айында Ұлттық банк ақша-несие саясаттының 2008-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттарын мақұлдады. Бұл саясаттың негізгі мақсаты жылдық инфляцияны 7,9-9,9% және 2009 жылы 7,5-9,5%көлемінде ұстап тұру болып табылады.
Әлемдік экономиканың келеңсіз үрдістерінің мемлекеттің макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсіміне қысым дәрежесін азайту үшін Үкімет елдің әлеумменттік- экономикалық дамын тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар енгізіп жатыр. Бұл қатарда елбасының қатысуымен былтырғы қазан айында болған кеңесте «Қазына» қоры мен Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы 2007 және 2008 жылдардағы республикалық бюджеттен елдің ипотекалық рыногын қолдау үшін 4 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлінгенін айта кетуге болады. Басқаша айтқанда, ол тұрғын үй құрлысын қаржыландырады. Сонымен қатар, ол үлесшілердің құқын қорғауды қамтамасыз етеді.
«Салықтар және басқада міндетті төлемдер туралы» кодекс 2002 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Оның тұжырымдамасы халықты салық жүйесімен әділ қамтамасыз етуге бағытталды және оның тұрақтыллығы мен ықтималдылығы анықталған, салық салмағының барлық категориядағы салық төлеушілерге теңгерімдігі қарастырылады. Бірақ кейінгі жылдары кодекске енгізілген толып жатқан өзгерістермен толықтырулардың кесірінен ол көптеген жеңілдіктер мен преференцияларға толып кетті. Мәселен, қандай да бір мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысы оған қатысушыларға салықтың преференциялар берумен қосарланып отырды. Ерінбегендердің бәрі де Салық кодексіне сілтеме жасай отырып, өзгеруіне әйтеуір бір жеңілдіктер мен преференциялар талап етті. Соның салдарынан 170-тен артық преференциялар мен жеңілдіктер пайда болды.ал экономиканың нақты секторындағы салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен мүлдем шаршады. Шынында да, Кодексенгізілген кезден бері оған 60-тан арттық өзгерістермен толықтырулар енгізілген екен. Сондықтан Қазақстан дамуының жаңа кезеңі жаңа Салық кодексін әзірлеуді талап етті. Мен оған өзгерістермен толықтырулар жылына бір-ақ рет енгізілгені дұрыс дер едім. Жыл бойына түскен ұсыныстарды жинап және жүйелеп негіздегеннің нәтижесінде Парламентке енгізілетін жаңа заң жобасын әркім емес, депуттатардың бастамаларынан басқа экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігі ғана дайындауы керек....
Рефераттар
Толық