Мектеп кітапханашысы – ақпараттық бапкер

Кітапхана – баспа туындылары мен басқа да ақпарат көздерін қоғамдық пайдалану жолын ұйымдастыратын мәдени-ағарту ақпарат мекемесі. Мектеп кітапханалары – мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыратын орын.

Кітапханашы – көп салалы еңбек адамы. Кітапханашының жұмыс жоспары адамдармен қарым- қатынас түрі болып табылады. Кітапханашылар әрбір оқушының талабын ескеріп, жан-жақты дамуын ұйымдастырушы бірден-бір тұлға. Кітапханашы оқырманның тек кітапты алуына көмектесіп қана қоймай, сол кітапты насихаттау жұмысын да қоса міндетіне алады.

Кітапхана оқырманы –ол белгіленген құжаттарды ресми тіркеу негізінде кітапхананы пайдаланатын адам. Кітапхананың негізгі жұмысы оқырмандармен байланысты. Сондықтан оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру дегеніміздің өзі –кітапхананың кітап қорының дұрыс орналасуы, каталог, картотеканың алфавитті дұрыс орналасуы. Кітап көрмелерінің дұрыс орналасуы. Мектептегі кітапханашы маман жұмыстың күрделігіне қарамастан біліктілік деңгейімен қоса, тәжірибесін де дамытып отыруы қажет. Кітапханалық қызмет көрсету көпшілік кітапханаларға қарағанда, мектеп кітапханаларында жалғыз кітапханашы маманның қолында. Ол мектепте кітапханашы мамандығымен қоса, психолог, оқытушы, тәрбиеші, маркетолог, менеджмент, бағдарламашы сынды түрлі мамандық иелері жұмыстарын қоса атқара білуі қажет. Сонымен қатар, жаңартылған білім беру жүйесі бойынша да бағдарлама негізін мұғалімдермен бірдей біле отырып, оқушылардың қабілет-дарынын одан әрі жетілдіруге үлес қоса білуі қажет. ......
Шығармалар
Толық

Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1A VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау
7.2.2.3 көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау
7.4.1.2 көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау
7.2.1.1 түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1A VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 6.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау
6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау
6.4.1.2 көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау
6.2.1.1 түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Түркілердің әскери өнері мен қолданбалы өнерінің жетістіктерін, шаруашылығын сипаттайды.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Сарғайса да тарихтың әр парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады

Уақытпен жарысқан заманда күн жылжыған сайын, тарихта қалар таңбалы оқиғалар орын алып жатыр елімде. Әрине, азаттықтың көк туын желбіреткен Алаш елінде тек ғаламат оқиғалардың орын алуы қуантарлық жайт. Бұл – біздің түп-тамырымыз ата-бабаларымыздың арқасы.
Ал, тарихтың бетін кейін қарай парақтап, 1941 жылға тоқталсақ... 1941 жыл, 22-маусым. Бар қазаққа белгілі қасіретті оқиға болған бұл жылы. Естігенде құлаққа түрпідей тиетін, жүрекке үрей, көңілге кірбің, жанарға мұң ұялататын «соғысты» алып келген жыл еді. Бала атаулыны «әкелетіп», ана атаулыны «ұлым», «жалғызым», «жарым» деп зарлатқан жыл болды. .
..Күңіренген дала...Қоштасу...Жылау...Қимау...Сағыну...Күту...Үмітін үзбеу... Осы бір қасіреттің барлығын әрбір қазақ баласы дәмін татқан еді. Жүректі жаралаған, көңілге күдік пен сағынышты қатар алып келген сұм соғыс әр шаңыраққа өз қатігездігін танытты. Алаңсыз тірлікте қым-қуыт тіршіліктің тып-тыныш күйін кешіп жатқан халық тағдырдың тепкісіне ұшырап, ауыртпалық қамытын киді. Әлемді дүр сілкіндірген соғысты көріп сабылған халық қайда барып қорғанарын білмеді.
Бұл соғыс бар қазақстандықтың басына қасірет әкелді. Жанары жәудіреп, біреуден аяушылық күткендей жанашыры әкесін қимай-қимай алысқа аттандырған қаршадай қазақ баласының басына қасірет алып келді. Қамқоршы һәм ақылшысы, отбасының ұйытқысы болып отырған отағасынан айырылған аяулылардың басына қайғы әкелді. Әкеден қалған жалғыз тұяқ ұлынан айырылған ана жүрегіне өшпес жара салды сұм соғыс. Талай ұл-қыз осы соғыстан соң жетімдіктің салмағын арқалады.
Жүрегін үрей мен үміт тұншықтырып тұрса да, елін қорғау үшін, болашақтың жарқын болуы үшін бір мақсатты арқалап майданға аттанған елімнің қайсар ұл-қыздары-ай... Олар енді оралмасын, туған жерге қайтып табан тіремесін сезсе де елі үшін алға қадам басты.......
Шығармалар
Толық

Айдие Айдарбеков (1992 жылдың 8 қараша)

Айдие Айдарбеков - Нью-Йорк киноөнері академиясының магистранты
Шығармашылығын кітап жазудан бастап, сценарий жазумен сабақтаған Айдие Айдарбеков қазіргі уақытта бағын кино саласында сынап жүр. Күні кеше кішкентай ауылдан шыққан программист жігіт, бұл күнде киноиндустрияның жүрегі орналасқан "HOLLYWOOD" төбешігінде тұрып, Нью-Йорк киноөнері академиясының "Кино. Режиссура. Телевизия" мамандығы бойынша магистратурада білім алады. Оның ең үлкен арманы бүкіл әлем қызығатын сапалы қазақстандық кино жасау. Туған жерінен жырақта жүрсе де еліміздің кино саласының дамуына үлесін қосуда тынымсыз еңбек етіп жүрген, арманы асқақ отандасымыз - Айдие Айдарбеков.
Айдие 1992 жылдың 8 қарашасында Қарағанды облысында дүниеге келіп, Ақмола облысында, Жақсы ауданында өскен. Қарапайым ауылдың баласы 18 жасқа дейін туған ауылынан шет шықпаған. Ал шетелде небәрі 2 жыл бұрын ғана болып көрген екен.
Өзінің шығармашылық адам екендігін біле тұра, ата-анасының қалауымен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Компьютерлік жүйелер және кәсіби білім» факультетіне түсіп, бакалавр, одан кейін магистратураны аяқтап, техникалық ғылымдар магистрі атанған....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты ұсыну формалары (9 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Дүниежүзі елдері
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты ұсыну формалары
Оқу мақсаттары: 9.6.1.5 Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты түрлі мақсатты аудиториялар үшін дайындайды
Сабақтың мақсаты: Оқушылар кешенді географиялық ақпараттарды жіктеп,
Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты дайындайды.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Географиялық деректер базасын құрастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі (8 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Географиялық зерттеу әдістері
Сабақ тақырыбы: Географиялық деректер базасын құрастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.1- ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдана отырып, географиялық деректер базасын құрастырады
Сабақ мақсаттары: • ақпараттық-коммуникациялық технологияны игеру.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Қара құлып» Сайын Мұратбеков (4 сынып, I тоқсан)

Пән:Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адами құндылықтар
Сабақ тақырыбы: Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Қара құлып» Сайын Мұратбеков
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру;
4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету .
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Мәтінді күйдің үзінді нұсқасымен салыстырып, қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді.
Көптеген оқушылар: қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде түрлендіре алады.
Кейбір оқушылар: өз тұжырымдарын дәлелдей алады ......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Қорық» Б.Асубаев (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Сабақ тақырыбы: Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Қорық» Б.Асубаев
Оқу мақсаттары: 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру;
3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/фото/суреттер қолдану.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнына сәйкес иллюстрациядан ақпаратты табады және ақпаратты берілген кестеге салады және сөйлеу барысында иллюстрацияны қолдануды біледі.
Көптеген оқушылар: алған ақпараты бойынша өздерінің таңдауларын негіздейді
Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолдану себебін талқылайды, өз ойын дәлелдейді......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық