Орал тұрғыны ірі жол апатының құрбандарын ажалдан алып қалды

Орал қаласының тұрғыны Ринат Фардиев есімді азамат үш адамды ажал аузынан арашалап қалды. "Атырау-Орал" тас жолында болған жол апаты кезінде соғылған қос көліктің бірі суға батып кеткен.

Ринат дереу қимылдап, көлік ішіндегі жолаушылардың үшеуін құтқарып алды. Өкінішке орай, төртінші кісі есін жия алмастан сол арада көз жұмған. Ішкі істер департаментінің басшылығы осы батылдығы үшін Ринат Фардиевке арнайы алғыс хат тапсырды деп хабарлайды 24 арна.

Сол оқиға болған күні Ринат кешкі сағат 20:00 шамасында Атыраудан Оралға қайтып келе жатқан екен. Жолда бұзылған көлігін жөндеп жатқан Ринат екі машинаның соғылған даусын естиді. Істеп жатқан жұмысын тастай салып, жол апатына ұшырағандарға көмек көрсету үшін жанұшыра жүгіреді.

Бірақ, бір көлік бар да, екіншісі жоқ. Оның қайда кеткенін түсінбей, аңтарылып тұрып қалдым дейді ол.


"Менің ойымша ......
Жаңалықтар
Толық

2014 жылдан бастап байлыққа салық салынады

Жаңа жылда - жаңа төлем. 2014 жылдан бастап байлыққа салық салынады. Осылайша қазақстандықтар бекітілген көрсеткіштер бойынша қолда бар мүлкі үшін мемлекетке салық төлейді.

Мысалы, баспанаңыздың құны он миллион теңгеден асып жығылса, он бір мың теңге салық, оның үстіне пәтер құнының 0,25 пайызын төлейсіз. Ал үйіңіз жиырма миллионға жуықтаса 40 мың теңге салық пен пәтер құнының 0,45 пайызын мемлекетке төлеуге міндеттелесіз.

Ал элиталы пәтер үшін салық 800 мың теңгеден асып жығылмақ. Көлікке салынатын салық мөлшері де шарықтап тұр. Қозғалтқыш көлемі 3-4 мың текше сантиметрлік темір тұлпар үшін 60 мыңнан 120 мың теңгеге дейін салық төлейсіз.

Ал қозғалтқыш көлемі 4 мың текше сантиметрден жоғары көліктерге салынатын салық 240 мың теңге болмақ.

Естеріңізге салайық, мұндай салыққа қатысты заң жобасын талқылау кезінде Парламент депутаттары арасында қызу талқылау болған еді. Қозғалтқыш көлемі 3 мың текше сантиметрден асатын көліктерге салықты көтеру негізсіз деген парламентшілер, салықты біраз сын садағына алған.

"Біз бұл жобаны қабылдай алмаймыз. Себебі бұл жоба Президент бұйрығына кереғар. Салық жобасына толықтырулар енгізер кезде біз қалталы азаматтарға салмақ салуды көздедік. Демек орта тап зардап шекпеуі тиіс. Сондықтан салықты қымбат көлігі мен үйі барлар төлеуі тиіс!", - деген болатын ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Жаңалықтар
Толық

Мен - Қазақстан патриотымын

Қазақ ұлтында теңіздің жағаға толқып соққан толқындары секілді ,толқын мінезді патриот ұлдары мен қыздары бар. Олар өзінің еліне отансүйгіштік ,ұлтжандылық қасиетімен «Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі» деп халыққа қызмет етіп , отаншылдықтың, ұлтжандылықтың айнасы бола білетін азаматтар.
Қазақта ел бастаған көсем де, топ алдында....
Шығармалар
Толық

Ауруға шалдықтыратын 11 себеп

Емделгісі келетін адамнан ең алдымен аурудың пайда болу себептерімен күресуге дайын ба екенін сұра. Содан кейін ғана оған көмектесуге болады. Гиппократ

Емделмес бұрын бойыңызда пайда болған дерттің негізгі себебін.....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Қазақстан тарихы | Қорқыт Ата

Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә.Марғұланның еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы......
Рефераттар
Толық

Балабақша | Жаңа жыл (Ертегі әлемі)

Музыка ойналып, екі бала залға кіреді.
1- бала: Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Жаа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
2- бала: Ертегі әлемі
Қандай өзі әдемі,
Жасыл шырша жанында,
Барлық достар жиналды.
Кәне балақай, байқашы,
Мән беріп қарашы!
Достардың барлығы, Үлгерді ме, санашы.
Қалған балалар залға кіріп, шеңберге тұрады.

Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық