Жұмағали Саин (Жолығар кезді мен күттім)

Жолығар кезді мен күттім,
Жүректе асау тына алмай,
Жарқ еткен алдан ұмытпа,
Отырдым тілін ұға алмай...
Тым қатал сол шақ дегбірсіз,
Бар ойым: тез, тез, уақыт ет!
Тулайды жүрек, мен үнсіз,
Кешікпе, сәулем, бір минут.
Қинама ауыр ой салып,
Келер де болмай, келмес те,
Лап етті алдан бір жарық
Сөнер де болмай, сөнбес те...
Кел, кел, жаным, тезірек,
Жолығар, міне, болды шақ.
Өмірдей ыстық күлімдеп,
Бақыттай алдан жарқырап......
Өлеңдер
Толық