Жиырма сегізінші наурыз

Жиырма сегізінші наурыз сенің туылған күнің және екеуміз танысқан күн. 2007 жыл...Сенімен танысып та, махаббаттың татті дәмін сезініп те, сенен айырылып та үлгерген жыл. Өмірімдегі сынаққа түскен қиын жылдардың алғашқысы осы шығар. Аллам қатты сынады. Отбасымызда болған жәй бір есеңгіретіп, тіпті есейтіп жіберді. Ол аздай саған деген сезімім миымды жаулап алды. Бұлай құлай сүйем деп кім ойлаған. Қалай өмір сүріп жүргенімді өзімде білмеймін. Сағаттар, минуттар сені ойлаумен өтеді. Сенімен айрылысқаннан кейін қыркүйееееек, қазааааан деген айларға жету мен үшін қорқынышты еді. Бірнеше ай емес, алдымдағы бір аптаны сенсіз елестету қиын болатын. Сенің үнсіз жоғалып кеткіненің қатты соққы болып тиді. Сенімен кездеспей тұрғанда қалай жүргенмін, білмеймін. Сенімен кездескенде мүмкін өмірдің мәнін, махаббаттың тәтті дәмін сезініп қалдым ау деймін. Жүрегімдегі махаббат сезімін ояттың да, озің жоқ болып кеттің. Сені аңсап тұратын болдым.
Сонда да пенде болған соң өз өміріңді сүресің. Сабақ. Үй. Достар. Бәрі орнымен жүріп жатты. Білесіңбе соның бәрі ненің арқасы. Жүрегімнің түбінде сенімен қайта қосылатыныма үміт бар. Өйткені сенсіз өмір сүре алмайтындаймын. Ол үмітсіз тіптен өмір сүре алмаймын. Кундер өткен сайын, уақыт өткен сайын менің бекер үміттеніп жүргенімнің белгісі еді. Сонда да үмітсіз-шайтан.
Солай сабақ бітті. Жазғы каникул. Үйдемін. Бәрі жұмыста. Күні бойы үйде жалғызбын. Ең сорақысы осы екенғой. Ой жеп жібереді. Сағынамын. Екеуміз қыдырған парктің жанынан өту тіпті азап. Жүрегім шымырлап кететін. Ой айта берсем........
Сосын күнделік жазуды бастадым. Жаза беретінмін. Жаза беретінмін......
Махаббат хикаялары
Толық

Қалижан Бекқожин (Жиырма сегіз)

Қараңғы түн, қалың орман,
Алай-түлей қар бораған.
Долы дүлей, долы боран
Кекті жапқан, жерді ораған.
Өршелене соқты боран,
Орман шулап тартты қобыз.
Қарды қуып құйындаған,
Келе жатыр жиырма тоғыз.
Әлдеқайда жау жасағы,
Көрінбейді боран басып.
Орыс қысы ән салады,—
Немістерге аран ашып. .....
Өлеңдер
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы