31 қазанда алып астероид айға соғылуы мүмкін

Бұл алып ғарыш денесі абырой болғанда, біздің ғаламшардан алыс траектория бойынша ұшуда. Оның жер серігімен қатығысу мүмкіндігі бар, деп жазады британдық БАҚ, ғалымдардан алған ақпаратқа сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық

Қыз жасауын жинау

Қазіргі заманда қыздың жасауына үлкен мән беріледі. Заман өзгергенімен де салт-дәстүріміз сол күйінде сақталып келеді. Қазіргі күні салт-дәстүрге көп мән беріліп келеді. Егемендік алғалы өз салт-дәстүрімізді қайтадан ұстанып келеміз. Ұзатылар қыздың ең басты көрсеткіші ол — жасауы. Сондықтан есі бар қыз әрқашанда өз жасауын өзі жинақтауы керек.

Себебі, жасау 1- ден қыздың көрсеткіші, 2- ден көп шығынды талап ететін басты мәселе. Қазақта айтады: «6 жастан жинасаң артылады, 7 жастан жинасаң жетеді» деп, сондықтан мен үйленгенше қайда....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Тойға кеңес: Тойхана, Құдалық, Көрпе-төсек, Ұзату той

Той дегенде көпшілігіміздің құлағымыз елең ете қалады. Тойшыл халықпыз, бір күндік тойымыз кем дегенде бір аптаға созылып кететін кездер де бар. Ақзеренің блогындағы тойға қатысты жазбаны оқып, өзімнің той жайлы білетіндерімді осында жазсам деп едім.

Маслихат (кеңес), басқаларды білмедім, біздің әулетте үлкен жиын боларда міндетті түрде жақын ағайын-туыстарды шақырып....
Кеңестер | Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Ғибратты әңгіме: Бауыржан ағаға барғанда

Сағат таңғы он жарым. Есікті Жәмила жеңгей ашты.
- Кел, қарағым.
Аяқкиімімді шешкелі босаға маңында бөгеліңкіреп қалдым. Жеңгей ұйықтайтын бөлмеге еніп: «Келген Мамытбек қой», - деді.
- Мамытб-е-ек! – деген іштен Бауыржан ағаның біртүрлі көңілді, жылы, сағынышты, әрі еркелеткен дауысы естілді. Аяқкиімімді шешіп, ұйықтайтын бөлмеге ендім.
- Ассалаумағаликум, аға!
- Уағалайкумсалам. – Баукең созған қолымды күлімсірей алды.
- Кел, қарағым, мына жерге отыр. Залға баруға әлі ерте. Дастархан жасағанша босқа күтіп қаламыз.
Мен үйреншікті орныма тез жайғастым.
- Денсаулығыңыз қалай, аға?
- Онша мақтарлық емес. Терлей берем. Терлегенді жек көретін кісі едім, төзбеске амал жоқ. Тіпті қатын үрейленсе керек, бір-екі рет жәрдем шақыра да жаздады. Мен ырық бермедім. Шақырса, емдейміз деп алып....
Әңгімелер
Толық

Қыздарға кеңес: Ер азаматтарға туған күніне берілетін сыйлықтар түрі

Ер –азаматтар бізге сыйлық сыйлағаны секілді, қыз-келіншектер де оларға сыйлық тарту етеді. Бір қарағанда ер-азаматтарға сыйлық алу оқай секілді болып көрінгенмен, таңдап кеп қалғанда кейде тығырыққа тірелетін кездер де болып қалады.
Сыйлық сыйлауды ойланғанда алдымен неден қашу керек?
Мұнда да бірінші үй жануарларынан, әсіресе мысық сыйлаудан. Ер адамдар үй жұмысын жақтыра бермейтіндіктен үй жануарларының жауапкершілігін мойнына алуға мүлде қарсы болуы мүмкін.
2-інші, жұмсақ ойыншықтардан. Ерекше сыйлық ретінде ұсынамын деп, өзін қыз секілді сезінген ер-азаматтың көңіл-күін бұзып, артық қыламын деп тыртық.....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Ерлерге кеңес: Әйел адамдарға туған күніне сыйланатын сыйлық түрі

Туған күн кешіне барарда ең бірінші ойымызға «нендей сыйлық алып барамын», «не киіп барамын» деген секілді ойлар келеді. Туған күн иесіне не ұнайтынын еске түсіре бастаймыз. Кей кезде таңдау жасай алмай қиналып қалатын да кездеріміз болады.

Әйел заты сыйлық алғанды өте жақсы көреді. Сыйлық сыйлана қалса, маған деген ықыласы, шын көңіл бөлуі деп түсінеді. Сондықтан да қыз-келіншектерге сыйлық аларда мағыналы, белгілі бір жақсы ниетті.....
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер
Толық