Қырман қызып, қамбаға астық құйыла бастаған шақ еді. Бала-шағаға дейін қырман қызығында жүретін-ді. Ерсілі-қарсылы егіз арбалар қырман мен егістік арасын ақшаңдақ жолға айналдырды. Аумағы алты қанат үш үйдің орнындай қырманда алты түйе шырқ көбелек айналады. Жас сабан сары түйедей әп-сәтте үйіліп.....
Әкеміз үш ағайынды кісі болатын. Өздері сондай ұйымшыл, аз ғана шаруаларын ортақ ұстап, біріне-бірі үнемі жалғасып отыратын еді. Сондықтан өз малдарын өздері бағып, біріне-бірі үлкен, кішілік етпейтін. Мал түлігі болғаннан бастап, жазда аз ғана жылқыны бағу, қыста түйе, сиыр сияқты ірі қараны өріске шығарып, кешке қораға.....
Май жұлдызының бас кезі. Жердің беті кілемнің түріндей жап-жасыл, таң атып, күн шығып келе жатыр. Таңертеңгі түскен шықтың тамшысы қызарып шығып келе жатқан күннің сәулесіне шағылысып, өсімдіктердің басы күмістей жылт-жылт етеді. Қалың тоғайдың арасынан ирек-ирек болып аққан жіңішке өзеннің үстінен көтерілген......
Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болыпты. Ағаш басындағы бал арасына тамсанып, аузынан сілекейі шұбырып, оны жегісі келіпті. Аю ағаш басына өрмелеп.....
Қырғызстанда жігіт бойжеткенді кафеге тамақтануға шақырып, 10 мың сом (45 мың теңге) тамақ ақысын төлеместен қашып кеткен. Бұл туралы Бішкек ҚІІБ-ның баспасөз хатшысы хабарлады деп жазады Stan.kz.
Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін, Ермек үшін, немесе өлмеу үшін. Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын, Жаралы жүректерді емдеу үшін. Ермек үшін белгілі жырламасым, Ермек десе, ел мейлі......
Қазақстандық Jokeasses жобасының авторлары Алматыдағы ірі сауда орындарының бірінде тұрғындардың мемлекеттік тілді қаншалықты білетіндігін анықтап көрмек болды деп жазады Skifnews.kz.
Шымкенттегі Қырғы базардағы Бақытжан есімді саудагер өзінің тың идеясымен ұтымды сауда жасап жүр. Темір-терсек бөлімінде нәпақасын тауып жүрген азамат өз тауарларының жарнамасын жұрттың назарын алатындай етіп қатырып жасаған.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, белгілі жазушы Нұрғожа Ораз 84 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.