Семей ядролық полигоны

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн-ға жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.
Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.
Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.
Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлумет қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. ....
Рефераттар
Толық

Семей полигоны туралы жалпы түсінік

Тәуелсіз өз қолымызға тигесін қыруар “проблемалар нөсерінің” астында қалғанымыз белгілі. Солардың нағыз проблема тудырып отырғандардың бірі-экология тақырыбы. Адамдардың кінәсінен қоршаған ортаға талай қиянат жасалынып келеді. Олардың зардаптары әлемге әйгілі. Осы әлемге әйгілі зардаптың бірі “Семей полигоны” болып отыр.
Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшілік назарында болды. Шын мәнінде қазақ даласының 19млн.Га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған т.б. полигондары алып жатқан әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949-1989 ж.ж аралығында болған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада, 183-і жер бетінде қалғаны жер астында жасалды. Енді Семей қаласындағы полигонға тоқталсақ. Семей талай жыл қазақ мәдениетінің орталығы болғанымен қазір күннен-күнге семіп, азып-тозып барады. Радиациядан зардап шеккен қайсыбір аудан тұрғындары Семейге ағыла көшіп кеп жан сауғалауда. Қымбатта болса да дәрі-дәрмектерді жұрт Семейден іздейді. Оған халі жетпей, аудандарда ит өлместің күнін кешкендердің саныда біршама баршылық.
Тағы бір ашындыратын жәй, облыстық экология және табиғи ресурстар басқармасының Өскеменге ауысып, ал Семей облысының экология басқармасының игі жұмыс бағдарламалары, ұзақ жылғы ізденістерінің бүгінде ешкімге ешқандай қажет болмай, аяқсыз қалғандығы. Бұл жер кешегі әскери-өнеркәсіптік кешенннің орталығы, атомның уын қақалғанша жұтқаны белгілі. Сондықтан экологиялық жағдай Өскеменнен гөрі Семейде аса өткір сезіледі. Облыстар біріктірілгенмен ондағы құрылымдардың қажетілігіне ешқандай талдау, сұрыптау болмады.Бәрі де құр дабырамен жүргізілді.
Біздің ойымызша 40 жылғы ядролық полгонның орталығы болған жерде толыққанды экологиялық басқарма болғаны жөн. Және ол Шығыс қазақстан облыстық экологиясының Семейдегі бөлімі болса да оның дұрыс жұмыс жасауына барлық жағдайды жасау керек. Алғаш рет Семейде 1949 жылдың 29 тамыз күні ауада атом бомбасы жарылып, бұл жер-көкті күңірентті. Мен ол кезде 12 жаста едім. Зәре-құтымыз қалған жоқ. Ал 1950-ші жылы бұл жерде сутегі бомбасы сыналды. Бұл бомба сыналған кезде бомба жасаушылар жер астында қазылған үңгірге тығылып, бақылап жатты. Сол жерлерді кейін көргенімде жердің беті диаметрі 35 километр мөлшерде күлге айналыпты. Не бір өскен өсімдік жоқ, тіпті бір түйір құмырсқа, қоңыз да жоқ сұмдық көрініс болды. Аттасаң табаныңның астынан қатты қабыршықтар бырт-бырт сынады. Әскерилер “Семей қаласына ешқандай зақым келген жоқ” деген желеу қоса айтылады. ....
Рефераттар
Толық

Саясаттанудың зерттейтін мәселесі

Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен рөлі, өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады. Ол өзінше күрделі ғылым. Өйткені, оның дербес ғылым ретінде зерттейтін пәні және оның ауқымы туралы мәселелерде осы күнге дейін ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, кей ғалымдар оны философияның бір саласы деп есептесе, екіншілері заң ғылымының, үшіншілері тарихтың, төртіншілері социологияның саласы деп айтуда. Бірақ, бұған қарамастан саясаттану ғылымы дүниежүзілік ғылыми сахнада академиялық пән ретінде, ғылым ретінде қалыптасып, кең өріс алуда. Сондықтан саясаттанудың өзі зерттейтін мәселесі, пәні бар дербес ғылым.

Саясаттанудың қалыптасуы эволюциясы саяси-ғылыми әдебиеттерде 3 кезеңге бөлінген: философиялық, эмпирикалық және эмпирикалық көзқарастарды сынау кезеңі немесе қазіргі түсініктегі саясаттанудың дербес ғылым ретінде қалыптасу кезеңі.
1. Философиялық кезең жуықтап айтқанда Аристотельден бастап, Америкадағы азамат соғысына дейінгі кезең (1861-1865)
2. Сол азамат соғысынан бастап екінші дүниежүзілік соғысы аралығын қамтиды.
3. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақыттан бүгінге дейінгі мерзем.

Шамамен алғанда 19-ғасырдың екінші жартысынан бастап саясаттану дербес ғылым ретінде, академиялық пән ретінде қалыптаса бастады.
1857 жылы АҚШ-тағы Колумбия колледжінде Фрэнсис Либер тарих және саяси ғылым кафедрасын ашады. 1880 жылы осы колледжде алғашқы саяси ғылым мектебі ұйымдастырылды.....
Рефераттар
Толық

Пейзаж жанрының шығу тарихы

Адамның табиғатқа деген махаббаты әрине шексіз.
Қылқалам шеберлері, ақын – сазгерлер, әншілер әрқашанда табиғатқа деген сезімдерін өлең, ән, сурет, мүсін және би арқылы жеткізуге тырысқан. Өнер - өмір, ізгілік пен әсемдік бұлағы. Өнер -өмір көрінісі, ол халық ескерткіші. Өнер адамзат өмірінде, тарихында үлкен роль атқаратын өрісі кең, ұшы – қиыры жоқ, қиын да қызықты жол. Ол шынайы талант, шындықты, шыдамдылық пен табандылықты, ақыл мен парасатты, терең ой мен көркемділік, сұлулықты талап етеді. Өнер туындысы болып есептелетін барлық тарихи ескерткіштер мен классикалық шығармалар туындыларын көргенде, біз оның тек әдемілігіне ғана қызығып қоймай, оның мазмұнына мән бере отырып, ұрпаққа қалдырылған рухани байлықты көреміз. Өнердің қоғамдық тәрбиелік мәнін жан жақты түсіну үшін – оның әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсіну шарт. Сондықтан біз халық өнерін айнала қоршаған әдемілікті, сұлулықты жете түсініп, сүйуіміз керек, өнердің тылсым ғажайып сырларын ашып, оны үйренуіміз қажет.
Нағыз суретші ауыл табиғатын жазған сайын, оның Отанға, еліне деген сүйіспеншілігі арта түседі. Адамзат өмірінде «өнер» атауы саналылығымен, көркемдік ойлаумен ерекшеленеді. Адамзат өмірінде өнер деген жалпы ұғым болса, ал «көркем өнер» атауы өнерден рухани, эстетикалық көркемдік пен жоғары мәдениетті талап етеді.
Өнердің сан алуан түрі бар. Олардың барлығы халыққа қызмет етеді. Өнерді бағалаушы да, қолдаушы да, жасаушы да, жоюшы да - халықтың өзі.
Өнер - бұл көне заманнан келе жатыр, ол адамзат қоғамының алғашқы құрылыс дәуірінен басталған. Испаниядағы аты әлемге айналған Альтамира үңгірінде салынған хайуанаттар суреттерінен бастап, қылқалам шебері Пикассо Сезан туындыларына дейін өнер тарихы күрделі де қиын кезеңдерді артта қалдырған.
Келе - келе сурет өнерінің дамуының арқасында сәулет, мусін, живопись кескіндеме өмірге келді.
Адамдар сәулетті сарайлар, қалалар, ірі қорғаныс құралдарын салды, ғажайып мүсіндер тұрғызды. Біздің эрамызға дейінгі I-VI ғасырларда кеңінен дамыды. Осы кезеңдерде адам жасаған ұлы өнер туындылары бірінен кейін бірі өмірге келіп жатты. ....
Рефераттар
Толық

Радикалдық сополимерлену Алфрей-Прайстың «Q – e» сызбанұсқасы

Сополимерлену деп екі немесе одан да көп мономерлердің бірге полимерленуін айтады. Ол тәжірибе жүзінде өте көп қолданылады. Сополимерлену нәтижесінде әр түрлі қасиеттері бар полимерлер алуға болады. Мысал ретінде бутадиен мен стиролды соплимерлеу реакциясын келтірейік:
nCH2=СН-CH=CH2+mCH2=CH=>[-CH2-CH=CH-CH2-]n-[-CH2-CH-]m

C6H5 C6H5

Реакция нәтижесінде бутадиен-стирол каучугі алынады.
Радикалдық сополимерлену үшін жоғарыда қаралған барлық заңдылықтар тән. Бірақ бірнеше мономерлердің қатысуы реакция сатыларын қиындатады. Екі мономердің сополимерленуін қарайық. өсетін радикалдардың активтігі тек соңғы буынның табиғатымен анықталады деп ұйғарып, сополимерлену құрамының теңдеуін шығару үшін төрт қарапайым өсу реакцияларын ескереміз:

Өсу реакциялары Өсу реакцияларының
жылдамдықтары
М1●+М1=>М1● V=k11[М1●][ М1]
М1●+М2=>М2● V=k12[М1●][ М2]
М2●+ М2=>М1● V=k21[М2●][ М1]
М2●+М2=>М2● V=k22[М2●][ М2]

мұнда Мi- і-типті мономер, Мі●-Мі буынымен аяқталатын макрорадикал, kji-Мі мономерінің Мj● радикалына қосылу реакциясының жылдамдық константасы.
Сополимерленген кезде мономерлердің реакцияға түсу жылдамдықтары мына теңдеулерімен сипатталады:
[М1●][ М1]+ k21[М2●][ М1] (1)

[М2●][ М2]+ k12[М1●][ М2] (2)
Екі теңдеуді бір-біріне бөлсе осы реакция жылдамдықтарының қатынасы шығады:

(3)
Сополимерлену кезінде жүйеде квазистанциор күй туады, яғни әр түрлі активті орталықтардың концентрациясын тұрақтайды. Квазистанциор күйдің шарты:
k12[М1●][ М2] = k21[М2●][ М1] (4)
осыдан
[М1●]= [ М2●] (5)
[М1●] мәнін (3) теңдеуіне қойып және де оның алымы мен бөлімін k12 k21 көбейтіп, кейбір жеңілдіктер жасағанда ол мынадай түрге келеді:

(6)
мұндағы r1=k11/k12 , r2=k22/k21 , r1, r2 , шамалары мономерлердің салыстырмалы активтігі не сополимерлену константалары деп аталады.
Олар радикалға «өз» және «бөтен» мономерлердің қосылу реакция жылдамдықтарының қатынасын көрсетеді. r1 және r2 мәндері реакйияға түсетін мономерлердің табиғатына байланысты. (6) теңдеуі сополимерлер құрамның дифференциалдық теңдеу деп аталады. Бұл теңдеу r1 және r2 константаларын анықтау үшін мономерлердің сополимерге түрлену дәрежесі 5-7% аспайтын, полимерленудің бастапқы сатысында қолданылады. Мұндай жағдайда [M1]/[M2] қатынасы тұрақты, ал сол мезгілдегі лездік қатынас:

болса сополимер құрамының теңдеуі мына түрге ауысады.
(7)
мұндағы [m1] және [m2] мономерлер буындарының макромолекуладағы концентрациясы. ....
Рефераттар
Толық

РЕСЕЙ БИЛІГІНЕ ӨТУ

Қазақтардың сыртқы саяси жағдайының күрделілігі одан аман шығудың жолдарын іздестіре беруге түрткі болды. 1726ж. Кіші жүз ханы Әбілқайыр, ағамандар Сүгір, Едікбай, Қажыбай, Құлымбай және басқалары Ресейден кіші жүз қазақтары үшін “қорғаушылық сұрауға“ елші Қойбағарды жөнелтті. Бірақ оның бұл сапары нәтижесіз қалды. Әйтсе де Әбілқайыр өзінің көздеген мақсатын аяқсыз тастамай, 1730ж. қыркүйекте Уфа арқылы Петербургке орыс әйел императоры Анна Иоанновнаға өздерінің бодандыққа және қорғаушылыққа алуды сұраған өтінішін хатпен жолдап әрі ауызекі де айтуды тапсырып, қайтадан елшілік жіберді. 1731 ж. 19 ақпанында бодандығына қабылдайтыны жөніндегі сенім грамотасына қол қойды. Тиісті ант қабылдау үшін Қазақстанға Әбілқайыр ханға тапсырылатын грамотамен Сыртқы істер комиссиясының тілмәші А.И.Тевкелев бастаған елшілер жіберілді.
Әбілқайырдың сендіруіне иек артып, Петербургтегілер, Ресей азаматтығына өтуді Кіші жүздің барлық сұлтандары мен ағамандары қалайтын болар деп шешті. Алайда, 1731ж. қазанда Тевкелев Ырғыз өзенінің бойындағы Әбілқайырдың ақ ордасына келгенде Ресей азаматтығын қабылдау мәселесі бойынша феодалдық ақсүйектердің арасында айтарлықтай алауыздық бар екендігі анықталды. Барақ Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шаралардың аяқсыз қалуына тырысқанымен, бұл қарсылық әрекеттері сәтсіз аяқталды. Сонымен, 1731ж. 10-қазанда қазақ ағамандары жиналысының едәуірі шешімнің қабылдануы үшін дауыс берді.
Орта және Ұлы жүздер Ресейге кейінірек қосылғанымен, Әбілқайыр хан патша өкіметіне өтініш білдіргенде бүкіл қазақ халқы атынан сөз салған-ды. Мұның өзі жоңғарларды сөзсіз тоқтатты және оларды орыс-қазақ қатынастарының, оның әрі дамып бара жатқанына қорқынышпен қарауға мәжбүр етті. Ресей әйел императорының жарлығында сол кезде-ақ ресми түрде азаматтығын алған қазақтарды мазасыз көршілерінің жауластық әрекеттерінен сақтайтындығына кепілдік беретін пункттер болды: “егер Сіздерге, қайсақтарға (қазақтарға) жаулар шабуылдайтын болса, онда Сіздер олардан біздің күшімізбен қорғанасыздар”.
Кіші жүздің Ресей азаматтығын алуының дұрыстық негізін теріске шығармасақ та, Әбілқайырдың Ресей әкімшілігіне сүйеніп, өзінің саяси қарсыластарының позициясын әлсіретуге, жеке билік жүргізу үшін күресте өзінің потенциалды бақталастарынан асып түсуге үміт артқан пайдакүнемдік мүддесін назардан тыс қалдырмаған жөн. Бұл мәселеде орыс тарихнамасында да бірыңғай пікір болған жоқ. М.Макшеев А.И.Добросмыслов, И.Завалишин, В.Н.Витебский, И.И.Крафт бодандық туралы келіссөздер жүргізу және құжатқа қол қою барысындағы Әбілқайырдың іс-әрекеттерін тұтасынан ақтады.....
Рефераттар
Толық

Ресей ғалымдарының шығыс ойшылдарын зерттеуі

Орта Азия мен Қазақстан халқының ежелгі мәдени мұраларын зерттеу ісі ХІХ ғ. ІІ жартысынан басталған болатын. Прогрессивтік бағыттағы орыс ғалымдары орта Азия мен Қазақстан халқының тарихын зерттеуге, оған ғылыми негізде бағалауға ерекше көңіл бөлді. М.: А.А.Бартольд, А.А.Радлов, Б.В.Григорьев, К.А.Иностранцев және басқа орыстың шығысты зерттеуші ғалымдары Орта Азияның ежелгі тарихы туралы жазылған ескі араб, парсы, қытай, армян тілдеріндегі әдебиеттерді тауып зерттеді.
1890 жылы және 1896 жылы В.А.Жуковский ескі Мерв қаласының орнын қазып зерттеді. В.Л.Вяткин 1903 жылы Ұлықбектің Самарқандтағы обсерваториясының орнын тапты. Ұлы Октябрь революциясына дейін орта Азиядағы археологиялық жұмыстардың нәтижесі мардымды болмады. Өйткені патша өкіметі жылдарында ғана археологтардың ескі Хорезм, көне Үргеніш, Соғд, Мерв маңайынан тапқан тарихи ескерткіштері Орта Азияның ұмытылған тарихын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Ғалымдар Г.Г.Григорьев, Массон, С.Толстов, А.Якубовский, И.Юшкеевич, Я.Гулямов бастаған археологиялық эксперименттер көптеген жаңа материалдар тапты. А.Ю. Якубовскийдің айтуына қарағанда Соғдының жоғары мәдениеті, бай бейнелеу өнері араб шабуылы салдарынан жойылып кетті немесе одан әрі дамымай тоқтап қалды. Ю.Рушка ІХ-Х ғғ. өз еңбектерін араб тілінде жазған математиктер мен астрономдарды зерттей келіп, олардың түгелдей дерлік Хорасан, Трансоксания, Бактрия және Ферғана жерінің тұрғындары екенін атап көрсетеді. Сол сияқты акдемик В.В.Бартольд: «Бағдад қаласында мұсылман елдерінің көптеген әдебиеттері мен ғалымдары болған. Бірақ олардың басым көпшілігі Таяу Шығыс және Орта Азиядан еді» деп жазды.
Ж.Баласағұнның шығармашылығын зерттеуде орыстың шығыстанушы ғалымдары В.В.Бартольд пен Малов, белгілі кеңес тарихшысы мен әдебиеттанушы ғалым Е.Э.Бертельс пен А.Н.Самойлович, А.Н.Кононов,Радлов және басқалары ойдағыдай нәтижеге жетті. Поэманы ғылыми негізінде В.В.Радлов 1891-1910 жж. Түп-нұсқаны аудармамен салыстыра отырып, зерттеп шықты. 1884 ж. Радлов Венадан шығарманың көшірмесін сұрайды. 1890 ж. Каирлық жазудың нақты мазмұны беріледі. 1897 ж. ғалым өзінің транскрипциясын жазып және «Құдатғу білікті» аударуды бастайды. Бірақ дәл сол жылы каирлық кітапханадан табылған жаңа шығармаға байланысты зерттеу тоқтатылады. 1897 ж . немістің араб зерттеушісі Эдуард Зохау Радловқа каир кітапханасының директоры тапқан шағырманың бір бөлігінің көшірмесін жібереді. Бұл профессор Бернгард Мориц болады. Кітапхананың тәртібі бойынша Санк-Петербургке шығарманы жіберуге болмады, сондықтан шығарманың көшірмесін түсіруді Бернгард Мориц ұсынды. 1910 ж. толық зерттеліп болды.....
Рефераттар
Толық

Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар (XIX ғасырдың екінші жартысы)

Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы меи дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың үлесіне тиді. Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әр түрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды. Геогра-фиялық идеядағы бағыт географ-ғалым әрі әлеуметтанушы Лев Ильич Мечниковтың (1838-1888) еңбектерінде анық байқалды. Л. И. Мечниковтың әлеуметтану теориясы тұрғысынан қарастырған мәселелері оның «Өркениет және ұлы тарихи өзендер» деген ірі еңбегінде баяндалды. Социал-дарвинизмнің әлеуметтік заңдылықтарды механикалық тіршілік үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып, зерттеуші әлеуметтануды нақты ғылыми пәнге айналдыруды көздеді. Ол үшін, оның пікірі бойынша, қоғамдық өмірдің шынайы ерекшелікті заңдарын тұжырымдау, сонымен қатар әлеуметтік прогресс белгі-өлшемдерін барынша мұқияттылықпен анықтау қажет болды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлап, Л. И. Мечников қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатынын атап көрсетті.
Биологияның зерттейтін құбылысы жан-жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету жағдайынан тұратын болса, әлеуметтануды тек ынтымақтастық және күштерді біріктірудің көрінісі, яғни табиғаттағы кооперация факторлары қызықтырады.
Әлеуметтануды дүниедегі бір клеткалыдан бастап, адамдардың өндіріс-тік кооперацияларына дейінгі ынтымақтастықтың бүкіл құбылыстарын қамтыған ғылым ретінде анықтап, Л. И. Мечников қоғам мен биологиялық организм арасындағы өнімдер ұқсастығын пайдалануға бағыт ұстады, сонымен қатар ол қарапайым биологиялық редукционизмді жоққа шығарды.
Қоғамдық прогресс идеясы Л. И. Мечниковтың әлеуметтану тұжы-рымдамаларында маңызды-орынға ие болды. Оның пікірінше, прогресс идеясы болмайынша адамзат тарихы тек оқиғалардың мағынасыз қоймасы болып қалады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану міндеттеріне прогресс неден тұрады, қоғамның алға қарай дамуын қандай нақты белгі-өлшемдермен анықтап білуге болады деген мәселелерді қойды. ....
Рефераттар
Толық

Ресей Федерациясының тарихы

Ресей мемлекетінің тарихы Шығыс Еуропа жазығын б.з.б. І м.ж. солтүстік және орталық бөліктерін славян тайпаларының қоныстануынан бастау алады. Халықтардың Ұлы Қоныс аударуына дейін кеген олар көбіне аңшылық, балық аулау, егіншілік, далалы аймақтарда мал шаруашылығымен айналысты. Қарастеңіз жағалауларында б.з.б. ҮІ-Ү ғасырларда грек коллониялары орналасып, кейіннен олардан: Скиф патшалығы, Боспор патшалығы қлыптасты. 552-745 жылдар аралығында Ресей территориясының көп бөлігі көшпелі тайпалар одағы – Түрік қағанатына қарасты болды. ҮІІ-Х ғасырларда Төменгі Поволжье, Солтүстік Кавказ, Приазовьеде Хазар Қағанаты құрылады. ҮІІІ ғасырдың басында (926) Примор өлкесінің оңтүстігі Бохай мемлекетінің құрамына енді. ....
Рефераттар
Толық

Ресейдің негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштері

Ресей Федерациясының соңғы жылдарда макроэкономикалық көрсеткіштеріне қысқаша шолу жасайтын болсақ, нақты 2002 жылғы қаржылық көрсеткіштері төмендегідей болады:
Халық саны – 145,2 млн адам.
Жұмыссыздар саны – 6153 мың адам.
Халықтың ақшалай табыстары (орташа жан басына шаққанда бір айға) – 3949,8 рубль.
Экономика саласында еңбекпен қамтылғандардың жылдық орташа саны – 65359 мың адам.
Жалпы ішкі өнімі
Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) – 10863,4 млрд рубль
Жалпы ішкі өнімі жан басына шаққанда – 75497,0 рубль
Өнеркәсіптік өнім көлемі – 6867,9 млрд рубль
Негізгі капиталға күрделі салымдар – 1758,7 млн рубль
Бюджет табыстары – 3519,2 млрд рубль
Бюджет шығындары – 3422,2 млрд рубль
Экспорт – 106154,3 млн доллар
Импорт – 461230 млн доллар

Ал күрделі салымдар мәселесі бойынша Ресей бірнеше ірі дамыған мемлекеттермен тығызбайланысты. Төмендегі кестедегі көрсеткіштер арқылы 2001 – 2002 жылдар аралығындағы Ресейге салынған күрделі салымдар мен инвестор мемлекеттері көрсетілген.
Ресейге құйылған шет елдік күрделі салымдар көлемі
2001 2002
АҚШ–ң млн
долл.
%
АҚШ–ң млн
долл.
%

Барлық күрделі салымда 14258
100 19780
100

Германия 1237
8,7
4001
20,2

Кипр 2331
16,3
2327
11,8

Ұлыбритания 1553 10,9 2271 11,5
Швейцария 1341 9,4 1349 6,8
Франция 1201 8,4 1184 6,0
Нидерланды 1249 8,8 1168 5,9
АҚШ 1604 11,2 1133 5,7
Жапония 408 2,9 441 2,2
Австрия 423 3,0 376 1,9
Швеция 72 0,5 139 0,7
Басқа да елдер 2839 19,9 5391 27,3
Ал ендігі жерде осы шетелдік күрделі салымдардың экономика саласындағы таралған бағыттары төмендегідей жағдайда. ....
Рефераттар
Толық