Егер Сіз ұлтқа, жынысқа, дінге бөлушіліктің құрбаны болсаңыз не істеу керек?

Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметтік мемлекет деп біледі, оның ең басты құндылығы – адам, оның өмірі, құқығы және еркіндіктері. ҚР азаматының конституциялық және басқа да құқықтары мен еркіндіктеріне қарсы қылмыс жасау заң алдындағы жауапкершілікпен қарастырылған.
Кеңестер
Толық

Жұмағұлов білім саласындағы бірнеше көкейтесті мәселені атады

Жақында мектеп оқушыларының біліміне жүргізілген ұлттық мониторинг біраз кемшіліктерді анықтады. Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясының пленарлық мәжілісінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты
Жаңалықтар
Толық

Ресей Байқоңырдағы жағдайды реттемейінше зымыран ұшыра алмайды

Протон-М зымыран тасығышы құлаған аумақта гептил деңгейі айтарлықтай төмендеген. Оның салдарын жою бойынша үкіметтік комиссияның төрағасы, қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Қызылорда өңіріне жұмыс сапарымен жетті.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Жақында өткен апаттың орны толмай жатып, Роскосмос Байқоңырдан тағы бір протон ұшырмаққа бекініпті деген ақпарат тараған болатын. Алайда министр жуырдағы апатқа қатысты мәселелерді шешіп алмайынша, бұған жол бермейміз деп отыр.

Қызылорда өңіріне тараған гептил мөлшерінің әлдеқайда азайғаны не керек. "Роскосмос" өткен апаттың табы басылмай жатып Байқоңырдан тағы бір протонын ұшырады деген ақпарат желдей есті.

Қызылорда өлкесін гептилден залалсыздандыру мәліметтері жарияланған комиссия отырысында осы талқыланды. Ресей тарабы қыркүйектің 15-інде зымыран тасығышын ұшырмаққа дайын екендігін тамыздың жетісінде жариялаған болатын. 

"Роскосмос" төрағасымен кездескен қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров "жағдайды реттемесеңдер тіпті зымыран ұшыруға рұхсат бермейміз", - деп  ескерту жасады.

Жаңалықтар
Толық

7 Мамыр - Отан қорғаушы күні

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы....
Шығармалар
Толық