Құқық | Заңды тұлғалардың негізгі түрлері

«Меншік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады»(ҚР АК 33-бабы).
Заңды тұлғалардың жоғарыда аталған белгілерін қарастырсақ. Оқшау мүлік – шаруашылық қатынастарына дербес түсуі үшін ұйымның тек қана басқа ұйымдардың ғана емес, сондай – ақ мемлекеттің мүлкінен де оқшау мүлкі болуы керек.
Азаматтық айналымда өз атынан сөйлеу қабілеті – бұл өз атынан азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болу, талапкер және жауапкер ретінде жауап беру мүмкіндігі, бұл – ұйымдық құқық субъектісі – заңды тұлғаның мойындауының заңды салдары болып табылады.
Заңды тұлғаның өз міндеттемелері бойынша дербес мүліктік жауапкершілігі – оның оқшау мүлкінің салдары. Атап айтқанда, кәсіпорын өзіне тиесілі барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Меншік иесіне оның мүлкіне міндеттемесі бойынша кәсіпорынның жауапкершілігі болмайды. ....
Рефераттар
Толық

Физиология | Нәпсілік қатынас және денсаулық

Дені сау адамдардың денсаулығы туралы ғылым – ВАЛЕОЛОГИЯ жөнінде сөз қозғағанда жалпы денсаулықтың сондай маңызды бөлігі - өрбіту саулығын (репродуктивтік өрбіту, көбейту) тыс қалдыру мүмкін емес.
БДҰ (ВОЗ) анықтамасымен өрбіту саулығы – бұл кәдімгі табиғи ақыл-ой қуаттың бар кезде дені сау ұрпақ тудыру, өрбіту үрдісін жүзеге асыру. Өрбіту саулығы – бұл отбасы, біздің қоғамымыздың негізі. Ол өрбітер кезеңдегі денсаулық қалпын көрсетіп қана қоймай (әйелдерде 15-тен – 45-ке дейін, ерлерде 13-тен 55-ке дейін), сонымен қатар балалық шақтағы, бозбала кезде-гі, өрбіту кезеңінен кейінгі тұстағы денсаулықты да айна қатесіз білдіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында:”Отбасы, аналық және балалық шақ қоғам мен мемлекет қамқорлығында” деп жарияланған.
Өрбіту саулығы, біріншіден - өмір салтына, ішіп-жер тамағына, сәби, бала және бозбала кезіндегі денсаулығына, экологияға, нәсіл-тегіне, өрбіту денсаулығын қорғау орнының (мектеп, отбасын жоспарлау орындары, денсаулық сақтау орталықтары, бала тудыратын үй т.б.) қызметін пайдалануға байланысты. ....
Рефераттар
Толық

Физиология | Жыныс генетикасы

Жынысты анықтаудың генетикалық механизмі. Табиғатта кездесетін көптеген тірі организмдердің арасындағы аталықтары мен аналықтарының ара қатынасы шамамен тең, яғни 1:1 қатынасындай болады. Бұл 100 аналыққа 100 аталық сәйкес келеді деген сөз. Осы құбылыстың генетикалық негізі жыныстардың біреуінің гомозиготалы (аа), ал екіншісінің гетерозиготалы (Аа) болуына байланысты. Бұл Мендель тәжірибелеріндегі талдай будандастырудың нәтижелерімен сәйкес келеді: ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Жүктерді тасымалдаудың технологиясы және ұйымдастыру

Жүктік автомобильдік тасымалдарды жіктеу.
АК өндірістік үрдісі жүктерді және жолаушыларды тасымалдау болып табылады және автомобильдік тасымалдар деп аталады. Автомобильдік тасымалдарды орындау үрдісін төрт кезеңге бөлуге болады:
- жоспарлау;
- ұйымдастыру;
- бақылау және жедел басқару;
- жұиыс нәтижелерін есептеу және талдау.
Тасымалды орындау жағдайының және ГАП жүктерінің түрлерінің әр түрлілігіне байланысты келесі белгілері бойынша бөледі:
Салалар бойынша ( күтілетін кәсіпорындардың түрлері, артынан, тасымалданатын жүктердің түрлері ):
өнеркәсіптік ¾ тасымалдың жалпы көлемінің 30 % ( бұл шикі затты, дайын өнімді, отынды, өнеркәсіптік объектілердің арасында тасымалданатын сыртқы көліктің тоабтары және қоймалық территорияны қосқандағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың жүктері );
құрылыстық – 35 % ( бұл құрылыстық өнеркәсіптердің жүктерінен шикізаттық құрылыс материалдары, құрылыстық жабдықтар және машиналары, жер және құрылыс қалдықтарынан тұратын өнеркәсіптік және азаматтық күрделі құрылыстың жүктері );
ауыл – шаруашылығы - 10 % ( бұл азық – түлік, өнеркәсіп тауарларымен және тұрғындарға тұрмыстық қызмет жүктерді, қаланы қатты туристтық қалдықтардан, қардан және қоқыстан тазалау жүктерді, отындық жүктерді ); ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Жүйе түсінігі

Жүйелік теориясы мен жүйелік талдау немесе қысқаша айтқанда – жүйелік қолайлылық 25 жыл бойы қолданылып келе жатқанымен бірқалыпты шешімін тапқан жоқ.
Бұның басты себебінің бірі адам өміріндегі іс-әрекеттердің тұрақты болуын, сонымен қатар бұларды адам өмірінде қолданудың мүмкіндіктері болды.
Тіпті жүйе түсінігінің өзінен көптеген варианттарды анықтауға болады. Мысалы, оның бір бөлігі философия негіздерінде терең еніп жатырса, ал басқасы белгілі бір жағдайларда, біздерді тәжірибелік тапсырмалардың жүйелік жобасын іске асыруда қолданады. Осылардың алтын қиылысын таңдай отырып «жүйе» терминінің көптеген жекелеген объектілері арасындағы байланысты түсінуге болады. Егер де біз ең болмағанда осындай объектілердің екеуін байқасақ, яғни: мұғалім мен оқушы, сатушы мен сатып алушы, теледидар мен ондағы хабарларды жеткізіп отыратын станция мен және т.б. – осының осы «жүйе» болып есептеледі. Қысқаша айтқанда, кейбір кемшіліктеріне қарамастан жүйенің көмегімен қоршаған орта мен мына біздер тіршілік етеді екенбіз. Бұл өмірдің артықшылығын жүйелік қолайлылық көз қарасынан байқайық: қою және шеше білу мүмкіндігі, тым болмаған жағдайда екі шешім: ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Жасөспірімдерге еңбекақы төлеу

Мейрам күнінің алдындағы қысқартылған жұмыс уақытына еңбекақы есептеу және төлеу.
Халық шаруашылығы салаларындағы ұйымдарда мейрам күнінің алдындағы жұмыс күні 1сағатқа қысқартылады. Бұл күні жұмыс істеген жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақылары былайша төленеді. Ұйымдарда еңбекақының кесімді түрі белгіленген жұмысшы-қызметкерлерге өндіріп шығарған өнімдері мен детальдарының, атқарған қызметінің саны мен көлеміне байланысты белгіленген мөлшерде ғана төленеді. Ал кәсіпорындарда еңбекақының мерзімді түрі бойынша еңбекақы есептеліп, төленіп жүрген жұмысшылар мен қызметкерлерге қысқартылған жұмыс күні үшін толық жұмыс күніне белгіленген мөлшердегідей еңбекақы төленуі тиіс. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Жұмысшы күшінің миграциясы

Дүние жүзінде белсенді түрде жүріп жатқан өндірістің интернационализациясы жұмысшы күшінің интернационализациясымен қатар жүруде. Еңбек миграциясы халықаралық экономикалық қатынастардың бір бөлігіне айналды. Миграциялық ағымдар бір елдер мен аймақтардан екінші елдер мен аймақтарға бет алуда.
Еңбек миграциясы белгілі бір проблемаларды туындата отырып жұмысшы күшін қабылдайтын және оны шетке шығаратын елдер үшін белгілі бір артықшылықтарды қамтамасыз етеді. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Жұмыссыздықтың негізгі себептері мен оныңдеңгейінің төментеудің әлеуметтік-экономикалық маңызы

Іс жүзінде Үкіметтің бағдарламалары мен жоспарларының макроэкономикалық көрсеткіштерінің базалық тобында жұмыспен қамту көрсеткішінің болмауы — экономиканың өсу қарқыны мен оның интенсивті негізге көшуінің тежеуші факторы болады.
Үкімет талай жылдан бері экономикалық өсімнің макроэкономикалық факторларын бағалау кезіңде жұмыспен қамту мәселесіне енжар қарап келді. Әлеуметтік – экономикалық дамудың макроэкономикалық бағдарламаларының әртүрлі нұсқалары, әдетте, жалпы ішкі өнімнің өзгеруіне, инвестицияның мөлшеріне, электр қуатын жеткізушілер бағасынын өсу серпініне, Халықаралық валюта қоры кредиттерінің алынуына немесе алынбауына байланысты есептеледі. Ал адамдар саны сол күйінде қалады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Жұмыссыздық түсінігі

Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Агробизнес

Нарықтық экономика – еркін іскерлік экономикасы және бизнестің оның барлық салаларында жұмыс істеуі. Нарықтық қатынастарға көшу тұрғындарды бизнеске кеңінен тарту арқылы ғана мүмкін болады.
Экономикалық реформаларды іс жүзіне асыру, бірте-бірте нарықтық қатынастарға көшу, дамыған елдердің тәжірибесін жан-жақты оқып үйрену, қоғамды иделогиядан босату сияқты факторлар уақыт өте келе біздің отандастарымыздың санасында адамдардың өзара пайдасы және жалпы игілік жолында бизнестің өндірістік, жасампаз қызмет ретінде қабылдауына мүмкіндік береді.
Бизнес – бір жақты анықтауға бағынбайтын, барынша ауқымды және сан қырлы ұғым. Қоғамда өндірістің үш факторы бар, олар – жер, еңбек және капитал. Американдық экономист И. Шумпетер бизнесті өндірістік төртінші факторы ретінде қарастырады, ол бұл жерде іскерлік қасиеттерді, оған қатысушылардың белсенділігін өндірістің қозғаушы күші ретінде, әлгі негізгі үш фактордың іы-қимылын күшейтуші факторлар ретінде түсінеді.
Бизнесті пайда табу немесе басқадай әдіспен олжалы болумен байланысты қызмет ретінде анықтайды. Мұның өзі бизнестің ең басты белгісі және оның негізгі мақсаты болып табылады.
Бизнесмендердің экономикалық қарым-қатынастары бір-бірімен тығыз араласып кеткен өркениетті рынок жағдайында жекелеген іскер тек қана өзінің жеке пайдасын, оның үстіне бизнеске қатысушы басқалардың есебінен пайда табуды ойлайды. Ол өзінің қызметін тек өзіне ғана пайда қылмай, сонымен қатар ортақ іске қатысушы басқа да бизнесмендердің пайдалы болуын көздеп, ұйымдастыру керек. Алғашқыда экономика туралы бизнес жеке адамдардың, кәсіпорындардың немесе ұйымдардың бірлесе отырып, табиғат байлығын игеру, өндіру, тауарларды сатып алу және сату немесе басқа тауарларға қызмет көрсету сияқты жұмыстар атқару арқылы мүдделі адамдар мен ұйымдардың өзара пайда табуына бастайтын қызмет ретінде қарастырылады. Сонымен, бизнес басқа жақтың шығынға немесе алдауға түсіп қалу есебінен тек қана бір жақтың пайда табуына жол бермейтін адал қызмет ретінде көрінеді.
Бизнестің өзіне тән белгісі – ол жеке меншікке, өндіріс факторына негізделеді. Себебі, жеке меншік өзіндік, отбасылық, топтық және акйионерлік, яғни ұжымдық сияқты әр түрлі болп келеді. Бұл мемлекет іскерлік қызметпен айналыса алмайды дегенді білдірмейді. ....
Рефераттар
Толық