Бақыт Мәметқызы Әліпбаева (1971 жылы)

Бақыт Мәметқызы Әліпбаева (1971 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған) — кино және театр актрисасы. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері (1996).
Бақыт Мәметқызы 1971 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Түгіскен ауылында дүниеге келген.
Тараздағы физика - математикалық тереңдетілген мекетепті бітірген.
1989 - 1993 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институты)ның "драма актері" мамандығы бойынша, Қазақстанның халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Тұңғышбай Жаманқұловтың классын бітірген.
1993 жылдан Бауыржан Ибрагимовтың жеке құрған "Бауыржан шоу" әзіл - сқақ театрының белді актрисасы.
Қазіргі таңда Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің "драма актері" бөлімінің "сахна тілі" пәнінің оқытушысы.
2012 жылы әріптесі Қуандық Шәкіржанов пен бірігіп ашқан "Қуандық пен Бақыт" театрының әртісі....
Өмірбаяндар (биография)
Толық