Жар астынан жау шығып, тайпалы ел таусылып, аз үй қалған күйзеліс жанға батқан кез екен. Осындай бір кезеңде,арнасы кең өзенде, кісінеуік тайы бар, маңырауық ешкісі бар бір үйлі жан болыпты. Соның ішінде күйзелуден үһісі ұшып, күңіренуден есі ауысқан бір шал мен кемпір бар екен. Оған сай келте ақыл келіні болыпты. Жалғыз ұлы жан бағудың қамы үшін жалшы боп алыс отарда жүреді. Бір күні кемпір мен шал келінін жалғыз қалдырып, сол манда ас берген біреудің ауылына кетеді. Жалғыз қалған келін қарыны ашқан соң тоғайдан алма теріп әкеп жейді. Біраздан кейін кекіре бастайды. Ол кекіргенде үйдің жанында тұрған көк ешкі маңырайды. Ата-енесінен ырым-сырымды көп естіп, күпті боп жүрген келіншек күдіктене қалады.......
Ертеде бір байдың жалғыз баласы жылқы бағып жүрсе, бір адам келіп: — Балам! Бір үйір жылқы берсең, мен саған үш ауыз насихат сөз үйретейін, – депті. Бала тұрып: — Құп! Берейін, үйретіңіз, – дейді. Әлгі кісі: — Балам! Суын ішкен құдыққа түкірме, ертеңгі асты тастама, оң қолың төбелес бастаса, сол қолың арашашы болсын, – дейді. Бала бір үйір жылқы береді. Әлгі адам жылқыны айдап өз жөніне кетеді. Кешке бала үйіне келеді. Әкесі: — Мал аман ба? – дейді. Баласы: — Мен үш ауыз насихат үйреніп, бір айғыр үйір жылқы бердім, басқа мал аман, – дейді. Әкесі ашуланып, баласын қуып жібереді. Әкесінен түңілген бала жаңадан үйленген аяғы ауыр жас келіншегіне......
Бұрынғы өткен заманда бір патша болған екен. Оның әрбір тәртібін халқы екі етпей уақытымен орындап тұрады екен. Бір күні бұл патша: «Менің әрқашан халық пайдасына еткен әмірім орнына нақпа-нақ келіп тұрады және халқым да мені жақсы көреді. Сондықтан да мен олардың пайдасын ойлаймын. Енді мен осы халқыма зиянды бір әмір таратайын. Халқым тыңдап, орнына келтірер ме екен? Жоқ, келтірмес пе екен?» - деп ойлап уәзірлеріне: - Халыққа тегіс хабарландырыңдар: «Ешкім басына пайда қылмасын!» - деп, әмір қылады. Бұдан соң уәзірлер бұл әмірді халыққа естіртіп болып, патшаға......
Бұрынғы өткен заманда бір хан өзінің қол астындағы халқына жар салады.
Бүкіл халық жиналған соң, хан:
— Кімде-кімнің әкесінің жасы алпыстан асқан болса, ол шалды айдалаға алып барып тастау керек. Жасы алпыстан асқан шалдың не керегі бар. Оның қолынан іс келмейді. Үйде жатып, тапқан-таянғандарыңды ішіп-жегеннен басқа оның бітірер ісі жоқ. Шалдарыңды құртыңдар! Ал мұны қабыл алмағандардың басын аламын! – дейді.
Хан жарлығы екі бола ма? Жаңағы сөзді естіген халық: «Шал әкемізді аман алып қаламыз деп жүргенімізде, өзіміздің басымыз кетер, ханның дегені-ақ болсын» дейді. Ханның үкімі жүзеге асырылып, көп замандар бойы жұртқа міндетті заң болады. Жасы алпысқа келгенше шалдар өз ажалынан өлсе, өледі, өлмесе елсіз жерге апарып тасталып, ит-құсқа жем болады. Бірқатары шалдарды таудың жағасындағы дарияға тастап өлтіретін болған.......
Бір бұзау, бір тоқты, лақ ел көшкенде жұртта қалыпты. Үшеуі адам болып қос тұрғызып алыпты. Қосы бір бұлақтың бойында екен, қасында бәйтерегі бар екен. Бұлардың хабарын естіп, бір аю жеймін деп, қостың қасына келген екен. Лақ аюды көріп алдынан жүгіріп шығып, қосына әкеліп, есік ашып енгізеді. Үйге кірген соң: «Аюға не береміз?» – дейді тоқты.......
Бұрынғы өткен заманда бір үлкен бай болыпты. Оның әйелі болыпты, бір қарындасы болыпты. Міне, осы бай байлықпен бір дәуір бойы өмір сүріп тұрады. Сөйтіп жүргенде әйелі мен қарындасы өштесіп ұрыса беріпті. Әйелі күйеуіне арыз түсіргенді де қоймапты. Оны бай тыңдамай жүре береді. Күндерде бір күн бай ұзақ жерге бір шаһарға жиынға кетеді. Осы сапардан ол бай оралып үйіне келер қарсаңында, әйелі үй ішіндегі бар дүниесін жыртып, сайманын сындырып, үйдің ортасына үйіп қойыпты......
Әкесі елу тоғызға шыққалы бері Адалдың қатты мазасы кетіп жүрді. Әйелінің әр сөзі дұрыс та болса, оған инедей қадалады. Өсіп, алды он беске, арты беске келген үйелмелі-сүйелмелі жеті бала жақындап жанына әкелеп келсе, оларды да маңына жолатпады. Несіне жолатады? Өзін апарып жардан лақтыратын, өзінің ажалы солардың бірінің қолына екенін біле отырып оларды қалай жақсы керуге болады. Әкесі болса бар шаруаны тындырады. Мұның табанына кірген шәңге менің маңдайыма қадалсын дегеннен басқа байқұс шалда не жазық бар еді. Бірақ хан жарлығы солай, «алпысқа келген атаңнан ақыл сұрама!» Бұл ойын біреуге тіс жарып айтуға болмайды, оны зәушайтан біреу-міреу біле қойып жеткізер болса, ертесіне-ақ әлде тура, әлде қайқы қылыш көтерген жасауылдардың жетері хақ. Сонан соң жаның жаһаннамға кетті дей бер. Басың алмадай домалап көкжендет алдында жатады. Міне, жыл тез етіп барады. Енді біраздан кейін Адал әкесімен біржола қоштасады. Өзі қолымен жардан лақтырып өлтіреді.
Байқұс Ақыл шал да соңғы күндері өзінен өзі шөжіп, торы еттен ажырап, тамақты татып алмайтын болды. Кемпірі қазанға толтыр ұйытқан, қасық тік тұратын қой қатығының бетін сыпырып әкеп шал алдына қояды. Қазандағы айранның қаймағын келін сыпырып алып қарашұнақ балалардың біріне беріп қоймауы үшін таң рауандап к еле жатқаннан тұрып, зар қағады. .....
Бұрынғы өткен заманда Қожанай деген бай болыпты. Оның жалғыз ұлы бар екен, өзі қылжақбас, мылжың екен. Бай осы баласы туғанда бір молданы әкеліп атын қойдырыпты. Молдасы құрғыр жақсырақ ат таппаған ба, яки бай орамалды жақсы бермесіне көзі жеткен бе, әйтеуір баланың атын Тесікбай дей салыпты. Тесікбай ер жетіпті, өсіпті. Айтқанды ұқпайтын ақпа құлақ болыпты. Ел аузына қақпақ қойған бар ма: «Баласының басы тесік болғандықтан, миы да ағып түсіп қалған-ау», – дейтін болыпты.
Қожанай мұны естіп намыстанады, осының басын түзейтін ақылды келін іздеп табуды ойлайды.......
Бұрынғы заманда қыдыр, бақ, ақыл үшеуі кездесіп қалып, ерегісе кетеді. Үшеуі ерегесіп отырып әрқайсысы өз күшін көрсетпекші болады.
Қыдыр, бақ пен ақылды ертіп алып, бір жер айдап жатқан жынды адамға барып дариды. Сонда жындының айдаған жерінен төңкерілген кесектердің бәрі алтын болып кетіпті. Жынды біраздан кейін шөлдепті. Анадай жерде бір топ керуен түсіп жатыр екен, солардан су ішіп келуге барады. Барарда: «Керуеннің иті қауып алар», – деп, қолына бір кесек алтын ала барыпты. Керуеншілерге барып, су сұрапты. Керуеншілер су беріпті. Суды ішіп алып, анадай жерде өзіне қарап үріп жатқан итке қолындағы бір кесегін атып жіберіпті.......