Бір аптаның ішінде Қазақстанда жол апаттарында 108 адам қаза тапқан

Жол бойында қатер сейілмей тұр. Өткен бір аптаның ішінде Қазақстанда 500-ден астам жол көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан 108 адам қаза тапқан.

719 адам түрлі деңгейде дене жарақаттарын алды.

Түркістан-Балтакөл тас жолында ГАЗ-53 жүк көлігі жолдың қарсы бағытына шығып, бар жылдамдығымен жүйіткіп келе жатқан "Хюндай-Старекс" автобусына соғылды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, тағы 6 адам түрлі жарақат алған.
 
"Болған оқиға жерінен Газ автокөлігінің жүргізушісі қашып кеткен. Бірақ кеше кешке қолға түсті. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Қалған жолаушылар сол Түркістан қаласындағы ауруханада", - дейді ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы Салтанат Қаракөзова.

Жаңалықтар
Толық

Жол-көлік оқиғасына ұшырап қалған жағдайда не істеу керек?

Әрине, мұндай апатты ешкімнің басына бермесін деп тілейміз. Әйтсе де, көлік оқиғалары айналамызда бұрынғыдан да жиі орын алып жатқанын бәріміз де байқап жүрміз. Тіпті кейде мұндай оқиғалар жол ережесін бұзбауға тырысатын, сақ адамдардың басына да түсіп жатады.

Егер Сіздің басыңызға дәл осындай жағдай тап келсе, яғни ЖКО-ға ұшырасаңыз:

1. Тез арада көлікті тоқтатыңыз (тұрған орныңыздан қозғалмаңыз).

2. Апаттық жарық дабылқаққышты.....
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық