Бағдарламалау | Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйес

Кіріспе
Ақпараттардаң құрылымы мен қасиеттерін біліп, оны іздеп табу, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату және күнделікті тіршілікте керегінше пайдалана білу өркениет өріне бет бұрудың негізі.
Қазіргі уақытта адам іс-әрекетінің барлық салаларында компьютерлік технология кеңінен қолданылатын болды және оның маңыздылығы барған сайын арта түсіп отыр. Осыған байланысты, жаңа программалардың тасқыны, көптеген адамдарға кәсіптік-ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде білу қажеттігін көрсетеді. Бұл салаға мемлекеттік тұрғыдан да барынша көңіл бөлінуде. Осы орайда жоғары және орта кәсіптік мамандар үшін информатика және компьютерлік техника пәнінің ана тілімізде оқытылуы, қазақ тілінді компьютер программаларының жасалуы бүгінгі өмірдің өзекті қажеттілігіне, сұранымына айналды.
XXI ғасыр адамзат дамуының жаңа сатысы – ақпаратты қоғамға өтуімен сипатталады. Сондықтан да, таза қазақ тілінде сөйлеуге тиісті салалардың бірі – информатика және компьютерлік техника.
Ақпараттың қазіргі әлемдегі маңызы бұрын-соңды болмаған дәрежеге жетті. Осы тектес жұмыстардың сапасы мен тиімділігі экономикамыздың сапасы мен тиімділігін анықтай бастайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Мәліметтер базасындағы Футбол командалары

КІРІСПЕ
Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат :
• қайшылықсыз
• артықсыз
• тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді .....
Курстық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Мәліліметтер базасын басқару жүйелері

Кіріспе.
Менің бұл курстық жұмысымның басты тақырыбы мәліліметтер базасын басқару жүйелері, оларды пайдаланушылар және пайдалану барысында атқарылатын жұмыстар туралы болып табылады.
Жұмыстың тақырыбы өте ауқымды болып келеді. Және қозғалып отырған сұрақ қазіргі уақыттағы ең белсенді сұрақтардың бірі болып табылады.
Жұмысты жазу барысында келесідей негізгі тақырыбтар қозғалмақшы:
1. Мәліметтер базасы, оның бүгінгі күнгі жағдайы және жұмыс атқаруы.
2. Мәліметтер базасын пайдаланушылар, олардың категориялары және оның әкімшілігінің функциялары.
3. Мәліметтер базасын жобалау (практикалық көрінісі).
Мәліметтер базасының пайда болуы жалпы алғанда есептеуіш техникалардың жетілдірілуі мен олардың құнының төмендеуіне байланысты. Алғашқы кезде есептеуіш техникалар тек “қолмен” шығаруға болмайтын математикалық кұрделі есептеулерді шығару үшін қолданылды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Физика | Механикалық приводты жобалау

Кіріспе
Қарастырылып отырған механикалық привод электродвигатель, байланыстырушы муфта, бірсатылы цилиндрлі редуктор және берілістен тұрады.
Жалпақтісті цилиндрлі дөңгелектері бар жобаланып отырған көлденең бірсатылы редуктор айналым моментін екі парралель осьтер арасына беруге арналған. Редуктор - шойын корпуста, валдарға подшипниктермен біріктірілген, және де ол тісті берілістен тұрады. Редуктор корпусы болттармен бекітілген картер мен қақпақтан тұрады. Корпус – көлденең, валдар осьтерінде орналасқан. Картер мен қақпақша үстіне қарай байланысқан, ал толық жинақталғаннан кейін герметикпен Корпус жабылады. Қақпақшалар диаганаль бойынша орналасқан. Картер мен қақпақша үстіне қарай байланысқан, ал толық жинақталғаннан кейін герметикпен Корпус жабылады. Қақпақшалар диагональ бойынша орналасқан екі штиф арқылы корпусқа қатысты бекітілген.
Шестерня негізгі валмен (вал – шестерия) бірге жобаланған. Дөңгелек жетектегі (негізгі) валға Н7/r6 дәрежесінде қондырылған (орнатылған), айналым моменті призматикалық шпонко арқылы беріледі. Дөңгелек қозғалысы бір жағынан тірек втулкасы, яғни подшипниктің ішкі және сыртқы сақинасы подшипник қақпақшасына тіреледі.
Негізгі және жетектегі валдар радиалды шариктік подшипниктерге орналастырылған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Мектептегі тәрбие жұмысын жетілдіруде оқушылар ұжымын диагностикалау

І. Кіріспе
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында болашақ, келесі ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, қашық болашаққа өтетін құндылықтар туралы айтты: "Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз".
Білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуальдық, мәдени дамуыныі жоғары деңгейін және кәсіби біліктігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Мемлекет білім беру жүйесін басым дамытуға , білім беру мекемелерін дүнмежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер бойынша қаржыландыру және материальдық техникалық жағынан жабдықтау жолымен білімділік мәртебесін арттыруға кепілдік береді.
1999 жылы 7 маусымда ҚР “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Мектеп жасындағы балалардың даму ерекшелігін психодиагностикалау ерекшелігі

Психодиагностикалық мәселелерді шешу тәсілдері
1.Практикалық психодиогностиканың теоретикпалық сұрақтары.
Психодиогностика-теория,метафлогия, әдістемені өңдеуде, индивит немесе топ күшімен психологиялық деңгейінің дамуына байланысты, дәл баға беруге қасиетті белгілі білімдер жүйесі. «Психодиогностика» деген сөз психологиялық диогноз қою дегенді білдіреді немесе адамның психологиялық күйдеболғанда квалификациялық шешім қабылдау не болмаса қандай да бір жеке алынған психологиялық қасиетіне қатынасты шешіліп жатқан мәселе бір жақты емес және психологияда оның екі түрлі түсінігі пайда болады. Психодиогностика түсінігінің нақтылауының бірінде оның арнайы психологиялық білім төңірегіне қатысты.бұлар психодиогностикалықәр түрлі амалдарды өңдеуде және пайдалануда іс-тәжірибеге қатысты психодиогностика осы түсінік бойынша ғылым болып қалыптасып келесіарнада жалпы сұрақтар қалыптасады:
1. Психологиялық құбылыстардың және оның ғылыми бағалануының принципияльды мүмкіншілігі қандай?
2. Қазіргі уақытта психологиялық құбылыстардың санаулы бағалануында және принципияльдыбағалануда жалпы ғылыми негізделуінің қалыптасуы қандай?
3. Қабылданған жалпы ғылымиметодологиялық тараптарға қазіргі уақытта пайдаланып жүрген амалдар қандай дәрежеге сай келеді?
4. Әр түрлі психодиогностикалық амалдарға қандай негізгіәдістемелік талаптар қойылады.
5. Практикалық диагностиканың нәтижесінің дұрыстығының негізделуі қандай? Психодиогностиканы жүргізуде қойылатын шарттар мен талаптар оны өндіруде алынатын нәтижелер және интераритациялау амалы қандай?....
Курстық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Малды күтіп-бағу технологиясын санитариялық бағалау

ІРІ ҚАРАНЫҢ ХАЛЫҚ
ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Ірі қара еліміздің мал шаруашылығы экономикасында маңызды орын алады. Қай заманда болмасын адам тіршілігінде ірі қара малының орыны өте зор болған.
Халық шаруашылығына түсетін қаржының тең жартысына жуығын ірі қара шаруашылығы береді. Сол себепті дұрыс күтіп - бағу жолдарымен малдың денсаулығын сақтап, оның өнімділігін арттыру қай шаруашылық болмасын олардың мақсаты. Сондықтан бұл тарауға ірі қараны ұстап - бағу жүйелері мен күту әдістері толық баяндалып, олардың жынысына, жасына және пайдалану мақсатына қарай азықтандыру, суару, сауу, өсіру және бордақылау ерекшеліктері қорытындалған.
Ірі қарадан ет, сүт және одан жасалатын тағамдар (май, құрт, ірімшік, қышқыл сүт тағамдары) және жеңіл өнеркәсіп өндірісіне қажет шикізат алынады. Сонымен қатар, ірі қара органикалық тьщайтқыш — көңмен қамтамасыз ете алады.
Ірі қара терісінен аяқ киім ұлтаны және жоғары сапалы былғары дайындалады. Ірі қара мүйізінен тарақ, түйме, әр түрлі әшекей жасаладьі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Ұлттық ойын: Жігіт қуалау

Жігіт қуалау — ұлттық ойын.

Ойын көгалды жазық алаңда, спорт залдарында ойналады. Ойынға оннан 30-га дейін ойыншы қатынасады. Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді де сызылған сызықтың үстінде қатарласып тұрады. Сол сызықтан 15—20 метрдей қашықтықтан екінші сызық сызылады да, екі жағынан екі жалауша қадалады.

Ойын жүргізуші әр топтан бір-бір ойыншыдан ортаға шақырып, оның біреуіне белбеу, не шиыршықталған орамал береді. Содан кейін екеуі бірінші сызықтың бойында қатар тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша олар екінші сызыққа тұра жүгіреді. Қолында белбеуі бар ойыншы екінші сызыққа жеткенше, ананың арқасына белбеуді тигізіп үлгеруі керек. Көмбеге жеткен бірінші ойыншы, қолындағы белбеуді екінші сызықтың үстіне тастайды да, кері қашады, екінші ойыншы белбеуді ала салып оны қуады. Егер бірінші сызыққа дейін оны қуып жетіп, арқасынан белбеумен ұра алса, жеңген болып табылады да, тигізе алмаса, жеңілген болып есептеледі. Ойынға келесі екі ойыншы шақырылады. Ойын жалғаса береді......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ағза тазалауда көмекке келер 11 тағам

Ішіп-жеген асымыз ағзамызда «қалдық» қалдырады. Ал ағзамызды тазартпасақ, түрлі ауруға әкеліп соқтырады. Олай болса, ағза тазалауға таптырмас 11 дәмге көз жүгіртелік.

1. Миндаль
Оның құрамында қандағы қант мөлшерін қалыпты ұстауға көмектесетін кальций, магний, ақуыз көп. Ал миндаль құрамындағы май ағзадан холестеринді шығарып, ішек жолдарының жұмысын жақсартуға көмек болады.

2. Авокадо
Ол холестерин мөлшерін азайтып, қан тамырларын кеңейтеді. Құрамындағы глютатион 30 түрлі канцрогендердің (организмде қатерлі ісік ауруларын және қатерлі-қатерсіз ісіктерді туғызушы химиялық қосылыстар) жолын кеседі. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Құқық | Прокурорлық қадағалау

Кез келген мемлекетте, кез келген саяси режимде билік өмірдің барлық саласында, жүйелі түрде бірыңғай тәртіппен, біркелкі заңдардың болуын мақсат етеді. \\Мемлекет пен қоғамдағы өмір, елде заңдарды дәл және бұлжытпай орындауды қамтамасыз ететін сенімді тетіктерді қажет етеді. Сол себептен кез келген мемлекет прокуратура болады.\\ Прокуратураның ролімен орны кез келген мемлекеттерде әр түрлі. Кейбір мемлекеттерде ол қылмыстық қудалауды жүзешге асырады.( Ресейде); Келесі мемлекеттерде мемлекеттік айыптауды қамтамасыз етеді.(АҚШ); басқа мемлекеттерде жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады.
Біздің еліміз егемендік алғалы 14 жыл өтті. Осы тарихи тұрғыдан қысқа уақытта, мемлекетіміз ауқымды саясий қоғамдық өзгеріске тап болды. Бұрынғы экономикалық құрылыс өзгерумен бірге, барлық саясий құрылыс өзгерді. Оның ішінде мемлекеттік органдар мен құқықтық жүйе. Осымен байланысты құқық пен қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар өзгерумен бірге, осы нормаларға көз-қарас өзгерді. Егер бұрыңғы саясий режимдегі мемлекетте, мемлекеттін аппараты адам үстінең үстемдік жасап тұрса, ал қазір адамға үлкен көңіл бөледі. Адам өмірі, құқықтары мен бостандығы, заңды мүдделері мемлекетің ең қымбат қазынасы болып табылады. Барлық қоғамдық қатынастардың жүйесі, осы мақсатқа бағынады. Сонымен бірге мемлекеттін құқық қорғаушы құзыретті өзгеруі, құқық қорғау оргындары мен қойылған мақсаттар мен шешетін жолдар өзгереді. Осы жолда көптеген экспериментер жүрді. Оның ішінде мемлекеттік тергеу комитеті құрылды. Осы реформалар ішкі істер оргындарда, қазіргі кезде жол, әскери, әкімшілік, көші қон, кримналды, полицияға ие болды. Коррупцияға қарсы және экономикалық қылмыстармен күресуді күшейту үшін. ҚР ң сыбайлас жем қорлыққа қарсы және экономикалық қылмыстарға қарсы Агентігі құрылды. Адвокатардың беделі мен орны, тәуелсіздік кепілі күшейді. Сот жүйесінде аса маңызды реформалар жүріп өтті. Осы мақсат пен прокуратураның жаңарған оргындар жүйесіндет өзінің орның табу. Конституциямен және заңға сай, өкілеттігіне сәйкес пайда болған проблемаларды ашу мақсатында жұмыстарды айқындау.
Прокурорлық қадағалаудың басты мақсаты. Ол қазіргі кезде қылмыстың күрт жоғарлауына сай, криминагендік ақуал нашарлаған сай заңдылықтың сақталуынқамтамасыз ету. \\Мемлекеттік органның және лауазымды тұлғаның мәртебесіне қарамай, прокуратура мемлекетте заңдылықтың сақталуын қадағалауға барлық күшін жүмсайды. Тоталитарлық мемлекет жағдайында бұны армандауға болмайтын.\\
Қазақстан Республикасының Конституциясына және Прокуратура заңға сәйкес, Республика Прокуратурасы өз қызметін орталықтандырылған жүйе ретінде, басқа мемлекеттік органдардаң, саяси партиялармен қоғамдық ұйымдардан тәуелсіз.
Прокуратура оргындары мемлекеттік биліктін үш тармағына кірмейді. Прокуратура Басшысы тікелей Президентке бағынады. Президентке мемлекеттегі заңдылықты сақталуы туралы ақпарат береді. Осы ақпаратқа сәйкес мемлекетте қажетті шаралар жасалады. Прокурорлық қадағалау нәтижесіндезаңнамаға өзгертулермен толықтырулар енгізіледі. Қажет болған кезде жаңа құқықтық норма қаьылдануы мүмкін. ....
Курстық жұмыстар
Толық