Кезімде әлім кетіп қансыраған, Сенбісің қасыма кеп хал сұраған. Мен үшін қайғы шегіп өңің қашып, Көзіңнен ыстық жастар тамшылаған. Сенбісің қолыңды сап маңдайыма, Бір жұтым су тамызған таңдайыма, Басыма жастық қойып.....
Қолымда сақинам бар алшығарай, Қойды қасқыр жейді екен қан шығармай. Бұл жұмбақты қайсы жігіт табады, Сол жігітке тиемін мал шығармай. Қарбыздың тіліктері, қарбыз, пышақ
Ара-арасы ақпа тіл, Арасынан тастап тіл. Ала қарбыз
Жерде жатып желіндейді, Күзге дейін желінбейді. Үндеместен төлдеп жатыр, Су бермесең шөлдеп жатыр. Қарбыз