Тақпақтар


Ақ лағым

Мақтандың ба лепіріп,
Ақ лағым – ау, ақ лағым.
Көк майсада секіріп,
Неге тыным таппадың.

Шаршадың ғой жарығым,
Ойынның да, жөні бар.
Ашқан шығар қарының,
Кел, мамаңды еміп ал.
Тақпақтар
Толық

Ақын болам

Ақын болам өскенде
Әлі талай уақыт бар.
Өлеңдерді жазамын,
Өскен кезде әсерлі
Ақындардың өмірі,
Болады әсем жырлармен.....
Тақпақтар
Толық

Туған тілім

Туған тілім өнегелі, өз тілім,
Туған тілім парасатты, бай тілім.
Туған тілде жыр жазамын, ән жазам.
Туған тілде әңгіме мен күй жазам.
Қазақ тілім асқақтай бер, жасай бер!
Ұлысың сен, мағыналы нар тілім!.......
Тақпақтар
Толық

Отан

Отаным бар сүйетін,
Гүлдей жайнап жүремін.
Көркейтемін елімді,
Мен қазақтың қызымын!
Тақпақтар
Толық

Ұстазыма 4 шумақ тақпақ

 Ұстазым, жарқын жүзді асыл адам,
Әсерлі айтқан сөзі жақын маған.
Ең алғаш қалам ұстап, әріп танып,
Сен арқылы әлемнің сырын ұғам.  

Тақпақтар
Толық

Жолдар жолдар

Адам жүрген, сан із бар,
Төрт түлікке жайлы-ау жол.
Кең көсіліп, көп жүрген,
Мұның аты айдау жол.
Тақпақтар
Толық