Аналар - күн шуағы

Мұғалім: Құрметті ардақты аналар, қадірлі әжелер, қымбатты ұстаздар, аяулы қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймыз.
Мұғалім: Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып, аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді. Аналар көктемгі гүлдей жарқыраған, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын.
Құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қыз қызғалдақтар, бүгінгі біздің концертімізді сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

Раййана
Шалқып - тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналар, сіздерді құттықтап,
Әндетеміз бүгін біз!

Мади
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз!
Қыздарды да құттықтап!
Мерекесің тойлаймыз! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Ғажайып математика

Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып - алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым - қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті, «Қай сан жоғалды?» дидактикалық ойыны, жұмбақтар.
Құрал жабдық ретінде суреттер, кілем, шар, геометриялық пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш, сандар, үлестірмелі материалдар пайдаланылады

Билингвизм..
Іс - әрекет кезеңдері;
Тәрбиешінің іс - әрекеті;
Балалардың іс - әрекеті;
Мотивациялық – қозғаушылық
- Саламатсыздар ма, балалар!
Саламатсыз ба!
- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!
Біз әдепті баламыз Амандасу үлкенге,
Алдыменен қонақпен Тәрбиенің басы ғой.
Амандасып аламыз. Ал қанекей бәріміз.
Сәлем!- дейік үлкенге.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Ж дыбысы мен әрпі

Мақсаты: Балаларды ж дыбысы мен таныстыру. Ж дыбысын басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету.
Сурет арқылы заттың атын білу, ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік мәні: Еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер, интерактивті тақта.

Мотивациялық - Қозғаушы кезең
Жылулық шеңбері.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!

Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Балалар, бүгін біз орманға саяхатқа шығамыз. Орманға саяхатқа шығу үшін алдын ала дайындаламыз. Орманның бір түкпірінде қазына жасырылған. Ол үшін біздерге қандай заттар қажет? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Қызықты математика

Тақырыбы: Қызықты математика. (математикадан қорытынды сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелігі: Ойындар арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: сандар, әртүрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.

Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері: Армысың, мейірімді Аспан - Ата
Армысың, қайырымды Жер - Ана
Армысың, шұғылалы Алтын – Күн
Армысың, балабақша, дос - жаран..
Жылулық шеңбер.
- Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?
Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.
- Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!!
Көздерін, құлақтарын уқалайды, қолдарын шапалақтайды.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық.
- Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу – іс-әрекеті......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Ғажайып математика

Балаларды түрлі есеп шығара білуге үйрету, ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
Танымдық, шығармашылық, белсенділіктерін арттыру.
Балаларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты.
Шашып бізге шапағын
Тілейміз біз ақ таңның
Қуанышын шаттығын.
Қайырлы таң,
Қайырлы түн.
Қуанышты күн бүгін.
Сәлеметсіздер ме.
Қош келдіңіздер! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Тәуелсіздік тұғыры

Тәрбиелік: Болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу, еліне, жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: еліміздің рәміздері
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет барысы:
Шаттық шеңбері:
Елімізге тыныштық тілейміз!
Күніміз жарқын болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Нанымыз көп болсын! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

К дыбысы және әрпі

Мақсаты: К дыбысымен таныстыру. К дыбысына тіл ұстарта отырып, сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды К дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету. Әдемі жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс - тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ - жауап, көрнекілік
Көрнекілігі: К дыбысының баспа түрі, текшелер, кеспе әріптер. Экранды тақта, компьютер
Билингвизм: көктем – весна – spring, көкек – кукушка – april, көгершін – голубь – dove.

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі:
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, 3 тілде амандасады. Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге,
Бас иеміз біз......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Күнтізбелік жоспар

1. «Үй жақсыма? Бақша жақсы ма?»
2. Ә. Дүйсенбиев «Менің ойыншығым»
Тақырыбы «Күз»
1. Т. Молдағалиев «Өрік гүлдеп»
2. «Тәтті алма» Н. Құмар

«Жануарлар, құстар әлкмі»
1 О. Асқар «Мысықпен тілдесу»
2 «Мақтаншақ қоян» өзбек ертегісі
«Қыс келбеті»
1 К. Көпішов «Мұз айдыны»
2 Б. Данабеков «Қайырымды бала»
«Таң - ғажайып заттар»
1 Ш. Перро «Қызыл телпек» .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Ғ дыбысы және әрпі

Білімділігі: Ғ дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру. Ғ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
Дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сауатты, көркем жазуға баулу.
Тәрбиелігі: Еріншектікке жол бермеу және қанағат ете білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Таға. қанағат

Себепті оятушы
Қызығушылықты ояту
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз бақытты баламыз! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық