Педагогика | Қазіргі мектептегі оқыту принциптері

Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері - бұл ғылым тарапынан анықталған зандар мен заңдылықтар. Бұл заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, үдерістер мен олардың нәтижелері арасындағы жалпы, шынайы, тұрақты және қайталанып келетін байланыстар мен тәуелділіктердің мәнін ашады. Дидактика оқудың көптеген заңдылықтары және заңдарымен таныс, біз олармен әр қилы мәселелерге орай кездесіп отырамыз. Дидактикалық үдерістің негізін құрайтын аса маңызды және негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу үдерісіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мән-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пәндерін өтуде және оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мәнін сақтайды. Осыдан, дидактикалық принциптер (латын сөзі "негіз") оқу үдерісінің жалпы мақсаттары мен заңдарына сай келетін оқудың жалпы мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін айқындаушы тірек тұжырымдар жиынтығы. Дидактика тарихынан белгілі болғандай, зерттеушілер принциптерді ашу жолында елеулі табыстарды қолға кіргізді. Енді мұғалімдердің міндеті осы белгілі принциптерге сай әрекет ете отырып, оқу сапасын жоғарылату мен оның тиімділігін және беріктігін көтере түсу. Принциптер дидактикалық үдерістің біртұтас тұжырымдамасын құрай отырып, табиғи бірлікте әрекетке келеді. Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесінің ірге тасын Я.А.Коменский қалаған. Ғұлама - педагог пікірінше, оқудың негізі - табиғи сәйкестік принципі, ал барша қалған принциптер осы табиғи сәйкестікке сай бірізді іске асырылып барады. А.Дистервег бұл жүйені жаңа талаптарға негізделген нақты ережелермен толықтырды. Бұл ережелер 1) оқу мазмунына, 2) оқытушыларга, 3 оқушыларга қатысты болады. К.Д.Ушинский тиімді оқуға қажет келесі шарттарды белгілеп берді: уақытқа сай болуы, біртіндеушілік, табиғилық, тұрақтылық, игеру беріктігі. анықтығы, оқушылардың дербестік әрекеті, жүктемелердің аса ауыр не өте жеңіл болмауы, дұрыстық өз алдына әртүрлі мақсаттар белгілеген дидактикалық жүйелерде бір-біріне ұқсамас оқу принциптері іске қосылады. Негізгі тұжырымдары өткен баптарда жария етілген Гербарт және Дьюи дидактикалары өзіндік ерекшеліктерге ие болғанын білеміз. Біз әңгіме еткен жаңа дидактикалық жүйе дәстүрлі (классикалық) және қазіргі заман оқу принциптерін пайдалануда байыптылық сипат танытады. Осыдан онда бірдей уақытта көптеген заңдар мен заңдылықтар іске қосылып жатады. Оларды әр қилы жолдармен топтастыруға болады және олардан негізгі тұжырымдарға сай көптеген жаңа жүйелерді ажыратып, бөлу мүмкін. Сондықтан да оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларда оқу принциптерінің әртүрлі жүйеде біріктірілген топтарын кездестіреміз. ...
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері

Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми – зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістерді қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан – жақты дамуына және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болдаы. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің объектісі – баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т.б.) әсер етеді.
Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және оқу – тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады.
Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Айта кетерліктей, бұл бағытта педагогика үлкен прогереске ие. Бір кезеңдерде педагогика үстірт философиялық - әлеуметтік бақылау, пайымдаулар бойынша ғана зерттеліп, ал педагогикалық идеялар ұлы ойшылдардың тек шығармашылық қызметінің нәтижесінде ғана туындап келді. ....
Курстық жұмыстар
Толық