Химия | Импульсті гидрожетек

Соққы әсерлі механизмдерді қолдану машина жасауда ХІХ-ғасырдың соңын ала басталған, бірақ кең қолдануға ХХ- ғасырдан бастау алады, ол тау жыныстарын бұзудың үнемді тәсілдерін іздеуге байланысты орын алды. Алдымен ол пневматикалық механизмдер, ал 50-жылдардан бастай – электрлік гидравликалық. Соңғылары белгілі артықшылықтарына байланысты кең тарады. 70- жылдардан бастай бұл механизмдер машинаның негізгі бөлігіне аз реакцияда нысанға жоғары салмақ түсіру керек жағдайларда, өндірістің барлық салаларында пайдаланылады. Ол – гидробалғалар гидротерфораторлар, буто бойлар, қойсытқыштар,т.б.
Пайдалы жұмысты атқарудың соққылық тәсілі аса болашақты болып табылады. Бірақ импульсті энергия түрлендірудің күрделілігі мен ішкі динамика мәселелері импульсті жетектің тек ХХ-ғасырда пайда болуына себеп болды.
Қазіргі кезде импульстік варианттар жетектердің барлық түрлерінде белгілі.
ТМД – елдеріндегі соның ішінде Қазақстандағы ғылыми зерттеу және тәжірибе конструкторлық жұмыстардың жоғары деңгейде екендігіне қарамастан, мұндай конструкциялардың дамыту көбіне шетел фирмаларының үлесінде: Финляндия, Швеция, Англия, Жапония және т.б. елдер. Дегенмен де импорт алмастырудың экономикалық ұтымдылығы, отандық конструкциялар әзірлеуді талап етеді. Ол конструкциялар әрі арзан, әрі технологиялы болуға тиісті. ТМД елдеріндегі ғылыми орталар әзірлеген теориялық және тәжірибелік зерттеулер (Қ Р Ғ А, қырғыз ҒА, Кар МТУ, А.А.Сокощинскй, ТКИ, т.б.), аса жетілген елдердегі бұл сұрақтың бүгінгі таңдағы күйлеріне сай келеді, бірақ оларды технологиялық игеру және жобалау мен пайдаланушы мамандар дайындау мәселелері әлі бар.
Бұл курста ТМД елдері ғалымдарының соңғы жылдарда жарияланған «Импульсты гидрожетек» саласындағы еңбектерімен танысамыз.
Сондықтанда бұл пәннің «гидравликалық машинар, гидрожетектер және гидропневмоавтоматика» мамандығы бойынша оқып жүрген студенттер үшін маңызы зор. Бұл пән студенттерді импульстік гидрожетектердің теориялық негіздерімен және оларды есептеу принциптерімен таныстырады.
1. Импульсті гидрожетектердің (ИГЖ) құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері.
Өңдеу нысанын импульстік салмақпен қамтамасыз ететін гидрожетектер - импульстік гидрожетектер (ИГЖ) – деген ортақ аталыспен белгілі. Олардың құрылымы көлемдік немесе гидродинамикалық машиналарға негізделуі және кинематикалық тұйықта энергия түрлендірудің аралық буыны болып табылатын - соққыштың (бос) болуымен немесе болмауымен сипатталуы мүмкін. Осылайша, гидрожетектер варианттарын келесідей бөлген ұтымды: ....
Курстық жұмыстар
Толық