Ата аналарға коучинг


Наурыз 2023 жыл

Ата – аналарға арналған коучинг-сессия

Коуч:

А. Теміржанова

Тақырыбы:

 «Отбасындағы сүйіспеншілік – рухани құндылықтардын негізі»

 Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.Абай

Жалпы мақсат:

Ата-аналар арасында бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру; Тапсырмаларды талқылау арқылы ата-аналардың топтарда бірлесе жұмыс істеуіне ықпал ету.

Ата-аналардың міндеттерін ұстануды қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

  • Ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершіліктерін  жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал етеді; 
  • Ата-аналардың балалармен   тығыз қарым-қатынасын  жетілдіру үшін  тиімділігін қамтамасыз етуде ата-аналарға  көмек көрсетеді;
  • ата-аналар мен балалардың  қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша сындарлы кері байланыс ұсынады;

Түйінді идеялар:

Ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-аналар оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді біледі; топтық жұмысты үйренеді; Ортақ қажеттілікті анықтап, жаңа идеялармен бөліседі; Топпен жұмыс істеп, проблемаларды бірігіп шешеді, ұсыныстар береді.

Сабақта қолданылатын материалдар:

А- 3 парақтары , интерактивті тақта, слайд-презентация материалы, Бейнеролик үзінділері, постерлер, маркерлер, стиккерлер.

Дереккөздер:

«Спасибо Мама Аж до слез трогательно», «Что это Воробей» видеоролигі, «Философ және көбелек» аңыз әңгіме мәтіні.

Коучинг-сессия бойынша коуч пен ата-ананың іс-әрекеті:

Кезеңдер

Коучтың іс-әрекеті

Ата – аналардың

іс-әрекеті

І бөлім

1-кезең

(10 мин.)

Қызығушы

лықты

ояту (8 мин)

Топқа бөліну

( 2 мин)

«Спасибо Мама Аж до слез трогательно», «Что это Воробей» видеоролигін көрсету. Коуч бұл роликтің қандай мақсатқа негізделгенін сұрайды және сол арқылы тақырыпқа енеді.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар?

ІІ.Топқа бөлу.1. Ата-аналар сол тұрған күйлерінде суреттерді таңдайды. Қатысушылар 2 топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады (әке, ана суреттеріне қарай) 2.Топ ережесін құру.

Ата – аналар роликті көреді.

Таңдаған суреттеріне қарай 2 топқа бөлінеді, топ ережесін құрады.

2-кезең

(5 мин.)

«Оқып, талдап, ғибрат қыл.»-Мен қазір сіздерге әңгіме оқып беремін, мұқият тыңдаңыздар. (Баяу музыка ойналады.)

Әңгіме бойынша ой бөліседі, ата – ана ретінде не істер еді, ойларымен бөліседі.

ІІ бөлім – практикалық бөлім

1-кезең

(15 мин.)

«Философ және көбелек» аңыз

Топтық шығармашылық жұмыс «Менің отбасым»

Әке тобына: отбасындағы әкенің ролі

Ана тобына: отбасындағы ананың ролі

Жұмбақтың жауабын жұппен талқылап айтады.

Ата-аналар топтық жұмыста постер құрып, өз ойларын ортаға салады, өз түсініктерімен бөліседі, ой түйеді, жұмыстарын қорғайды.

2-кезең

(10 мин.)

«Музыкалық сәлемдеме»

Әр бір топқа таңдау бойынша отбасы туралы өлең жолдары ұсынылады

«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы

Ата-аналарға ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:

Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отыру.

 

1топ: әке туралы ән айтады

2 топ:ана туралы ән айтады

Ата-аналар ережелерді қадағалап отырып сурет салады

Рефлексия

(5 мин.)

Коучингтен алған әсерлерін анықтау

Кері байланыс: «Ашық айтсам...» жаттығуы

Коучингтің жүргізілген күні___________________________________________

Менің есімім_____________________________________________

Менің коучинг барысында түйгенім____________________________________

__________________________________________________________________ Бәрінен де маған ұнады_________________________________

ұсыныс_________________________________________________

__________________________________________________________________ Қолы__________________

Ата – аналар коучингтің өткізілуі ,   ойлары  мен  ұсыныстары  туралы және коучингтен алған әсерлерін «Ашық айтсам...» кері байланыс парағына жазады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу