Музыкалық аспаптар
Мен оқығанды ұнатамын!
Мен оқығанды ұнатамын!
1
деңгей
Балаларға жылдам әрі дұрыс оқуды қалай үйретуге болады? Олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін қандай кітап таңдау керектігін білесіз бе? Бұл сұрақтарға балаларға арналған
«Мен оқығанды ұнатамын!» бағдарламасы бойынша жарық көрген кітаптар сериясы көмектесе алады. Бұл серия 64 кітаптан тұрады, онда балалардың жас ерекшеліктерін және қызығушылықтарын ескере отырып әзірленген және құрастырылған материалдар бар.
Серия 4 деңгейге бөлінген:
«Оқып үйренемін» (5–6 жас), 16 кітап
«Оқи аламын» (6–7 жас), 16 кітап
«Өзім оқимын» (7–8 жас), 16 кітап
«Жақсы оқимын» (8–9 жас), 16 кітап
Алуан түрлі тақырыптар кішкентай оқырмандарды интеллектуалдық тұрғыдан дамытып, қоршаған әлемді тануға мүмкіндік береді.
Балалардың жасына сәйкес блокта ұсынылған тақырыптар:
«Жануарлар», «Жер Ғаламшары»,
«Ғылым және өнертабыстар», «Тарих»
Бұл тақырыптардың әрқайсысында таңғажайыптар мен ең қызықты дегендердің барлығы ұсынылған. Балдырғандарыңыз осы әсем және пайдалы кітаптарды рахаттана оқитын болады!
Музыкалық аспаптар
Музыкалық аспаптар
Мәскеу
«Махаон»
2011
Дүниеде музыкалық аспаптар көп. Оларда қалай ойнау керектігін көрейік.
4
Фортепиано
Фортепианода клавиштерді басып ойнайды. Клавиш балғашаны итереді, ол пернелерді ұрады,сонан соң дыбыс пайда болады.
Фортепианоның екі түрі бар – рояль және пианино. Фортепианода ойнайтын музыкантты пианиношы деп атайды.
5
Рояль
Клавиштер
Аккордеон
Аккордеонның да клавиштері, оған қоса батырмалары мен көрігі бар, бірақ пернелері жоқ. Бұл клавишті-үрлемелі аспап.
Клавиштер
Аккордеоншы клавиштер мен батырмаларды басып, бір мезгілде ауалы көрікті жайып, қайта жиырады.
Ауалы көрік
Валторна
Валторна – мыс үрмелі аспап. Іс жүзінде осындай аспаптарды мыстан емес, жезден немесе
күмістен жасайды.
Валторнашы саусақтарымен вентильдерді басып, бір мезгілде мүктікке үрлейді.
Иілген жез түтік
Вентиль
Қақпақ
Саксофоншы қақпақтарды екі қолымен де басады. Саксофонның жиырмадан астам қақпағы болуы мүмкін.
Саксофон
Саксофонның жеті түрі бар. Ең үлкені –
контрабастық саксофон.
Ол өте төмен дыбыстар шығара алады.
Волынка
Үрленіп толтырылған көріктен ауа үш сыбызғы арқылы шығады.
Волынкашы олардың біріндегі
тесігін ашып және жауып ойнайды.
Дүниенің көптеген елдерінде волын- када ойнайтын адамдар бар. Бұрынғы Шотландияда шайқасқа бара жатқан солдаттарды волынкашылар шығарып салған.
13
Сыбызғы
Көрік
Бас-гитара
Бас-гитара – ішекті шертпелі аспап. Оны өте төмен және қатты дыбыс қажет болғанда қолданады.
Ішек
Тұрқы
Бас-гитараның ішектері өте жуан. Бұл аспаптың дыбысы электрдің көмегімен күшейтіледі.
Скрипка
Скрипка төрт ішегі бар, ысқымен ойналатын аспап. Дыбыс шығару үшін скрипкашы ішектерді ысқымен жүргізеді.
Ысқы жіңішке ағаш таяққа керіліп жылқының
қылынан жасалған.
Ішек
Ысқы
Арфа
Арфа – көп ішекті шертпелі аспап. Арфаның ұзын ішектері төмен, ал қысқалары – жоғары дыбыс шығарады.
Арфашы екі қолының саусақтарымен ішектерді шымшып алады, ал аяқтарымен басқыштарды басады.
Ішек
Соқпалы қондырғы
Соқпалы қондырғының құрамында бірнеше дағыра мен өлшемі
әр түрлі табақтар бар.
Соғымпаз дағыралар мен табақтарды таяқшалармен немесе арнаулы қылшақтармен ұрады.
21
Табақ
Бас-дағыра
Конги
Бұл дағыралардың тұрқы ағаштан жасалған, оның үстінде тері жарғақтар – мембраналар – қатты тартылып кигізілген.
Конгиде алақанмен және саусақтармен ойнайды. Музыкант жарғақтарды
ағаш тұрқымен де ұра алады.
23
УДК 372.3/4
ББК 74.102
Б79
«қазақстан республикасы Мәдениет министрлігінің тіл комитеті
«Мемлекеттік тілді және қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды».
Мектепке дейінгі балалардың үлкен топтарына
Музыкалық аспаптар
Авторы Дениз Райан
MUSICAL INSTRUMENTS
Copyright © 2008 Weldon Owen Pty Ltd Conceived and produced by Weldon Owen Pty Ltd 61 Victoria Street, McMahons Point
Sydney, NSW 2060, Australia
Перевод с английского М. О. Торчинской Научный редактор А. В. Тихонов Ответственный редактор О. А. Самусенко Технический редактор Т. Ю. Андреева Компьютерная вёрстка О. В. Краюшкина Корректор Н. М. Соколова
Все права защищены. All rights reserved.
© Перевод на русский язык.
ООО «Издательская Группа Аттикус», 2008
Machaon®
ISBN 978-5-389-03012-1 (каз.)
ISBN 978-5-389-00401-6 (русск.)
ISBN 978-1-74089-674-0 (авс.)
ООО «Издательская Группа Аттикус» —
обладатель товарного знака Machaon
119991, Москва, 5-й Донской проезд, д. 15, стр. 4
Тел. (495) 933-7600, факс (495) 933-7620
E-mail: sales@machaon.net.
Наш адрес в Интернете: www.machaon.net
ГС № 77.99.60.953.Д.011615.10.07 от 03.10.2007
Қазақ тіліне аударған: Марал Жұмағалиева. Редакторы: Мақпал Тажмағамбетова
Баспагерден алынған эксклюзивті құқықтардың иесі «Кітап ұйық»ЖШС
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қонаев кошесі, 1, тел: (727) 2735906, 2735907
Суретімен 24 бет
Басуға 2011ж. қазан қол қойылды Формат 70х100 1/16 ,жылтыр қағаз Шартты баспа табағы 1,93
Таралымы 11000 дана, тапсырыс №
«№ 2 Офсетті баспа фабрикасы» ААҚ-да басылған
141800, Мәскеу облысы, Дмитров қаласы, Московская көшесі, 3.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру