Экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал. 2 - сабақ.
Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Қоректік тізбек экожүйедегі қоректену қарым-қатынасын сипаттайды. Трофикалық деңгей қоректену деңгейін көрсетеді. Продуценттер бірінші трофикалық деңгейден, шөпқоректілер екінші трофикалық деңгейден, ал етқоректілер үшінші деңгейден орын алады, және солай жалғаса береді. Шынайы экожүйелердегі қоректік тізбектер бір-бірінен оқшауланбайды, керісінше бір-бірімен тығыз байланыста болады. Оларды қоректік желілер деп атайды, және олар экожүйедегі ағзалардың өзара байланысын көрсетеді. Қаршығалар торғайлармен қатар, басқа да кішкентай құстармен және сүтқоректілермен қоректенеді, ал олар өз кезегінде әртүрлі қорек көзімен қоректенеді, бірақ кейбір қорек көздері үшін олар басқа ағзалармен бәсекеге түседі.
Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Топтық ойын барысында орын ауыстыру және партада дұрыс отыруына назар аудару. Оқушылардың өз заттарын сабақ барысында кедергі келтірмейтіндей қауіпсіз орналастырып қоюына назар аудару.
Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Оқушылар ұсынылған ақпараттарды пайдаланып, экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын графикалық түрде көрсете білулеріне назар аудару керек. Экожүйедегі ағзалар арасындағы байланысты талдау арқылы ағзалардың санының өзара реттелуі жүретіндігін, табиғи тепетеңдіктің болатындығын түсіндіру қажет. Ол үшін ағзалар арасындағы қарымқатынастарды график түрінде көрсетуге болады.
Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Оқушылардың тиісті пәндік терминологияны қолдана білулері тексеріледі. экожүйелердің ауысу себептерін түсіндіре білулері, экожүйелердің ауысуы мысалдарын анықтап, себептерін көрестуіне кері байланыстар беріледі.
Сабақтың басталуынан бастап соңындағы рефлексия жүргізуге дейін қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Сабақтың басындағы талқылау кезінде экожүйедегі факторларды түсіндірулеріне назар аудартылып, кері байланыс беріледі. Мысалы, оқушы термин сөзін қолданса, осы термин орынды қолданылды, мына терминді атағаныңыз жақсы болды деген сияқты. Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасаған кезінде әр оқушыға сұрақтар қою арқылы олардың дұрыс бағытта жұмыс жасауына көмек көрсетіледі.
Мәнмәтінмен жұмыс барысында әр топ жұмысына ұсынылған дескрипторлар бойынша бағалау жүргізіледі.
Саралау тапсырмалары
Қосмышада деңгейлік тапсырмалар ұсынылды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?