Экожүйелердің ауысу себептері. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Белгілі бір орта аумағындағы экожүйелердің ауысуы табиғи үдеріс. Ол жүйелі, бағытталған және болжамды үдеріс болып табылады. Экожүйелердің ауысуы барысында бір түр екінші түрді алмастырады. Осылайша біртіндеп биоценоздың алуан түрлілігі артады. Биоценоздағы түр саны көп болған сайын, ол тұрақты бола түседі. Егер қоршаған орта жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты болса, мұндай жағдайда өзгерістер баяу жүреді. Бұл жерде қалыпты жылдамдық геологиялық уақытпен өлшенеді. Қазіргі кезде адамзаттың белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде экожүйелердің ауысу қарқыны ұлғайды.
Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Топтық ойын барысында орын ауыстыру және партада дұрыс отыруына назар аудару. Оқушылардың өз заттарын сабақ барысында кедергі келтірмейтіндей қауіпсіз орналастырып қоюына назар аудару.
Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Оқушылар ұсынылған суреттерінен экожүйедегі өзгерістердің себептерін анықтай білулеріне назар аудару керек. Экожүйедегі өзгерістерді талдау арқылы экожүйенің ауысуын түсіндіру қажет. Ол үшін сукцессия суреттерін көрсетуге болады.
Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Оқушылардың тиісті пәндік терминологияны қолдана білулері тексеріледі. экожүйелердің ауысу себептерін түсіндіре білулері, экожүйелердің ауысуы мысалдарын анықтап, себептерін көрестуіне кері байланыстар беріледі.
Сабақтың басталуынан бастап соңындағы рефлексия жүргізуге дейін қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Сабақтың басындағы талқылау кезінде экожүйедегі факторларды түсіндірулеріне назар аудартылып, кері байланыс беріледі. Мысалы, оқушы термин сөзін қолданса, осы термин орынды қолданылды, мына терминді атағаныңыз жақсы болды деген сияқты. Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасаған кезінде әр оқушыға сұрақтар қою арқылы олардың дұрыс бағытта жұмыс жасауына көмек көрсетіледі.
Мәнмәтінмен жұмыс барысында әр топ жұмысына ұсынылған дескрипторлар бойынша бағалау жүргізіледі.
Саралау тапсырмалары
Қосмышада деңгейлік тапсырмалар ұсынылды.
Сілтемелер мен ресурстар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?