Энергия көздері. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
|
| ||||||||||||||||||||||||||||||
|
| ||||||||||||||||||||||||||||||
| Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||
| Энергия көздері | ||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.5.1.1 энергия көздерін атау | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - энергия көздерін атайды; - энергия көздерімен танысады; | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: - энергия көздерін атай алады; - энергия көздерін ажыратып сипаттай алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: - энергия көздерін ауызша және жазбаша түрде талқылай алады. - энергия көздерін ауызша түсіндіре алады. -бақылау барысында өз ойын айтады және ары қарай энергия көздерін анықтауға ой қоса алады. Пәнге тән лексика мен терминология: Энергия, энергия көздері, жаңаратын, жаңармайтын, табиғи, жасанды. Айтылымға қажетті сөздер мен сөз тіркестер: Энергия көздерінің бірнеше түрлері бар… Болашақта энергия көздері… Глоссарий
| ||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | -Өмір бойы оқуға құштарлық, қоршаған ортаны танып-білуге құштарлық. -Оқушылардың бірін-бірі сыйлауы, мұғалімді сыйлауы. -Оқушылардың айтқан пікірлері мен ойына сыйластықпен қарау. -Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты, академиялық шындықты дарытуға бағытталған. -Құндылықтарды дарыту жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, жеке жұмыстарды орындау барысында жүзеге асады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сабақ тақырыбы энергия көздері болғандықтан, тақырып физика курсымен байланысты оқытылады. Жаңартылатын және жаңармайтын энергия көздерін талқылау барысында экология және биология пәндерімен байланыс қарастырылады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтордан қажетті ақпараттарды тауып, пайдалана білу | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | 5 сынып, Жаратылыстану 5.5.1.1 энергия түрлерін ажырату 5.5.1.6 энергияның өзара айналымына мысалдар келтіру | ||||||||||||||||||||||||||||||
ЖОСПАР | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-3 мин 4-5 мин | 1. Ой қозғау Оқушылар бір-бірден тақтаға шығып, бір қыздыру немесе жарықтандыру құрылғысының атын жазады. Пеш, батарея, шам, т.б. ... Қалыптастырушы бағалау:
2. Сабақ мақсатын айқындау Ой қозғау тапсырмасын орындап болған соң оқушыларға сұрақтар қоя отырып сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Үлгі сұрақ: Қыздыру және жарықтандыру құралдарын атаудағы мақсатымыз қандай? | Презентация Қосымша 1 | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 6-9 мин 10-17 мин 18-26 мин 27-30 мин 31-35 мин | 3. Глоссариймен жұмыс Оқушылардан энергия, энергия көздері, жаңаратын, жаңармайтын, табиғи, жасанды. ұғымдарын қалай түсінетіндерін сұрау. Оқушылар өз ойларын ортаға салады, түсіндіреді, бірін-бірі толықтырады. 4. Жаңа тақырыпты игеру Оқушылар кесілген суреттер бойынша топтарға бөлінеді. Топтар бойынша жұмыс: 1-топ Жылу энергия көздері 2-топ Жел энергия көзі 3-топ Су энергия көздері 4-топ Күн энергия көздері Әр топ берілген сурет бойынша постер жасайды. Қосымша ақпарат іздеу үшін ноутбуктар беріледі. Топтық жұмыс барысында мұғалім бақылайды, қажет болған жағдайда оқушыларға бағыт-бағдар береді. 5. Постерлер қорғау Оқушылар өз жұмыстарын ұсынады және қорғайды. Әр топтың презентациясына 2 минуттан. Қалыптастырушы бағалау:
6. Бейне ролик «Баламалы энергия көздері» Оқушылар «Баламалы энергия көздері» ролигін көреді. Видео үзіндіден соң оқушылармен бірге талқылау.
7. Сабақты бекіту Оқушылар берілген тапсырманы орындайды және соңында өзін- өзі бағалайды. Қалыптастырушы бағалау
| Глоссарий презентация Қосымша 1 Әр топқа ноутбук қажет Постерге А2-А3 форматындағы қағаз фломастерлер постерлер https://www.youtube.com/watch?v=B3YgdRXZ1X0 Қосымша 2 | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 36-38 мин 39-40 мин | 8. Кері байланыс «Көңіл-күй өлшегіші» Сабақ соңында оқушылар кері байланыс жүргізеді: Оқушылар себеттерге әртүрлі заттарын қояды (мен энергия көздерінің 5 түрін сенімді түрде айта аламын, энергия көздерінің үш түрін сенімді түрде айта аламын, энергия көздерін айта алмаймын). 9. Үй тапсырмасы «3 минуттық эссе». Оқушылар энергия көзін таңдайды. Өз таңдауыңның артықшылықтары мен кемшіліктерін жазбаша түрде жаз. (Зияны немесе пайдасы) | Түрлі оқушы құралдары Қалам, қарындаш т.б. | |||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар Энергия көздерін атай алады. Оқушылардың көпшілігі Энергия көздерін сипаттап, оның қандай энергия көзіне жататынын ажырата алады. Кейбір оқушылар Энергия көздерін талдау арқылы, артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырып 3 минуттық эссе жаза алады. |
| Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақ барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін еске сақтау Ноутбукпен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік ережелерін орындауын қадағалау. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?