Жасуша компоненттері. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: 6.3А Тірі және өлі табиғат-тағы үдерістер | Мектеп: | ||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Жасуша компоненттері | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.4.2.1 жасуша компоненттерін анықтау | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы:
| ||||||||
Бағалау критерийлері | Құрылыс ерекшеліктерін ажырату үшін жасуша компоненттері моделін жасайды; Жасуша компоненттерінің құрылыс ерекшеліктері мен қызметерін сәйкестендіреді. | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар жасуша компоненттерінің ерекшеліктерін модельді пайдаланып, ауызша түсіндіре алады. Пәндік лексика және терминология: Ядро, цитоплазма, жасуша мембранасы, жасуша қабырғасы Айтылымға қажетті сөз тіркестері: Жасуша мембранасы ... атқарады, себебі ... Жасуша қабырғасы ... атқарады, себебі ... Цитоплазма ... атқарады, себебі ... Ядро ..., ... қызметтерін атқарады, себебі ... | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты, академиялық шындықты дарытуға бағытталған. Құндылықтарды жеке, жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыстарды орындау барысында өзгенің ойын тыңдауға үйренеді. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | модель жасау барыснда түрлі құралдарпды пайдаланып, жасуша компоненттеріне пішін беру АРТ байланыс орнатылады. | ||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 5 – ші сыныпта тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлері мен танысты. Оқушылар уақытша микропрепарат дайындаай алады, микропрепараттан жасушаның компоненттерін ажырата алады. Бастапқы білімді жаңғырту жұптық жұмыс барысында микропрепараттар әзірлеу сатыларының ретін көрсету арқылы жүзеге асады. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 0-5 5-10 | 1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар жұптық жұмыс барысында «5.4.2.4 уақытша микропрепарат дайындау» атты оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді. Оқушылар уақытша микропрепарат әзірлейді. Оқушылар микропрепарат әзірлеп болғаннан кейін, мұғалім сұрақ қояды. -Не себепті жұқа нысанан микропрепарат әзірленеді? -Микропрепарат әзірлеуде неге йод қолданылады?
Мұғалім оқушылар жауаптарын толықтырып, оқушыларға кері байланыс береді. 2. Ой шақыру. «Жасуша» сөзіне синквейн құрастырады. 3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары жақын арадағы даму аймағы анықталады. | Қосымша 1 | |||||||
Сабақтың ортасы 10-20 20-22 22-32 32-37 | 4. «Жасуша құрылысы» бейнеақпаратпен танысып, ермексаздан жасуша моделін әзірлейді. 5. Оқушылар жасуша моделін әзірлеп болғаннан кейін, сұрақтарға жауап береді. 6. Мұғалімнің түсіндірмесі. Мұғалім жасушаның компоненттерімен таныстырады. 7. Топтық жұмыс. Оқушылар мәтінді пайдалана отырып, жасуша компоненттерінің қызметтерін анықтайды. 1 топ: ядро құрылысы мен қызметтерін анықтайды, өзге топ мүшелеріне түсіндіреді; 2 топ: цитоплазма құрылысы мен қызметтерін анықтайды, өзге топ мүшелеріне түсіндіреді; 3 топ: жасуша мембранасы құрылысы мен қызметтерін анықтайды, өзге топ мүшелеріне түсіндіреді.
Мұғалім кері байланыс береді. 8. Сабақты бекіту Жасушаның әр компонентнің құрылыс ерекшелігі мен қызметін анықтайды. Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауаптардың көмегімен өзара бағалау жүргізеді. | Қосымша 2 Қосымша 3 | |||||||
Сабақтың соңы: 37-40 | 8. Рефлексия Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды. Сабақ басында өқрастырған синквейге қайта оралу, толықтыру. Кері байланыс «синквейн» әдісі | Қосымша 4 | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Қайталау кезеңінде оқушылар 1, 2, 3, 4 ке санау арқылы топтарға бөлінеді. Оқу материалының жеткізу деңгейін таңдайды: білу, түсіну және қолдану (сурет), талдау (суреттерді салыстыру және талдау). Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, практикалық жұмыс сурет). Сабақты бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделендірілген тапсырмалар ұсынылады. | «Жасуша» сөзіне синквейн құрау атқылы бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Топтық жұмыс арқылы мәтінді пайдалана отырып, жасуша компоненттерінің қызметтерін анықтау, салыстыру дағдыларын бағалау. | ® = техника қауіпсіздігінің ережесі Оқушылар йодпен жұмыс жасағанда қорғаныш көзәйнегін киюді және жамылғы шыны мен пышақты ұстағанда сақ болуларын қадағалау |
Қосымша 1
Микропрепарат әзірлеу
Пияздан шамамен 1 шаршы см бөлігін кесіп алу.
Пинцеттің көмегімен ішкі жағынан жұқа өңін сылып алып, оны заттық шынының ортасына тамызылған судың үстіне орналастыру.
Үстіне бір тамшы йод тамызып, оны жұқа жабын шынымен жабу.
Заттық шыныны микроскоптың заттық үстелшесіне орналастырып, екі жағынан бекіту.
Дайын пияз өңінің микропрепаратын микроскоптан қарау.
Қосымша 2
https://www.youtube.com/watch?v=BUs6fDX2pH8 Ермексаздан жасалған өсімдік жасушасы
Қосымша 3
Мәтін «Жасуша компоненттері»
Ядро - бұл жасушаның маңызды бөлігі. Ядро жасушаның барлық үдерістеріне жауапты. Ядро бөлу бөліну нәтижесінде қалыптасатын жаңа жасушаның пайда болуы туралы тұқымдық мәліметтерді қамтиды.
Цитоплазма - жасушаны толтыратын түссіз, тұтқыр зат. Цитоплазмаға жасушаның басқа бөліктерін байланыстырады.
Мембрана - бұл цитоплазманы қоршап тұрған және ол арқылы әртүрлі заттардың алынуына жауап беретін жұқа жартылай өткізгіш пленка. Ол жасуша қабырғасының астында орналасқан.
Жасушаның қабырғасы жасушаны қорғайды және оған белгілі бір пішін береді. Жасуша қабырғасында беріктігі құрамындағы целлюлозаға байланысты.
Пластидтер - жасушаның кішкене бөліктері. Пластидтер түссіз және түсті болуы мүмкін. Жасыл пластиттер хлоропластар деп аталады, оларда фотосинтезге қатысады. Вакуоль - жасуша шырынымен және жасуша жасайтын заттармен толтырылған қуыс. Жасушаның жасы ұлғайған сайын вакуольде үлкейе береді.
Қосымша 4
Кері байланыс «Синквейн»
1. Жасуша
2. екі сын есім
3. үш етістік
4. бір сөйлем
5. екі синоним
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?