Тыныс алғанда және тыныс шығарғандағы ауа құрамы. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: 6.3А Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Тыныс алғанда және тыныс шығарғандағы ауа құрамы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.4.2.7 тыныс алғанда және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықты зерттеу | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы:
| ||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | 1. Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықты сипаттайды; 2. Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықтың себебін ажыратады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындай алады: Tыныс алғанда және тыныс шығарғандағы ауаның құрамындағы айырмашылықтардың себебін көрсетіп жазбалар жасап, есеп дайындайды Пәнге тән лексика мен терминология: Оттегі, көмірқышқыл газы, су булары, азот Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:
Tыныс алғанда және тыныс шығарғандағы ауаның құрамындағы айырмашылықтың себебі... . | ||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Жұпта және топта жұмыс істеу барысында ынтымақтастық, өзіне және басқаларға құрметпен қарау, академиялық адалдық - өз бетімен жұмыс істеу, ашықтық - оқушылар сабақтың мақсаттарын және міндеттерін өз бетінше анықтай алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биологиялық ұғымдар туралы көбірек біледі. НЕМЕСЕ Топта жұмыс істегенде оқушылар биологиялық терминдерді қолданатын болады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 5 – ші сыныпта . 5.2.4.2 тіршілік ету үшін қажетті жағдайларды анықтады. Оқушылар тірі ағзаларға қажетті жағдай ауа екенін ажырата біледі. Бастапқы білімді жаңғырту топтық жұмыс барысында ауаның құрамындағы газдардың атаулары және әрбір газдың пайыздық ара қатынасын сипаттау арқылы жүзеге асады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 5-10 | 1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. 5.2.4.2 тіршілік ету үшін қажетті жағдайларын анықтау мақсаты бойынша ауа құрамын атай біледі. Ауаның құрамындағы газдардың атаулары және әрбір газдың пайыздық ара қатынасы туралы ойларымен бөліседі. Содан соң оқушылар тыныс алғанда және тыныс шығарғандағы ауаның айырмашылығына болжам жасайды.
2. Ой шақыру. Тыныс алғанда және тыныс шығарғандағы ауа құрамын қандай тәжірибелер көмегімен анықтауға болатынын ұсынады.
3. Мақсатты тұжырымдау. Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10-15 15-20 20 - 32 32-37 | 4. «Сұрақ жауап» әдісі. Оқушылар «Неліктен біз үздіксіз тыныс аламыз және тыныс шығарамыз?» сұрағының жауабын талдайды. 5. Мәтін «Не үшін біз тыныс алуымыз керек?» Ағзадағы әрбір жасуша жұмыс істеуге қажетті энергия бөлу үшін тыныс алады. Тыныс алу кезінде ауадығы оттегін сіңіріліп, көмірқышқыл газы сыртқа шығарылады, сондықтан біз қанымызға оттегіні енгізу үшін және одан көмірқышқыл газын шығару үшін тыныс аламыз. Біз дем алатын ауа 21% оттегіден тұрады, ал дем шығарған кезде түзілген ауа құрамында 16-17% оттегі болады, бұл оттегінің ағзамен жұтылып, қолданысқа ие болғандығын көрсетеді. 6. Мұғалімнің түсіндірмесі. Үздіксіз тыныс алу және тыныс шығару арқылы өкпедегі ауа жаңарып тұрады да, оттегінің концентрациясы жоғары деңгейде болады, ал альвеоладағы көмірқышқыл газының концентрациясы төмен деңгейде болады. Диффузия градиенттері сақталатындықтан, газдар үздіксіз қанға тез таралып, тез шығып отыратынын талдайды. Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа құрамы
7. Топтық жұмыс. Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықты (оттекті, көмірқышқыл газын, суды және энергияны салыстыру арқылы) зерттейді. 1-топ. Оттекті салыстыру: Алдымен бос стақанды немесе банканы май шамның үстінде орналастыру керек. Содан соң төңкерілген стақанды немесе банканы түтіктің көмегімен дем шығарған ауамен толтырады. Стақанды абайлап, жағылған шамға жауып, оның қанша жанатынын белгілеу. Таза ауасы бар стақанмен тәжірибені қайталау. Майшамның жану ұзақтығы арқылы қай ыдыстағы ауада оттегі көп болғанын анықтау. 2- топ. Көмірқышқыл газын салыстыру: Тыныс шығарғандағы ауаны ізбесті суы бар стақанға бағыттау керек, таза ауаны ізбесті суы бар басқа стақанға бағыттау керек. 3- топ. Суды салыстыру: үстелдің үстіне құрғақ кобальт хлориді қағазының 2 жолағын қою керек. 1-ші жолаққа тынысшығару керек. 4- топ. Энергияны салыстыру: термометрді үстелдің үстіне қойып, температураны жазып алу, сонан соң оған тимей термометрге тыныс шығару.
Мұғалім кері байланыс береді. 8. Сабақты бекіту Оқушылар тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды кестеге жазады.
Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауаптардың көмегімен өзара бағалау жүргізеді.
| Қосымша 1 Қосымша 2 Қосымша 3
Қосымша 4 | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы: 37-40 | 8. Рефлексия Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды. Кері байланыс «Бағдаршам» әдісі Қызыл – «Мен ешнәрсе түсінбедім» Сары – «Менің сұрақтарым бар ...» Жасыл – «Мен барлығын түсіндім» | Қосымша 5 | |||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||
Қайталау кезеңінде оқушылар жеке жұмыс жасайды. Оқу материалының жеткізу деңгейін таңдайды: білу, түсіну және қолдану (сурет), талдау (суреттерді салыстыру және талдау). Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, сурет). Сабақты бекіту кезеңінде қызығушылығы төмен оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Қызығушылығы жоғары оқушыларға күрделендірілген тапсырмалар ұсынылады. | 5.2.4.2 тіршілік ету үшін қажетті жағдайларын анықтау оқу мақсаты бойынша бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Топтық жұмыс арқылы Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықты анықтау барысында зерттеу дағдыларын бағалау. | ® = техника қауіпсіздігі ережесі Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықты (оттекті, көмірқышқыл газын, суды және энергияны салыстыру арқылы) зерттеу барысындағы жұмыстарды асқан ұқыптылықпен жасауын қадағалау. |
Қосымша 1
Мәтін «Не үшін біз тыныс алуымыз керек?»
Ағзадағы әрбір жасуша жұмыс істеуге қажетті энергия бөлу үшін тыныс алады. Тыныс алу кезінде ауадығы оттегін сіңіріліп, көмірқышқыл газы сыртқа шығарылады, сондықтан біз қанымызға оттегіні енгізу үшін және одан көмірқышқыл газын шығару үшін тыныс аламыз. Біз дем алатын ауа 21% оттегіден тұрады, ал дем шығарған кезде түзілген ауа құрамында 16-17% оттегі болады, бұл оттегінің ағзамен жұтылып, қолданысқа ие болғандығын көрсетеді.
Қосымша 2
Үздіксіз тыныс алу және тыныс шығару арқылы өкпедегі ауа жаңарып тұрады да, оттегінің концентрациясы жоғары деңгейде болады, ал альвеоладағы көмірқышқыл газының концентрациясы төмен деңгейде болады. Диффузия градиенттері сақталатындықтан, газдар үздіксіз қанға тез таралып, тез шығып отыратынын талдайды.
Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа құрамы
Газдар | Тыныс алғандағы ауа құрамы( %) | Тыныс шығарғандағы ауа құрамы (%) |
Оттек | 21 | 16 |
Көмірқышқыл газы | 0,03 | 4 |
Азот | 79 | 79 |
Қосымша 3
1-топ. Оттекті салыстыру: Алдымен бос стақанды немесе банканы май шамның үстінде орналастыру керек. Содан соң төңкерілген стақанды немесе банканы түтіктің көмегімен дем шығарған ауамен толтырады. Стақанды абайлап, жағылған шамға жауып, оның қанша жанатынын белгілеу. Таза ауасы бар стақанмен тәжірибені қайталау. Майшамның жану ұзақтығы арқылы қай ыдыстағы ауада оттегі көп болғанын анықтау.
2- топ. Көмірқышқыл газын салыстыру:
Тыныс шығарғандағы ауаны ізбесті суы бар стақанға бағыттау керек, таза ауаны ізбесті суы бар басқа стақанға бағыттау керек.
3- топ. Суды салыстыру: үстелдің үстіне құрғақ кобальт хлориді қағазының 2 жолағын қою керек. 1-ші жолаққа тынысшығару керек.
4- топ. Энергияны салыстыру: термометрді үстелдің үстіне қойып, температураны жазып алу, сонан соң оған тимей термометрге тыныс шығару.
Қосымша 4
Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы
ауа құрамындағы ұқсастық пен айырмашылықтар
| Тыныс алу | Тыныс шығару |
Ұқсастықтар | ||
Айырмашылықтар |
Қосымша 5
«Бағдаршам» әдісі
Қызыл – «Мен ешнәрсе түсінбедім»
Сары – «Менің сұрақтарым бар ...»
Жасыл – «Мен барлығын түсіндім»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?