Заттардың құрылысы мен қасиеттері. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақты өткен тақырыпты еске түсіру үшін тест жұмысын алудан бастаңыз. Тест барысында атом, молекула туралы білімдерін тексере отырып, атом материяның ең ұсақ бөлшегі болып табылатынын оқушылардың естеріне түсіріңіз. Осыдан кейін барып, жаңа тақырыптың мақсатын, бағалау критерийлерін анықтайды.

Сабақтың ортасында «Атом деген не?» деген тақырыптағы атомның құрылысы туралы бейнекөрініс көруді ұсыныңыз. Оқушылар алдын - ала сұрақтарды оқып танысуы тиіс. Ол үшін оларға уақыт беріңіз. Оқушылар бейнекөріністі көріп болғаннан кейін, бейнекөрініс мазмұнына сай құрылған тапсырманы орындайды. Әр тапсырманы орындағаннан кейін оқушылардың жұмысына кері байланыс беріңіз. Ақпаратты толықтыру үшін мәтінмен жұмыс жасатыңыз. «Белгілеу арқылы оқу» әдісін қолдану барысында оқушылар арнайы белгілерді қолдану арқылы мәтінді оқиды. Протон мен нейтрондар ядроның ішінде, ал электрондар оның сыртында орналасатынына, электрондардың саны протондардың санына тең келетініне, бөлшектердің санын дұрыс есептей білуге оқушылардың назарын аударыңыз.

Ресурстар бөлімінде көрсетілген сілтемелердегі бейнекөріністерді қосымша көрсетуге болады. Қосымша материалдарда берілген тапсырмаларды сабақты бекіту үшін қолданыңыз. Оқушыларды өз жұмысын немесе басқа жұмыстарға дескрипторға сай кері байланыс беруге дағдыландыру қажет.

 Ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылған (бейнекөрініс, мәтін, сурет, презентация). Оқушылардың тақырыпты толықтай меңгеруі үшін қосымша материал ретінде презентацияны да қолдануға болады. Сабақ барысында қабілеті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Әр тапсырманы орындау кезінде оқушыларды дескриптормен таныстыруды ұмытпаған жөн. Қалыптастырушы бағалау сабақ бойына өткізіледі. Оқушыларға кері байланыс беріп отыруды ұмытпаңыз.

 Сабақ соңында бастапқы оқу мақсатына, бағалау критерийіне қайтадан оралып, оқу мақсатын меңгергендіктері туралы әңгімелесіңіз. Оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алыңыз.

 

 Тиімді сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=lP57gEWcisY

http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/add_aqa_pre_2011/atomic/atomstrucrev1.shtml

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу