Электр тізбегі дегеніміз не? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 Табиғат физикасы | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||||
Күні | ||||||||||
Тақырыбы | Электр тізбегі дегеніміз не? | |||||||||
Оқу мақсаты | 3.5.5.2 қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинау; 3.5.5.3 қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсыну; 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу. | |||||||||
Сабақтың мақсаты | Электр тізбегі неден тұратынын түсінеді. Электр тізбегінің жұмысымен танысады. | |||||||||
Бағалау критерийі | Электр тізбегі элементтерін атайды. Электр тізбегінің жұмысын сипаттайды. | |||||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||||
Құндылықтар | Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика, қазақ тілі, көркем еңбек | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Электр тогымен жұмыс істейтін құралдарды атайды, электрдің адам өміріне қажетін сипаттайды. Электрлену құбылысына мысал келтіреді, электрдің ашылуы туралы біледі. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы | Кіріспе тапсырма. Топтарға біріктіру. Тапсырма «Тізбек деген не?» сұрағына жауап беру және тізбек құрастыру. Жұмыстарын таныстыру (сөздер тізбегі, оқушылар тізбегі, моншақ, жаңажылдық шам тізбегі, мүмкін электр тізбегі т.с.с), түсіндіру. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау (Сабақта тізбектер туралы білеміз, құрастырамыз) | Маркер парақ | ||||||||
Сабақтың ортасы | Тізбектерді салыстыр. Қағаз шығыршықтар тізбегі мен электр тізбегін көрсету. Оларға не ортақ? Қандай айырмашылығы бар? Екеуін де тізбек деп атауға бола ма? Ортақ белгісі: тізбектің элементтері бір-бірінен кейін өзара жалғаса орналасып, тұйық тізбекті құрайды. Айырмашылығы: электр тізбегіндегі элементтер әртүрлі болады Негештің тізбегі басқа элементтерден құрала ма? Қандай? Егер бір сымды ажыратып жіберсе, Негештің тізбегінде не өзгереді? (Шам сөнеді.) Жана ма, жанбай ма? Мақсаты: электр құрылғысы жұмыс істеу үшін тізбекке нені қосу керектігін тәжірибе негізінде анықтау. Топтық жұмыс. Әр топқа тұғырға орнатылған шам тарату. Қалған электр құрылғыларды жеке үстелдің үстіне қою. Артық құрылғыларды да қоюға болады. Мысалы, амперметр, вольтметр, қосымша шамдар.
Қажет құрылғыларды таңдау Суретпен жұмыс.
Үстелдің үстіне тек қажет құрылғыларды (ток көзі, сымдар мен шам) қалдырып, артықтарын үстелге қайтару. Электр тогы.
Құбырлардың бойымен су қалай ақса, электр сымдар арқылы электр көзінен құрылғыларға солай өтеді. Бұл құбылыс электр тогы деп аталады. Электр тізбегі неден тұрады?
(Құрылғылар сымдармен жалғанбаған) Тақтаға бірінші қорытынды жазу: электр тізбегі тұйық болуы тиіс.
Таңдалған құрылғыларды атау, олардың қызметтерін бірге талқылау. Құрылғылар:
Құрылғылардан электр тізбегі құрылатынын, мұндай тізбек оның барлық элементтері бір-бірімен жалғасса ғана жұмыс істейтінін айту. Модель жаса. Мақсаты: электр тізбегі жұмысының физикалық мәнін түсіну. Электр тізбегінің «тірі үлгісін» жасау. Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырады: «Электр тізбегін құрамыз!» Оқушылар оң алақанын жоғары қаратып, сол алақанымен келесі оқушының алақанын жабады. Оқушылардың біреуіне теннис шарлары салынған шелекті береді. Бұл оқушы ток көзінің рөлін атқарады, ал теннис шарлары – электр. «Ток көзі» шелектен шарларды алады да, оқушылар оны шеңбер бойымен бір-біріне береді. «Ток көзінің» қасында тұрған соңғы оқушы оларды қайтадан шелекке салып тұрады. Оқушылардың біреуі кілт. Белгілі бір сәтте «кілт» қолын көтереді де, тізбек үзіледі. Оқушылар шарларды бере алмайды. Талқылау:
«Кілт» қолын жалғайды, тізбек қайтадан тұйықталады да, оқушылар қайтадан бір-біріне шар бере алады.
Мұғалім, «ток көзінен» кішкене әрі шегініп, қолын босатады. Тізбек қайтадан тұйықталады. Не болғанын талқылау. (Сым ток көзінен ажыратылды.) Тізбектен ток қайтадан жоғалып кетті.
Оқушылар электр тізбегі жұмыс істеу үшін ол тұйық болуы керек деген қорытындыға келеді. Ойлан. Оқушыларға шам тізбегін көрсету. Тақырыпқа сай келетін нұсқасы - электр шамдары бар тізбек. Оны безендіру алдында тексеру қажет.
Үй жұмысы: үйдегі электр тізбектерін бақылау, суретін салып келу. Өзіндік жұмыс 56-жұмыс парағы. «Электр тізбегі. Неге шам жанбайды? Қай тізбекте шам жанатынын анықтайды. 57-жұмыс парағы. «Электр тізбегінің элементтері». Тізбек неден тұрады? Электр тізбегі элементтерінің атауын жазу, олардың әрқайсысы қандай қызмет атқаратынын көрсету. Ребус. Жасырылған сөздерді шешу, олардан сөйлем құрау. ҚБ. мұғалімнің жазбаша кері байланысы | Шығыршық тізбегі және электр тізбегі диаметрі әртүрлі және түрлі металдардан жасалған сымдар; Батарея; Тұғырға орнатылған шам; Кілт; Теннис доптары салынған шелек; Шамдары тізбектей қосылған электрлік тізбек Жұмыс дәптері | ||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия кезеңі. Сабақ кезеңдерін пысықтау. Не үйрендік? Кері байланыс. Мен білдім: ......................... Мен түсіндіре аламын ................................ Менің түсінбегенім ..................................... ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы. | Кері байланыс парағы | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Сұрақ қою барысында саралау. Тапсырмалар бойынша саралау. | Қалыптастырушы бағалау құралдары: - мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау, бағыттау); - жұпта өзара бағалау; - мұғалімнің жазбаша кері байланысы; - оқушылардың жазбаша кері байланысы; - оқушылардың жауабын, іс-әрекетін бақылау; | - Сабақ барысында іс әрекет жиі ауыстырылады; - қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен? | ||||||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?