Табиғатты тану әдістері. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім. Мен - зерттеушімін.Ғылым мен зерттеушілердің рөлі. | Мектеп: Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні :Омарова А.Е. | ||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Табиғатты тану әдістері | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау; 3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау | ||||||
Сабақ мақсаттары | -ақпарат көздерін анықтау -ақпарат көздерінің ерекшеліктері мен кемшіліктерін анықтау | ||||||
Жетістік критерилері | Қалыптастырушы бағалау (ҚБ) бойынша мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықтар құжатынан таңдап алынған ОМ үшін табыс критерилерін көшіріп алыңыз. ҚБ үшін таңдап алынбаған ОМ үшін табыс критерилерін өзіңіз құрастырыңыз. | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Талқылауға арналған сұрақтар: •неліктен ғылыми жаңалықтар адамның күнделікті өміріне әсер етуі тиіс? •Неліктен эксперимент арнайы жағдайларды талап етеді? •Бір-біріңіздің тұжырымдарыңызды тыңдаңыздар. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Қоршаған ортаны қорғау, суды ластамауға, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика, дүниетану | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Өте маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы (0-5 мин) | (Ұ) Сұрақ-жауап әдісі.
«Білгіш қалпақ» ойыны. Қалпақты кезекпен кигізе отырып ашық сұрақтар қойылады. | Қалпақ | |||||
Сабақ ортасы (5-35 мин) | (Ұ) Оқушылармен бірге ақпарат көздерінің тізімін жасаймын. Ақпарат көздері туралы оқушыларға мәлімет беріп кетемін . (Ұ,Ө) Үйге берілген интернет желісінен алып келген ақпараттарын оқып шығады. 2-3 сөйлемнен 5-6 оқушы . ақпараттар талқыланады. Ақпарат көзі анықталады. (Ұ) «Робот» туралы бейнематериал көрсетіледі. Тақырып талқыланады. Ақпарат көзі анықталады. ( Ұ) Энциклопедиядан «Гүлдің құрылысы» ақпараты ұсынылады. Ұсынылған ақпарат талқыланып ,ақпарат көзі анықталады. (Т) Оқушыларға өте маңызды ғылыми жаңалықтар ашқан зерттеуші-ғалымдар туралы мәліметтер жазылған энциклопедиялар, анықтамалықтар материалдарын таратып беріңіз. Оқушылар өте маңызды ғылыми жаңалықтар арасынан адамның күнделікті өміріне әсері туралы білетіндерін іріктеп алып топта талқылайды.(Рентген сәулесі, Менделеев кестесі т.б.) (Ө) Ақпарат көздерінің ерекшеліктері мен кемшіліктері графигке салынып, себебі түсіндіріледі. | Слайд Видео , http://bilimmedia.kz/kk/home#lesson=12019 Балаларға арналған энциклопедия Диаграмма | |||||
Сабақтың соңы (35-40 мин) | - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - қандай жұмысты жалғастыру қажет | ||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде көрінуі мүмкін. Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?