Тіс. Тіске күтім жасаудың маңыздылығы. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
| Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні : Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақтақырыбы | Тіс. Тіске күтім жасаудың маңыздылығы | |||||||||||
Оқу мақсаттары | 2.2.3.5 денсаулықты сақтауда тіске күтім жасаудың маңыздылығын анықтау 2.1.2.1 «ақпарат көзі» түсінігін және оның зерттеулер жүргізу үшін маңызын түсіндіру 2.1.2.3 шартты белгілер көмегімен бақылау нәтижелерін тіркей білу | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Тіске күтім жасауды түсінеді.Тістің құрылысын біледі. Тіске күтім жасаудың маңыздылығын түсіндіре алады.Денсаулыққа тигізетін әсерін атай алады. | |||||||||||
Бағалау критерийлері | Тісті күтудің денсаулыққа тигізетін әсерін атайды. | |||||||||||
Сөздік қор | Тіс, ақыл тістері, сүт тістері, күрек тістер, ит тістер, азу тістер, т.б. сөздер мен терминдерді пайдаланады. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | еңбек және шығармашылық, жауапкершілік | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика,дүниетану, биология. | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Адамның қаңқасы мен бұлшық еттері | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақ басы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі Терең ғылым сананың, Тегі дөп ой саламын. Маңыз беріп оқимыз, Ғылымға кіріспе сабағын (МК,Ұ) Сабақтың тақырыбын ашу -Балалар, сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін сендерге мына бір аудиоматериады/дыбысты тыңдауды ұсынамын. /оқушылар дыбысты тыңдайды және өз пікірлерін айтады/ -Балалар, сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ? -Бүгінгі сабақта не үйренесіңдер, не білесіңдер, қалай ойлайсыңдар? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ | Қима қағаздар http://noisefx.ru/skachat-zvuk-chistki-zubov.html | ||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 10 минут 10 минут | (Ө,Қ)Тісті зерттеу Оқушыларға кішкентай айнаны алып, өз тістерін қарап, санап шығу ұсынылады. -Балалар, не байқадыңдар? -Ауыз қуысымызда неше тіс бар екен? -Тістердің барлығы бірдей ме? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ Адамда барлығы 28 негізгі тісі болады. Кейбір адамдарда 4 ақыл тіс өседі. Сонымен барлығы 32. Тістердің 3 түрі бар:азу тістер, ит тістер, күрек тістер. (Ө,Ұ,Қ)Тәжірибе жасау -Балалар, қай тіс қандай қызмет атқаратынын білгілерің келе ме? Ендеше мен сендерге тәжірибе жасап көруді ұсынамын. Оқушыларға алма, кәмпит, тоқаш ұсынылады. Оқушылар тағамдарды жеп, әр тістің қандай қызмет атқаратынын анықтайды. -Ең бірінші не істедіңдер? -Содан кейін ше? -Қай тістермен тағамды шайнадыңдар? Қорытынды: Күрек тістермен -тағамды тістейміз. Ит тістермен -тағамды жұламыз, жыртамыз. Азу тістермен - тағамды шайнап, ұсатамыз. Стоматологпен кездесу Стоматолог келіп текше арқылы ойын ойнатады. Оқушылар текшені айналдырады, үстіңгі қырында шыққан сұрақты оқиды және сұраққа жауап береді. Стоматолог оқушылардың жауаптарын толықтырады. 1/Тісті күніне неше рет тазалау керек? 2/Тістің бұзылуына не әсер етеді? 3/Тісті тазалау тәртібін көрсетіңіз. 4/ Тіске арналған қандай пасталарды білесіз 5/Қандай тағамдар тіске пайдалы? 6/Қандай тағамдар тіске зиян? | Инерактивті тақта Оқушылар санына сәйкес айналар Үлестірмелі парақтар Табақшаның үстінде алмалар, сүлгі Текше, сұрақтар, жақ макеті | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | (Ө)Рефлексия –Мен ....... білдім. -Мен ................ үйрендім. -Мен ................ білгім келеді. (Ө) «Өзін-өзі бағалау» «Жетістіктер ағашы» оқушылар жасыл/сары стикерлерді алып, ағашқа жапсырады. Жасыл-түсіндім, білемін, қолдана аламын. Сары- сенімсізбін. | Интерактивті тақта Стикерлер арқылы | ||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар тіске күтім жасау жолдарын өз бетінше айта алады. | Белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?