Жер бетінің үстіңгі қабаты. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


ПӘН: Ғылымға кіріспе

3A БӨЛІМ: «Ғарыш»

ТАҚЫРЫБЫ: «Жер бетінің үстіңгі қабаты»

Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Абдилова Б.М.

СЫНЫП: 1

ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ:

ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

1.1.1.2. Сұрақтарға жауап табу: глобусқа қарап отырып, Жерге қатысты сұрақтарға жауап іздеу.

 САБАҚТЫҢ

 МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Оқушылар еліміздің аймақтарын картаға қарап

анықтайды және ондағы өзен, көлдер, таулар,

жазықтар қалай бейнеленгенін біледі;

  • Жердің көп бөлігін су алып жатқанын есте сақтайды.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Пластилин, балшық, бояулар арқылы жазықтықтардың, таулар мен көлдердің, өзендердің, мұхиттардың, теңіздердің бейнесін құрастырады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Оқушылар картадан таулы жерлер мен

жазықтарды, өзен, көлдерді таба алады;

  • Тірек сөздерді үш тілде біледі және сабақты қорытындылауда қолданады;

ТІЛДІК МАҚСАТ:

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Сабақта диалог үшін қолданылатын тіл:

Талқылау сұрақтары:

Глобуста Жердің көп бөлігін не алып жатыр? Картада жазықтықтардың, таулы жерлер мен мұхит, теңіз, өзендердің суреттері қандай түспен боялған?

  • Жердің беткі қабаты қандай?
  • Туған өлкеңіз қандай?
  • Күннен қорғану үшін не киеміз?
  • Біздің өлкемізде қандай өсімдіктер өседі?

Алдыңғы білімдер

Оқушылар Жер ғаламшарында тұратынын біледі. Сонымен қатар Жер ғарышта орналасқанын біледі.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

Кіріспе бөлім

(Ұ) Психологиялық ахуал Екі көзің не үшін керек?

Жақсыларды көру үшін!

Құлақ деген не үшін керек?

Ақыл-кеңес тыңдау үшін!

Екі қолың не үшін керек?

Елге көмек беру үшін!

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім

Қызығушылықты ояту: (Ұ) Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру үшін далаға саяхатқа алып шығу. Оқушылар қолдарына А4 форматты қағазды алып шығады. Қағазға мынадай сұрақтар жазылған:

  • Аяғымыздың астында не бар деп ойлайсыздар?
  • Туған өлкеңіз қандай?
  • Жер астында тіршілік ететін жануарларды білесіңдер ме?
  • Таулы аймақтардың жер бедері қандай?
  • Біздің өлкемізде қандай өсімдіктер өседі?

(Т) Оқушылар өз ойларын топта талқылайды. Бүгінгі сабақта жер бедері туралы түсінік алады, жазықтармен, таулармен танысады. Жердің көп бөлігін су, қалған жерлерді өсімдіктер мен шөлейттер қамтып жатқанын ұғады.

(Т) Оқушылар топқа бөлінеді. Мұғалім мұхит, жазық, шөлейттер туралы мәліметтерді таратады. Оқушылар топ бойынша постер құрастырады, қорғайды. Жер ғарыштан көгілдір мұхиттар планетасы сияқты болып көрінеді. Жер бетінің 70% астамын су басып жатыр.

Кейбір тау шыңдарын есепке алмағанда, бір кездері Жердің үстіңгі қабатын су басып жатты. Жердің сыртқы қабатын жер қыртысы деп атайды. Жер қыртысы түрлі тау жыныстарынан тұрады. Ал олар түрлі минералдардан құралған. Таулар шамамен алғанда Жердің бестен бір бөлігін құрайды. Жер бетіндегі ең биік таулар-Альпі, Гималай, Анды таулары. Қазақстан таулары биік шыңды және аласа таулы аймақтарға бөлінеді. Аласа таулы аймақтарға Сарыарқа жатады. Ол Қазақстанның дәл ортасында орналасқан. Сарыарқаның ұзындығы-1200 шақырым, ал ең биік нүктесі 1565 метрді құрайды.

Сарыарқа жазық дала болғанымен, онда тау

шыңдары аз емес. Олардың ішінде ең биігі

Ақсорған (1565 м) мен Қарқаралы таулары (1403 м). Сары құм мен Сарыарқа таулары арасында таза сулы көлдер бар. Таулы жеріне қатысты Сарыарқаны «шағын Швецария» деп атайды. Себебі табиғи ландшафттар Швейцариянікіне ұқсас.

Шөл далалар, шөлейттер, жазықтар алып жатыр.

Шөл далалар

Жылына барлығы 250 мм ғана жауын жауатын шөл далалар жер бетін алып жатыр.

Құм мен тасты күн қатты қыздырады. Мұндағы өзендердің арнасында су болмайды. Ыстық жел соғып, даланы күйдіріп тұрады. Жаңбыр жерге жетпей-ақ буланып кетеді. Көк шөп көктемде шығады. Шөлді далада тікендер көп өседі.

Ең үлкен шөл қай шөл?

Ең үлкен шөл-Сахара шөлі.

Қазақстан мемлекетіндегі көлдер

Қазақстанда 48262 көл бар. Еліміздің ірі көлдеріне Каспий және Арал теңіздері жатады. Каспий теңізі – әлемдегі ең ірі ағынсыз көл. Арал теңізі-саяздай бастағанға дейін үлкендігі жағынан әлем бойынша 4-ші орында болған.

(Т) Сабаққа кіріспес бұрын оқушыларға техника қауіпсіздігі туралы айтылады. Оқушылар сабаққа қажетті заттарды ертерек дайындайындай. Қажетті заттар: құм, балшық, бояу, ыдыс немесе тақтайша.

1- топ: тауларды жасайды;

2 –топ: жазықтықтарды жасайды;

3 –топ: өзен, көлдер, мұхиттарды жасайды;Дифференциация:

Қабілеті жоғары оқушыларға жеке тапсырмалар беріледі.А оқушыға: Дәптеріңе мұхиттан өзің тапқан аралдың суретін сал. Бұл сенің қиялыңнан туған арал. Аралға ат қой.В оқушыға: Ойлан?! Шөл даланы картада қандай түспен көрсетеді? Шөл даланы қандай жануарлар мекендейді?

(Т) «Зертте!»Топ жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылады.Оқушылар өздерінің тұратын

жерлеріне зерттеу жасайды. Бұл жұмысты жүргізу үшін оқушыларды жазықтау жерлерге апару керек. Оқушылар жергілікті жердегі тау-тастарды, ормандарды, өзен-көлдерді фотосуретке түсіруіне болады.Жасалынған жұмыстың нәтижесін «Менің өлкем»

атты жобалау жұмысы ретінде қорғайды.(Қ) Оқушылар қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырманы орындайды.(МК)Тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушылармен әңгімелеседі. Сұрақтар қояды.-Жердің пішіні қандай?- Жердің пішіні қандай геометриялық фигураларға ұқсас болып келеді?Тапсырма: Берілген материалдардың ішінен қажеттісін қолдана отырып,Жердің моделін жаса.Тілдік құзіреттілікті қалыптастыру

Берілген тірек сөздердің анықтамасымен

жаттығулар жасаған кезде танысады.

Мұғалім тау дегенде оқушылар қолдарын

жоғарыға қарай көтереді, теңіз дегенде төменге

қарай түсіреді

Бүгін сабақтан не үйрендім?

Не үйренгім келеді?Не білдім?

Өзін-өзі бағалау:Бүгінгі сабақта өзіңді қалай бағалар едің? Егер өте жақсы деп ойласаң - «жұлдыздың» суретін көтер, егер де жақсы деп ойласаң- «күннің көзін» көтер. Бірнеше баладан пікірлерін сұрау.

Ыдыс, тақтайша, топырақ, құм, балшық, пластилин, бояу.

Карточкалар

доп, шар, саз немесе ермексаз, желім, қағаз қиындылары

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысДенсаулық пен қауіпсіздік сақтау шараларыАКТҚұндылықтар

Деңгейі жоғары оқушыға тест жұмысы беріледі.

1. Таулы аймақтар қандай түспен боялады?

А) сары

В) қоңыр

С) көк

3.Жердің көп бөлігін не алып жатыр?

А) құрлық В) су

С) таулар

1- тапсырма: Жердің көп бөлігін не алып жатыр? Суретін сал.

2- тапсырма.  Таулар мен жазықтықтар қандай түспен боялады? Картадан көрсет.

  • Топтық жұмыстар.

Оқушылардың жердің беткі қабатының бөліктері туралы білімдері қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.

Өнер пәнімен; оқушылар балшықтан, құмнан, пластилиннен, қағаздан таулардың, жазықтықтар мен мұхиттардың бейнелерін құрастырады.

Дүниетану пәнімен; Глобуспен әлемге саяхат жасау.

Бақылау

Сабақтың мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтас тық атмосферасы қандай болды?

Оқушылар арасындағы дифференциа циялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз?

Сабақты талдау қорытындысын осында жазыңыз. Өткізген сабағыңызға байланысты сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт

1:

2:

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу