Қазақ тілі 1сынып 8 бөлім Дені саудың-жаны сау Спорт туралы әңгімені оқу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: 8-бөлім: Дені саудың – жаны сау

Күні:4 тоқсан

Мектеп: Көкшетау қаласындағы Физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалім:

СЫНЫП: 1

Қатысқан:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Спорт туралы әңгімені оқу

Оқу мақсаты

О1.Ақпаратты түсіну Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады

Бағалау критерийлері

әңгіменің басты кейіпкерлерін атай алады; әтіннің мазмұнына сүйене отырып, нақты ақпараттарды таба алады.

Сабақ мақсаттары

  • Сөз тіркестерді пайдаланып оқу және жазуды
  • Таныс сөздерден сөйлемдер құрастыру
  • Қарапайым, сипаттама сөздерді қолдана алу.
  • Мәтінге байланысты сөз тіркестерден денсаулық жайында мәтіндер жасай алады;
  • Білмейтін сөздердің мағынасын іздене отыра түсінеді.
  • Денсаулық туралы шағын әңгіме құрастырып ауызша айта алады;

Алдыңғы меңгерілген білім

Бұл бөлімде оқушылар денсаулықты күту тақырыбында оқылым және жазылым дағдыларын жетілдіреді.

Жоспар:

Жоспарланан уақыттар

Жоспарланған жаттығулар

қойыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы-3мин

3мин

Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ) Психологиялық дайындық

Кеудемізде күн күлсін,

Бізге шуақ нұр құйсын.

Мейірімді жан өзіңмен,

Көңілім жайнап құлпырсын!

-Олай болса жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.

(Т) Дене мүшелерінің атауларын атап, білу үшін арналған ойын өткізу.

Оқушылар екі топқа бөлінеді, бір топ сұрақтарын қояды, екінші топ оларға жауабын айтады.

-Екі көзің не үшін керек?

-Жақсыларды көру үшін.

-Екі қолың не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Құлақ деген не үшін керек ?

-Ақыл кеңес тыңдау үшін.

-Тіл мен жағың не үшін керек?

-Ақиқатты айту үшін.

-Ал аяғың не үшін керек?

-Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.

(МК) Суретпен жұмыс

Ал енді мысалдарға көңіл аударайық:

Астында шетелдік машина, бірақ қатты ауырады. Ол адам бақытты ма ?

/оқушылардың жауабын тыңдау/

-Миллион теңге ақшасы бар, бірақ ауырады. Ол адам бақытты ма ?

/оқушылардың жауабын тыңдау/

-3 үлкен әдемі үйі бар. Бірақ ауырады – ол адам ше?

/оқушылардың жауабын тыңдау/

-Ал сонда дүниедегі ең басты бақыт пен байлық не екен ?

– Денсаулық туралы қандай мақал білеміз?

Оқушылардың мүмкін болатын жауаптары: 1/Денсаулық – зор байлық.

2/Дені саудың-жаны сау.

3/Бірінші байлық –денсаулық.

4/Тазалық-денсаулық кепілі.

(МК) Диалог ұйымдастыру

Оқушылардың денсаулықты күту жайлы ойларын тыңдау.

-Денсаулыққа не пайдалы, не зиян?

Жаман Жақсы

-Спорт денсаулыққа пайдалы екенін қалай дәлелдейсіңдер?

-Қазақстанның қандай спортшыларын білесіңдер?

-Спорттың қай түрлерін ұнатасыңдар?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

Сергіту сәті

(Т) «Жасырынған сөздер» ойыны

Оқушыларға әріптері ауысқан сөздер беріледі. Оқушылар топта отырып, дұрыс шығатындай етіп сөз құрастырады.Тексеріп болған соң дәптерлеріне жазады.

ВБОЛОЛЕЙ

СҮКРЕ

КОХЕЙК

БУФОЛТ

ҢҒАШЫ

ҮЗУЖ

(Ұ) Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқушыларға бір-неше рет оқыту. Қазақстанның әйгілі спортшыларын анықтау.

Спорт алғаш рет Грекияда пайда болған. Біздің елімізде спорттың барлық түрі дамыған. Спортшыларымыз спорттың көптеген түрлерінен әлемге танылды. Түрлі жарыстарда өте жақсы көрсеткіштерге жетіп келеді. Боксшы Серік Қонақбаевтың шеберлігін дүние жүзі мойындады. Жақсылық Үшкемпіров –еркін күрестен олимпиада чемпионы. Дәулет Тұрлыханов - әлемнің екі дүркін чемпионы,Балуан Бекзат Саттарханов –Сидней олимпиадасының чемпионы.Олар- біздің мақтаныштарымыз.

-Спорт алғаш қай елде пайда болған?

-Қазақстанда спорттың қай түрлері жақсы дамыған?

-Мәтінде Қазақстанның қай спортшылары туралы айтылған?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

(Ө,ҚБ) Карточкамен жұмыс

Оқушыларға карточкалар беріледі.Оқушылар карточкадағы мәтінді оқып, сүрақтарына жауап жазады.

Қалыптастырушы бағалау- әңгіменің басты кейіпкерлерін атай алуын және мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, нақты ақпараттарды таба алу қабілеттерін бағалаймын.

тақтада жазылған сөздер

Өлеңнің сөздері

Тақырыптық сурет

«Көңілді жаттығулар» аудио материал

Жасырынған сөздер

А4 парақтарында жазылған мәтіндер

ҚБ карточкалары

«Жауабын тап» жұмбақтар жасыру

Бала бiткен соғады, Жеңiл шарды домалақ. Ұрсаң Ұшып жоғары, Жерге түсер домалап. (Доп)Мiнсем, Төменге зу етем, Өрлесем, Оны өзiм сүйретем. (Шана)  Қайқы тұмсық қос табан, Қос таяқпен ұштаған. Итерсең алға заулайды, Шойын жолдан аумайды. Табанға қанжар байладым, Бетiнде айна ойнадым. (Коньки

Рефлексия:

Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

  • Денсаулықты қалай күту керек?
  • Таза жүру, жуыну, жеміс-жидектер,таза ауа ,спорт туралы не айтуға болады?

Қосымша мәліметтер

Сабақтағы менің жетістігім қандай?

  • Күн сияқты ..................
  • Бұлтты күн сияқты ....................................

Жауынды күн сияқты ....................................



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу