қазақ тілі және әдебиеті_ 1 сынып _7 бөлім_ Тағам және сусын_ Рецепт жазу_.ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Тағам және сусын

Күні: 04.04.17

Сынып: 1А

Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Сабитова А.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рецепт жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.9.1 айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді мұғалімнің айтуы бойынша жазу

1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу

Сабақ мақсаттары

Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ тағам және сусынға қатысты сөздермен танысамыз. Тамақтану мәдениеті жайлы әңгімелесеміз және жазамыз.

Бағалау критерийлері

Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы

жоқ сөздерді мұғалімнің айтуы бойынша жазу.

Тілдік мақсаттар

Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді дұрыс қолдану.

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік

/интернационализм

Даяшы мен қонақ арасындағы қарым- қатынас үлгісін көру арқылы оқушыларға сыпайылық, көпшілік орындарда әдептілік сақтауды үйрету, мәдениеттілікке баулу.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, математика

Бастапқы білім

Сыныпта кафе құру. Ас мәзірін құрастырып үйрену

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-2 мин

2-3 мин

«Шаттық шеңбері»

Амандасу түрлері

1 шапалақ-қол алысып амандасады

2 шапалақ -құлақтарымен амандасады

3 шапалақ-арқаларымен амандасу

4шапалақ- құшақтасып амандасу.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

-Бұл не? (алманы көрсету)

- Сен оны алма.

- Бұл не? (ішін көрсету)

- Міне сен су іш.

-Не байқадыңдар? (оқушылардың жауабы)

Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ тағам және сусынға қатысты сөздермен танысамыз. Тамақтану мәдениеті жайлы әңгімелесеміз және жазамыз.

Интерактивті тақта

Сабақ ортасы

8-10 мин

1-2 мин

6-7 мин

9-11 мин

(Т) Оқулықпен жұмыс

Мақсаты: тамақтану мәдениеті жайлы білу, сұрақтарға жауап беру дағдыларын бекіту.

Нұсқаулық:

1.Мәтінді жұпта оқып, талқылаңдар

2.Мәтінде кездескен жаңа сөздерді белгілеңдер

3.Жұпта таба алмаған сөздердің мағынасын топта қарастырыңдар.

4.Топтар бір-біріне көмек беру.

  • Тамақтану мәдениеті неден басталады?
  • Тамақтану мәдениеті не үшін керек?
  • Ас ішетін құралдарды дастархан басында қалай қолданасың?

(оқушылардың жауаптары)

(ҚБ) Ең жақсы жауап берген оқушыға қол шапалақтау

Сергіту сәті

(Ж) Шығармашылық тапсырма

Мақсаты: айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді анықтау. Нұсқаулық:

1.Мәтіндегі келесі сөздердің астын сызу. Іш, ас, тамақ, дастархан басы

2.Осы сөздерді басқа мағынада қолданып көр.

(ҚБ) Жұптағы оқушылар бірін-бірі тыңдап, толықтыру арқылы өзара бағалайды. Ең жақсы құрылған сөйлемдерді дәптерге жазу.

Арманның іші ауырды. Суды асықпай іш.

Бүгін ет ас. Ас дәмді болды.

Анамның пісірген тамағын ұнатамын.

Тимур тамағын шарфпен байлап алды.

Дастархан басында әдепті бол.

Атамның басында қалпақ бар.

Суреттер

Бейнежазба

Интер. тақта

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Мақсатқа қайта оралу.

-Бүгін сабақта не үйрендік?

Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ тағам және сусынға қатысты сөздермен танысамыз. Тамақтану мәдениеті жайлы әңгімелестік және жаздық.

Оқушылар түстер арқылы бағалайды.

  • Сары – барлығы түсінікті
  • Қызыл – түсінбеген жерлерім бар

Эвокуация кезінде қолданатын қызыл және сары жалаушылар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.

1:

2:

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу