👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ тілі және әдебиет 1сынып 3бөлім Менің отбасым және достарым Достық туралы фильм көру.ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі және әдебиет

3-бөлім:«Менің отбасым және достарым»

Тақырыбы: «Достық туралы мультфильм көру»

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шамиганова Р.М.

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

Т/А7 Аудио-видео жазбаларды тыңдай отырып, оқиғаның немесе ақпараттың қалай берілгені туралы өз ойын білдіреді.

Т/А8 Өзгелердің ой-пікірлерін тыңдайды және диалогқа қатысады.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар білу керек:

Қққто

Өзге оқушылардың ой-пікірлерін тыңдайды және диалогқа қатысады.

Көпшілігі:

Оқиғаның жалғасын болжайды.

Кейбір оқушылар:

Аудио-видео жазбаларды тыңдай отырып, оқиғаның немесе ақпараттың қалай берілгені туралы өз ойын білдіреді.

Алдыңғы сабақта:

Отбасы және күнделікті өмір жайында.

Жоспар

Жоспарлан

ған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Кіріспе бөлім

Негізгі

бөлім

  • Ұйымдастыру кезеңі.

«Шаттық шеңберіне»шақыру.

Қайырлы таң,көздерім!Ояндыңдар ма?

Қайырлы таң, құлақтарым!Ояндыңдар ма?

Қайырлы таң,қолдарым!Ояндыңдар ма?

Қайырлы таң,аяқтарым!Ояндыңдар ма?

Қайырлы таң, Күн! Мен ояндым!

Балалар, қазіргі сабақ басындағы көңіл-күйлерің қандай?

Өте жақсы! Орташа! Көңілсіз!

Оқушылар өз көңіл-күйлерін айтады.

Ал менің көңіл-күйімді білгілерің келе ме?

Мұғалім өз көңіл-күйін айтады.

Ал енді сабақтың соңында біздің көңіл-күйлеріміз өзгеруі мүмкін,оны сабақ соңында білетін боламыз!

Сабақтың ережелерін еске түсірейік!

1-ереже. Сабақта бір – бірімізді тыңдаймыз.

2 - ереже. Біреудің айтқанын қайталамаймыз.

3 - ереже. Уақытты босқа өткізбейміз.

4 - ереже. Сабаққа белсене қатысамыз.

(Б) Достықтың үзілуі және достасу туралы анимация немесе қысқа фильмнің бірінші бөлімін көрсету. Фильмнің мазмұны мен кейіпкерлерін талқылау. Кейіпкер, мазмұн (сюжет), оқиға сөздерін қолдану, әрі қарай оқиғаны болжау.

«Қошқар мен теке» мультфильмін көрсету

https://youtu.be/C3bJClByIxA

Мультфильм бойынша сұрақтар қоя отыра жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Мультфильмнен нені ұнаттың?

Қай кейіпкер саған ұнады?

Қошқар мен текенің достығы қандай болды?

Сенің ойыңша достар қандай болуы керек?

Оқушылардың пікірін тыңдау.

Жұпта мультфильмдегі басты кейіпкерлерді анықтап,

оларды сипаттайтын сөздерге мысал келтіреді.

Қошқар-....................

Теке-........................

Топтық жұмыс. (топта төрт оқушы отырады) «Пирамида» тәсілі арқылы әр оқушы «Достық» дегенімз не деген сұраққа өз түсініктерін жазады. Бір- бірінің жазған сөздерін оқып, ортаға ортақ сөйлем жазады. Жазғандарын сынып алдында оқып,қорғайды.

2 оқушы.

1 оқушы 3 оқушы

4 оқушы

Мультфильм мазмұны бойынша диалогқа қатысады.

Үлгі:

  • Қошқар мен теке қандай отбасында тұрды?
  • Олар неге басқа жаққа кеткісі келді?
  • Сен олардың орнында болсаң не істер едің?

Мұғалім: Мультфильмдегі жануарларға сендер қандай ақыл бересіңдер?

-Оқушылардың ойларын тыңдау.

Жарайсыңдар, балалар, сендер ақылды, адал дос екенсіңдер.Ендеше бір- бірімізге достық қарым -қатынас және жақсы көңіл- күй орнатайық.

Сергіту сәті:

«Еуропа қалашығына саяхат» жасау.

Еуропадағы достар бір-бірімен қалай амандасатынын білу.

1 шапалақ- қол алысып

2 шапалақ –иықтарымен

3 шапалақ -арқаларымен

4шапалақ-мұрындарымен

5шапалақ –бір-бірін құшақтасып амандасады.

Шығармашылық жұмыс. (қосымша жұмыс ретінде)

«Жалғасын тап»

Менің досым- .......................................

Оның мінезі- ашық, ақжарқын,жақсы

(Әр оқушы өзінің досы жайында айтады.)

Сабақ соңында сқушылардың көңіл-күйлерін смайликтер арқылы білу.

«Қошқар мен теке» мультфильмі

https://youtu.be/C3bJClByIxA

көңіл-күйге байланысты суреттер, плакат,фломастер

Қорытынды бөлім

«Бағдаршам» арқылы өзін-өзі бағалайды

Қызыл – түсінген жоқпын.

Сары - жартылай түсіндім

Жасыл- жақсы түсіндім.

Қосымша ақпарат.

Дифференциация-қосымша қолдауды қалай көрсетесіз?

Үлгерімі жақсы оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Құндылықтар

Денсаулық және қауіпсіздік

Пәндікбайланыстар

Барлық оқушылар бір-бірінің ойын тыңдайды,диалогқа қатысады.

Ал оқушылардың көпшілігі оқиғаның жалғасын өз бетімен айта алады.

Ал кейбір оқушылар аудио-бейнежазбаны көре отыра, ақпараттың қалай берілгені туралы өз ойын айтады.

Өзін-өзі бағалау

сыйластық

жауапкершілік

еңбексүйгіштік

өнер,дүниетану сабағымен байланыстыру

Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағанадан өз сабағыңызға ең орынды келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да,оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1.Мультфильм бойынша жұппен жұмыс жасау.

2 . «Пирамида» тәсілі арқылы топтық жұмыс.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырады)

1.Шығармашылық тапсырмалар беру.

2. Деңгейлік тапсырмалар беру.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы