Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал.
Сабақтың тақырыбы | Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық |
Сабақтың түрі | Практикалық сабақ. Жаңа тақырыпты меңгеру |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама-сына сілтеме) | 11.2.4.1 - Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау; |
255-бап. Терроризм актісі
1. Терроризм актісі, яғни жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза табуы, елеулi мүлiктiк залал келтiру не қоғамға қауiптi өзге де зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де әрекеттер жасау, егер бұл әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету, соғысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған әрекеттердi дәл сол мақсаттарда жасау қатерін төндіру, –
мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) бiрнеше рет;
2) азаматтардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiруі мүмкін қаруды не қару ретiнде пайдаланылатын заттарды, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданып жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:
1) жаппай қырып-жою қаруын, радиоактивтi материалдарды қолданумен немесе қолдану қатерін төндірумен және жаппай уландыруды, эпидемияны немесе эпизоотияны таратуды, сол сияқты адамдарды жаппай қырып-жоюға әкеп соғуы мүмкін өзге де әрекеттердi жасаумен немесе жасау қатерін төндірумен ұласса;
2) абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –
мүлкі тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету, соғысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру мақсатында жасалған, адам өмiрiне қол сұғу, сол сияқты дәл сол мақсаттарда, сондай-ақ мемлекет немесе қоғам қайраткерiнiң мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған оның өмiрiне қол сұғу не халықаралық қорғауды пайдалантын адамдарға немесе ұйымдарға, ғимараттарға, құрылыстарға шабуыл жасаумен, адамды кепiлге алумен, ғимараттарды, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алумен, әуе немесе су кемесін, жылжымалы темiржол составын не өзге де қоғамдық көлiктi айдап әкетумен, сол сияқты басып алумен ұштасқан адам өмiрiне қол сұғу –
мүлкі тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.
Ескерту. Терроризм актiсiн дайындауға қатысатын адам, егер ол мемлекеттiк органдарға дер кезiнде ескертуiмен немесе өзге тәсiлмен терроризм актiсiн болғызбауға ықпал етсе және егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
293-бап. Бұзақылық
1. Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу –
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол іс-әрекет, егер оны:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаса;
2) билік өкiлiне не қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттердi атқаратын немесе қоғамдық тәртiптi бұзудың жолын кесетін өзге де адамға қарсылық көрсетумен байланысты болса;
3) бiрнеше рет жасалса;
4) әуе, өзен, теңіз кемесінің бортында, теміржол көлігінде жасалса, –
бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер –
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
255 бап | 293 бап | |
Маңыздылығы | ||
Жауаптылығы | ||
Қауіптілігі | ||
Реттелуі |
Әр топқа жеке тапсырма беріледі.
Бірінші топ: “Құқық бұзушының ата-анасы”.
Сізге баланыздың ұрлық жасағаны және жәбірленушінің ата-анасы полицияға шағым жазбақшы екені белгілі болды. Сіздер не істейсіздер:
1. Жәбірленушінің ата-анасына шағым жазбауды сұрайсыз;
2. Жәбірленушінің ата-анасының іс-әрекетімен келісесіз;
3. Басқадай іс-әрекет қыласыз.
Екінші топ: “Құқық бұзушы оқитын оқу орнының әкімшілігі ”.
Сіздерге жәбірленушінің ата-анасы жолықты және осы оқу орнының студенті С үстінен полицияға арыз жазатының мәлімдеді.Сіздер не істейсіздер:
- Ата-аналарға арыз жазбауды сұрайсыз және мәселені оқу орнының қабырғасында шешуді;
2. Жәбірленушінің ата-анасының іс-әрекетімен келісесіз;
3. Басқадай іс-әрекет қыласыз.
Үшінші топ: “Полиция қызметкерлері”.
Ата-аналар былғары курткРодители потерпевшего обратились в мины тауып беру жөнінде өтініш жасады. Айыптыны тантыңыздар . сіздер не істейсіздер:
- Қылмыстық істі қозғаудан бас тартасыздар;
- Қылмыстық істі қозғау туралы шешім шығарасыздар;
- Материалды кәмелетке толмағандар ісі инспекциясына бересіздер.
Төртінші топ: “Сот”.
Сіздер курканы кәмелетке толмаған 16 жасар жеткіншек ұрлаған істі қарастырудасыз. Қандай үкім шығарасыздар:
- 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарасыз. Бірақ үкімді орындау бір жыл кейін қалдырылады;
- 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарасыз
Бесінші топ: “Жәбірленушінің ата-анасы”.
Сіздерге құқық бұзушының ата-анасы ұрланған куртканы алып келді және полициядан арызды қайтып алуды өтінді. Сіздер не істейсіздер:
- Арызды қайтып аласыздар;
- Арызды қайтып алмайсыздар;
- Басқадай іс-әрекет қыласыз
Алтыншы топ: “Құқық бұзушының курстастары”.
Сіз ойламаған жерден қылмыстың куәсі болдыңыз. Сіздерге топқа тергеуші келіп тергеуге көмек беруіңізді сұрады. Сіз не істейсіз:
1. Үндемей қаласыз;
2. Көргенінізді айтасыз;
3. Басқадай іс-әрекет жасайсыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?