Азаматтық процестің субъектілері. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактиклық материал.
Тарау: Азаматтық іс жүргізу құқығының негіздері
Сабақтың тақырыбы: Азаматтық процестің субъектілері
Сабақтың мақсаты:
- 10.4.2.2 азаматтық процестің негізгі міндеттері мен қағидаттарын талдау
- 10.4.2.3 кәмелетке толмағандардың азаматтық процеске қатысу ерекшеліктерін анықтау
Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың тәртібін реттейтін құқық нормаларын мәжбүрлеп орындату тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығы деп аталады.
Іс жүргізу құқығының өзі – бұл азаматтық істер мен дауларды қарау, қылмыстарды тергеу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін құқық жүйесіндегі нормалардың бір бөлігі болып табылады
Құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін осы қатынастарға қатысушылардың құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігі айқындайтын құқық субъектілігі болуы керек.
Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар – бұл азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелетін азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысында сот пен процесс қатысушыларының бірінің арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.
Азаматтық іс жүргізудің құқыққабілеттілігі – бұл іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттеріне ие болу қабілеттілігі.
Азаматтық іс жүргізудің әрекетқабілеттілігі – бұл өз әрекеттері арқылы өз құқықтарын жүзеге асыру және сотта міндеттерін орындау, істі жүргізуді өкіліне тапсыру.
Іс жүргізу әрекетқабілеттілігіне толық көлемде 18 жасқа толған азаматтар, сондай-ақ егер неке жасы белгіленген тәртіпте төмендетілсе, 18 жасқа толмай неке құрған адамадар ие болады.
Сотта 14 және 18 жас аралығындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың, сондай-ақ әрекетқабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері олардың заңды өкілдері, яғни ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаушылары арқылы қорғалады.
Субъектілер, яғни азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарына қатысатын немесе қатыса алатын адамдар үш топқа бөлінеді.
Сот төрелігін жүзеге асыратын адамдар. Сот процестің ерекше қатысушысы болып табылады, себебі ол арнайы құрылған мемлекеттік билік органы ретінде сот төрелігін жүзеге асырады.
Сот отырысының хатшысы азаматтық істерді қарау барысында сот отырының хаттамасын жасайды және сот отырысына төрағалық етушінің басқа да тапсырмаларын орындайды.
Сот приставы – сот отырысы кезінде залдағы қоғамдық тәртіпті қадағалайды, сот іс жүргізу әрекеттерін әрекеттерін орындауға жәрдемдеседі, сот ғимаратын, судьяларды және процестің басқа қатысушыларын қорғауды қаматамасыз етеді.
2. Іске қатысушы адамдар. Іске қатысушы барлық адамдар екі шағын топқа бөлінеді:
1) өз құқықтары мен мүдделерін қорғайтын адамдар. Оларға; үшінші тұлғалар, яғни ерекше өндіріс істері бойынша өтініш берушілер мен мүдделі тұлғалар кіреді.
2) мемлекеттік, қоғамдық мүдделерді не жеке адамдардың мүдделері мен құқықтарын қорғайтын адамдар. Олар: прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-зі басқару органдары.
3) Сот төрелігін жүзеге асыруға жәрдемдесетін адамдар. Бұл топқа куәгерлер, сарапшылар, аудармашылар, мамандар, мүлікті сақтаушылар және басқалары кіреді.
Талапкер – өз мүддесін немесе көзделіп талап қойылған азамат немесе заңды тұлға. Талапкерлердің құқықтары мен заңды мүдделері бойынша сот дауы пайда болып, ол сотпен шешіледі.
Жауапкер – өздеріне қойылған талабы азаматтар немесе заңды тұлғалар. Жауапкер бұл құқық жөніндегі даудың екінші тарабы, ол талап қоюшының көзқарасы бойынша оның құқығын бұзған немесе дау бойынша құқығы мен заңды мүдделеріне дауласады.
5-тарау. ІСКЕ ҚАТЫСАТЫН АДАМДАР
43-бап. Іске қатысатын адамдардың құрамы
1. Тараптар; үшінші тұлғалар; прокурор; мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар немесе осы Кодекстің 55 және 56-баптарында көзделген негіздер бойынша процеске кіретін азаматтар; осы Кодекстің 302-бабында санамаланған сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен өзге де мүдделі адамдар іске қатысатын адамдар деп танылады.
2. Іске қатысатын адамдардың құрамы тараптар мен іске қатысатын басқа да тұлғалар талаптарының, қарсылықтарының нысанасы мен негіздерінің және қолданылуға тиіс заңдардың мазмұнымен айқындалады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?