Құқықтық мемлекет түсінігі. Құқық негіздері, 10сынып, дидактикалық материал.
Құқықтық мемлекет ұғымы және белгілері
Құқықтық мемлекеттің дамуының негізінде тұрған қағидаттар бар. Құқықтың басымдығы қағидаты дегеніміз:
- қоғам мен мемлекеттің тіршілігіндегі барлық сұрақтардың құқық пен заң позициясынан қаралуы;
- жалпы адамдық құдылықтар (зерделік, әділдік) және құқық құндылықтарын (заң алдында барлығының теңдігі) ұйымдық-аумақтық бөліну және заңды көпшіліктің билік күшімен қосу;
- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қабылдаған шешімдерін құқықтық негіздеуге міндеттеу;
- мемлекетте құқықтық іс-әрекетке және орындалуына арналған үлгілер мен рәсімдердің (конституция мен заңдар, материалдық және процессуалдық кепілдік жүйесі) болуы;
- құқық адаммен тығыз байланысты, оның тұрмыстық жағдайының бір беті, қарым-қатынас тәсілі және бірқалыпты өмір салтының кепілдігі.
Адамның құқығын қорғау қағидаты. Бұл қағидат бастапқы, кешенді және даусыз болып келеді. Келесі идеялар арқылы іске асады:
а) заңға қарсы келмейтін барлық нәрсеге рұқсат бар. Бұл қағидат барлық азаматтарға және жеке тұлғаларға арналады;
ә) дәл заңда көрсетілген нәрсеге ғана рұқсат бар. Бұл қағидат мемлекеттік ұйымдарға және лауазымды адамдарға арналады.
Адамның және азаматтың істеген іс-әрекеттері заңды бұзбауы тиіс. Өз құқығы мен еркіндігін іске асыру үшін жасалған іс-әрекеттер иесін ҚР Заңдары мадақтайды. Құқық рұқсат етілмеген іс-әрекеттердің шектеуін анықтайды. Ол шектеулердің сыртында азаматтар өз бетімен, еркін қимылдай алады.
Биліктің тармақтарға бөліну қағидаты. Мемлекет барлық міндеттерді бір ғана ұйымға жүктемеуі тиіс. Бүкіл биліктің бір ғана қолда болуы озбырлықты туғызады, еркіндікті жояды. Құқықпен шектеу қойылған билік бар жерде ғана бостандық бола алады. Ол дегеніміз мемлекеттік билік заңшығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінеді. Және осы әрбір билік тармақтары дербес және бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы және арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс.
Заң шығарушы парламент. Ол заң қабылдайды, парламентті халық сайлайды. Атқарушы билік қабылданған заңдарды іске асырады. Олар: үкімет, министрлік және әкімдер. Сот билігі сот төрелігін жасайды. Соттық билік қалған биліктің екі тармағының қабылдаған заң актілерінің заңдылығын тексеріп отырады. Биліктің осы үш жүйеге бөлінуінде басты ерекше рөлді ҚР Президенті ойнайды. Президент биліктің үш тармағының басында орналасады, ол – төреші, саяси көшбасшы, ол үш биліктің келісілген ұсынысын бекітеді.
Биліктің бөлінуі «тепе-теңдік және тежемелік» жүйесімен тығыз байланысты. Ол дененіміз заң шығару, атқарушы, сот билігінің нақты бір билік түріне қатысты құқықтық шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Оларға: вето институты, импичмент институты, вотум институты мемлекеттік органдарды таңдау және сайлау институты, соттардың тәуелсіздігі жатады. Егер заң шығарушы асығыстық танытса, президент вето құқығын қолданады. Ал атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта болып президент өкілеттіліктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік вотумы және үкіметке парламенттің қарсылығы жатады. Атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заңшығарушылық құрылымға сайлануға, коммерциялық қызметпен айналысуға тиым салынады. Сот билігінің қызметі конституцияда көрсетілген келесі ережелер негізінде жүргізіледі: кінәсіздік презумпциясы, қорғану құқығы, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі, іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалылығы, соттарға қарсылық білдіру және т.б.
Заңның үстемдік құру қағидаты. Заң – ресми акт, жоғары заңдық күші бар. Заңды парламент қабылдайды. Құқықтық мемлекеттің мәні адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден, тұлға үшін құқықтық ынталандыру режімін орнықтырудан, мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режімін орнықтырудан көрінеді. Ұлы неміс ойшылы Г.Гегель айтып кеткендей: «Дұрыс қабылданған заңдар мемлекетті гүлдендіреді, ал жеке адамның еркіндігі – мемлекеттің жарқырауына басты себеп».
Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі қағидаты. Бұл құқықтық мемлекеттің дербес қағидаты болып табылады. Бұл – саяси билікті шектеудің өзінше бір тәсілі, ол саяси биліктің иесі ретіндегі мемлекет пен оны жүзеге асырудың қатысушысы ретіндегі азаматтар арасындағы қарым-қатынастардың адамгершілік-заңды бастамларын көрсетеді. Қоғам мен тұлғаның бостандығын заңшығарушылық нысанда бекіте отырып, мемлекет өз шешімдері мен әрекеттерінде белгілі бір шектеулерді иеленеді. Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ережелерді бұза алмайды және осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі әкімшіліктік қателіктерді болдырмауға бағытталған кепілдіктер жүйесімен қамтамсыз етіледі. Оларға үкіметтің өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттің кез келеген деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра пайдаланғаны, қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тәртіптік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілігі, импичмент және т.б. жатады. Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдарыдң өз міндеттерін орындауды бақылауының нысандары болып референдумдар, депуттаттардың сайлаушылар алдында есеп беруі және т.б. табылады. Тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі де дәл осы құқықтық бастамлармен негізделеді. Мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқықтық сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбау және жасалған құқықбұзушылықтың ауырлығына сай болуы тиіс. Сонымен мемлекет пен тұлғаның арасындағы қарым-қатынастар өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Мемлекеттің тиімді қызмет атқару үшін міндетті түрде тең құқықты серіктес болуы тиіс, ол – азаматтық қоғам. Азаматтық қоғамда ең басты идея – адамның еркіндігі, оның құқықты қадірлей оытырып, адамгершілік қағидаларына сүйене тұра, өз іс-әрекетін өзі жасауына мүмкіндік беру. Сонымен қоса мемлекет азаматтық қоғамның тіршілігіне кедергі болмауы тиіс. Тек азаматтық қоғам заңды бұзған жағдайда ғана араласуына толық хақысы бар.
Азаматтық қоғам дегеніміз – еркін демократиялық, құқықтық қоғам, ол нақты бір жеке тұлғаларға сүйенеді. Азаматтық қоғам заңды, құқықты, салт-дәстүрді, әдетті, жалпы гуманистік идеяларды қадірлейді. Ондай қоғамда шығармашылық және кәсіпкерлік қызметке еркіндік беріледі, жеке тұлға мен азаматтың қызметінің іске асырылуына және сәтті болуына түгел мүмкіндік жасалады. Бұл жерде мемлекеттің қызметіне шектеулер мен бақылаулар бар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?