С.Елубай. «Жалған дүние» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал.


Тапсырма №1

Едігенің монологы арқылы сол кездегі өмір мен қазіргі кезді байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан қорға.

... Адам тірлігінің мәні, мақсаты неде? Адам өмірінің мәні – қарынның тоқтығы, көйлектің көктігі ме? Жарық дүниеге келген соң адам баласы үшін тәннің қажеттілігі мен жанның қажеттілігі бар. Бірақ адамға, ең алдымен, жанның қажеті, рухтың азығы қажет. Соны ұмытқан сәттен бастап, адамның хайуаннан көп айырмасы болмайды.

Бағалау критерийі:

  • Кейіпкердің көтеріп отырған мәселесін түсінеді;
  • Қазіргі өмірмен байланыстыра алады.

Тапсырма №2

Оқушыларға романнан үзінді беріледі.Үзіндіге сүйене отырып, адам мен табиғаттың байланысын 3-4 сөйлеммен дәлелдеп жазады.

Оқиға психологиялық арнада дамиды: «Телеграф бағанының Аспан үніндей күңіренісі мүлдем соны, тосын саз еді... Тозаңды дауыл қозғаған телеграф сымдары тербеле сарындап әндетеді. Таусыла боздайды. Ары жағындағы алабұртқан Аспан үні екен дейсің. Аспан үні, Аспан мұңы, Аспан жыры. Ұланғайыр шексіздік, кеңістік толғауы. Көмекейі көсілген, зор ауқымды аламан күңіреніс. Күй шерткен ғалам. Күңіренген ғалам. Бұл таң қалып, қалшиып тұрып тың тыңдады. Аласапыран табиғат ана жырына ұйыды.Ұлы жаратылыс тіл жетпес телегей теңіз сыр ақтарды. Мың сан қиял құсыңды сайратып, сан-саққа самғатады... Ақыл жетпес кеңістік өз табаны астындағы мынау бір қылтанақтай жан иесіне – Едігеге қарап тебіренеді. Өзінің ешбір өлшемге сыймас, уақытқа сыймас шексіздік мәңгілік болмысынан хабар береді» [2, 513-514].

Қосымша көмек

Мұнда астрофизикалық құбылыс Едігенің өмірімен салыстырылады. Аспан астындағы Едігенің ертеңгі тағдыры көмескі, ал Аспан – мәңгі, құпиясы мол қол жетпейтін жұмбақ. Қаламгер назарын Едігенің алай-дүлей сезіміндегі арпалысқа бұрады. Адамзат табиғатына қашанда тылсым күштер алдындағы шарасыздық, дәрменсіздік тән, Едіге сол күштердің сырын ұғуға талпынады.

Бағалау критерийі:

  • Адам мен табиғаттың байланысын 3-4 сөйлеммен жаза алады;
  • Ұлттық мүддемен байланыстыра алады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу