Мұхтар Мағауин «Шақан шері» романындағы авторлық идея. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 2 сабақ.


https://www.youtube.com/watch?v=n6t-e2XgSwo

Зерттеу сұрақтары

Жолбарыстардың адамдарға шабуыл жасауына түрткі болған нәрсе не?

Осы мәселенің соңы немен аяқталуы мүмкін?

Мұхтар Мағауин «Шақан шері» романындағы авторлық идея

ОҚУ МАҚСАТТАРЫ

Анализ және интерпретация

10.2.2.1. Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау

САБАҚ МАҚСАТТАРЫ

Шығармадағы автор идеясын анықтау арқылы өмір шындығымен байланыстыру

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Көркем мәтіннің авторлық көзқарасын анықтайды;

Авторлық идеяның шындыққа жанасымдылығын сараптайды.

Т.Кубизм стратегиясы

Білу: Автордың «Шақан Шері» романын жазуға себеп болған жағдайлар.

Шығарманың бұлай деп аталуы нені меңзейді?

Түсіну: Жазушы бас кейіпкерлерді қалай сипаттады?

Қолдану: Шығарманың өздеріңе ұнаған жерінен монолог әзірлеңіздер.

Талдау: Автор «Кенет өзін осы жолға түсірген жалмауыз жолбарыс көз алдына келді. Балаға шапқан, әйелді шайнаған кезі емес. Өлім сәті. Өлгеннен соңғы бұтарлап шабылған сәті. Артқы аяққа шор болы байланған қорғасын оқ. «Жолбарыс өз бетімен кісіге тимейді!» Құба мерген айтқан. Қара батыр айтқан. Атабек ақсақал айтқан. Өзі де көрді. Сонда жалмауыз кек қуғаны ма? Бір жыртқыштың кінәсін тарғыл тонды барлық шеріге артыпты. Содан не тапты?», - деп нені айтқысы келіп отыр?

Жинақтау: “Ортада қаламсап” стратегиясы бойынша “Шын жүректен шыққан сөз”айдарымен шығармадағытүйінді ойды жинақтап, ойтолғау жазу

Бағалау: Осы шығарманы оқи отырып автордың адами құндылықтары мен шығармада ұстанған идеясы қандай деген ой туындады?

Ж/Т. 10 қысқа сөйлеммен шығарма сюжетін жазыңыз.

Топтар 1 минут ішінде шығарма сюжетін қайталамай, кібіртіктемей және мүдірмей рет-ретімен қояды.

 

2-тапсырма. С.

«Шеңбердегі сұрақтар»

1.Парталарын дөңгелетіп орналастыру

2.Таратылған стикерлерге сұрақтар жаз. Бұл жерде сұрақтың деңгейі өте күрделі немесе өте жеңіл болып кетпесін. Мысалы:

Жазушы шығармасына арқау болған тақырып не?

Автордың оқиғаны баяндау мәнері.

Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?

Шақан шері мен жолбарысқа деген көзқарасы.

Жазушы Шақанның жолбарысқа деген көзқарасын қалай суреттеді?

Автор осы шығармадағы көтерген тақырып арқылы ғаламдық мәселені көтере алды ма?

4.Сұрақтарды шеңбердің ортаңғы аймағындағы ыдысқа салыңыз.

5. Кезегімен немесе қалаулары бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Дескрипторлар

Шығарманы түсінеді;

Сұрақтар құрастырады;

Өз жауаптарын ұсынады.

Кері байланыс/Рефлексия

Егер мен автор болсам... (оқиға былайша болар еді)

Үйге тапсырма: «Маугли» мультфильмін көру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу