Прозадағы көркем ой. Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 7 сабақ.
Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі
Оқу мақсаты:
Т/Ж4. Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру
САбақ Мақсаты:
Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесіндегі үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру
Бағалау Критерийлері:
- Өзекті мәселелерді анықтайды;
- Ғаламдық мәселелермен байланыстырады.
«Ой түрткі» әдісі
Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасында қандай тақырып көтеріледі?
Шығармада қандай өзекті мәселелер көтерілген?
Шығармадағы мәселелер ғаламда кездесе ме?
Тапсырма №1. Жұптық тапсырма.Берілген үзіндіні оқып, көтерілген мәселені анықтап, ғаламдық мәселелермен байланыстыра талдаңыз.
Бұған енді бәрі де түсінікті болды. Ханым әуелі мынау күлімдеген көркем мұнараға қайран қалды. сосын адамның ақылы жетпейтіндей сыйқыр мұнара тұрғызған шеберді бір көруге құмартты. Көріп еді, жас жігіттің іші-бауырына кіріп бара жатқан әдемі жанарына арбалды да қалды... Әмірші астамшылық ойлаған шебердің монтаны жанарын қалай құртудың қамына шындап кірісті. Бұрынғысындай емес, біртүрлі бойы сергіп қалғандай. Көңілі бықсық күмәннан арылды. Оның орнын енді өзегін өртше жалап бара жатқан өшпенділік жайлап алды.
Тапсырма №2. Ұсынылған кестедегі бірінші бағанға- көтерілген мәселелелер мен деректер, екінші бағанға – автор идеясын, үшінші бағанға – ғаламдық мәселелермен байланысты логикалық сұрақтар, төртінші бағанға – сол мәселелерді шешу жолдарын, әрекетін талдаңыздар.
Бағалау критерийлері:
-шығармада көтерілген мәселелерді анықтайды;
-мәселелер туралы дерек келтіреді;
-ғаламдық мәселелермен байланысты логикалық сұрақтар құрастырады;
-мәселелердің шешу жолдарын қарастырады.
Тапсырма №3. Жеке тапсырма. Берілген үзіндіде қандай өзекті мәселе көтеріліп тұр? Автор осы мәселе арқылы қандай ғаламдық мәселені қозғағысы келеді?
Әміршінің көз алдынан соқыр жігіт кетпей қойды. Ол есек арбасын дария жағасына тастап, өзі мұның күймесіне көшіп кеп, қарсы алдында қасқиып отырып алғандай. Нұр жайнаған жаутаң жанардан айырылған соң, жүзіндегі баяғы мейірім жым-жылас жоғалып кетіпті, әдемі жас жігітке лайық ізет-ибадан да еш жұрнақ қалмапты. Үңірейген-үңірейген екі көздің түбіне тажал тығылып тұрғандай. Өндіршегі сорайып, танауы қусырылып, екі беті күлдей боп-боз боп кетіпті, өңінен кісі шошығандай. Міне, ол бұған қарай қозғалғандай болды, бірте-бірте жақындап келеді. Күс-күс қос шеңгел кеңірдегіне тақап қалыпты. – Қорықпа,- деді әлдебір қырылдақ дауыс. –Барар жерің бәрібір жердің асты.
Әмірші бұл жолы өзінің үйреншікті алтын күйме, атлас шатырында жатқанын, әлде баяғыда өзі салдырған тас зынданда жатқанын анық ажырата алмады.
Бағалау критерийлері:
- Өзекті мәселелерді анықтайды;
- Ғаламдық мәселелермен байланыстырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?