Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ.


Қызығушылықты ояту:

Сурет бойынша тақырыпқа қатысты ойларын ортаға салады.

Тапсырма.

Шығармадан берілген үзіндіні мұқият оқып, әміршінің ішкі жан дүниесін берудегі автордың идеясын өмір шындығымен байланыстыра отырып айқындаңыз.

 ТЖ. Әмірші арқасынан ауыр жүк түскендей, орнынан атып тұрды. Шуылдақ тобырдың айтып жүргені, шынында да, миға қонады. Біресе күлімдеп жайнап шығатын, артынша-ақ өкпелеген жас баладай жәудірей қалып, қырық құбылып тұратын мынау сиқыр мұнараны тек аспан астындағы ең ауыр тәж бен ең биік тақты иемденген бұның ғана астанасында тұруға лайық екені де рас. Ондай әсем мұнараны басқа қалаларға да салып, бағасын түсірмеу керек дегендерінің де әбден жаны бар. Ендеше мынау жарық жалғанда енді мұндай мұнара салынбауға тиісті. Ондай аса сирек өнер қонған бір туар шеберлердің қашанғы киетін кебін әлгі жас жігіт те кисін. Қай-қай Әмірші де ондай шеберді өзінен басқа ешкімнің қолына түсіргісі келмейді. Ендеше сол көп шуылдақтың дегендері-ақ болсын! Дәл мынадай көрікті мұнара бәрібір аңыз таратпай тұра алмайды. Ендеше оған лайық аңыз табылды. Естіген құлақтың қай-қайсысына да бірден қона кететін әбден қисыны бар.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Оқушы

Анализ және интерпретация

1

Шығармадан берілген үзіндіні түсінеді

Шығарма үзіндісін талдай алады

Әміршінің ішкі жан дүниесін берудегі автордың идеясын анықтайды

өмір шындығымен байланыстыра алады

Ойын жүйелі жеткізеді

Кері байланыс. ЖО

Бүгінгі сабаққа дейін не білетінмін?

Бүгінгі сабақтан не білдім?

Болашақта не білгім келеді?

Үйге тапсырма: «Аңыздың ақыры» повесін қайталап оқып келуге.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу