Абай Құнанбаевтың он жетінші қарасөзі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі

________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қалың елім, қазағым

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Қазақ әдебиеті

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаевтың он жетінші қарасөзі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/Ж 10.1.2.1 - әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану;

Б/С 10.3.4.1 - ғылыми еңбектерге сүйене отырып әдеби сын жазу.

Сабақ мақсаттары

Әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін түсіну, негізгі идеясын талқылау.

Ғылыми еңбектерге сүйеніп, әдеби сын жазу.

Бағалау критерийлері

Қарасөз жанрының ерекшелігін түсінеді, басты идеяны анықтайды.

Өзіндік көзқарасын білдіре отырып, әдеби сын жазады.

Тілдік мақсаттар

Қарасөз, ғақлия, «көркем сөз», «дана сөз», «асыл сөз», идея, әдеби сын, т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-бірінің жауаптарын сыйлауға үйрету, қарасөздердің мәнін түсінуге, көпшілікке насихаттауға шақыру.

Пәнаралық байланыстар

Философия, мәдениеттану, әдебиеттану, тарих, т.б.

АКТ қолдану дағдылары

Аудио/бейне материалдарын қолдану арқылы оқушылардың АКТ дағдыларын арттыру

Бастапқы білім

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

3 минут

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Назарын сабаққа аударту. Ұйымдастыру кезеңдері.

Ми шабуылы. Оқушыларға сұрақтар қойылады.

  • Қарасөз деген қандай жанр?
  • Абай қарасөздерін не үшін жазды?
  • Абайдың неше қарасөзі бар?
  • Қарасөздерінде қандай мәселе қозғалады?

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары, сабақ мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқушылар ББҮ (KWL) кестесімен жұмыс жасайды. Олар қарасөз жанры жайында, оның ішінде «Он жетінші қарасөзі» жайлы не білетіндерін естеріне түсіріп, «БІЛЕМІН» бағанына, сабақ мазмұны бойынша не білгісі келгенін «БІЛГІМ КЕЛЕДІ» бағанына толтырады, сабақ соңында «ҮЙРЕНДІМ» бағанына өз ойын жазып, нәтижелерін жұбымен бөліседі.

ББҮ (KWL) кестесі:

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Топқа бөлу.

I топ: «Ақыл»II топ: «Қайрат»III топ: «Жүрек»IV топ: «Ғылым»

1-слайд

2,3-слайд

4-слайд

Қима қағаздар

5-слайд

Сабақтың ортасы

2 минут

10 минут

8 минут

2 минут

10 минут

Мұғалім Абай Құнанбаевтың қарасөздерінің мазмұнына тоқталып, қарасөз туралы қысқаша түсініктеме береді. (Дидактикалық материалды қараңыз)

1-тапсырма. Оқушылар Абай Құнанбаевтың «Он жетінші қарасөзінің» аудио мәтінін тыңдайды. «Пирамидалық талқылау» тәсілі бойынша топ мүшелері қарасөздің идеясы, тақырыбы туралы өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады.

2-тапсырма. Топтық жұмыс. Тыңдалым мәтініне сәйкес қайрат, ақыл, жүрек қасиеттері мен адамға тиетін кеселдерді топтастырады.

«Қайрат» тобы: Қайрат қасиеттерін топтастырады

«Ақыл» тобы: Ақыл қасиеттерін топтастырады

«Жүрек» тобы: Жүрек қасиеттерін топтастырады

«Ғылым» тобы: Адамға тиетін кеселдерді топтастырады

Дескрипторлар:

- шығарманың идеясын, басты тақырыбын анықтайды;

- ортақ пікір қалыптастырады;

- қасиеттерді топтастыра алады.

Топтық бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек».

3-тапсырма. Жеке жұмыс. «Он жетінші қарасөзге» байланысты бірнеше ғалым, әдебиетшілердің сын-пікірлері ұсынылады. Соларға сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.

Дескрипторлар:

- өзіндік пікірін білдіреді;

- сыни көзқарасын қалыптастырады.

6-слайд

https://bilimland.kz/kk/content/lesson/7873

А.Құнанбайұлы «Он жетінші қарасөз»

7-слайд

8-слайд

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс. «3 Қ» әдісі.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша қиын, қажет, қызық болған жәйттармен бөліседі.

9-слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу