Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, нұсқаулық


Мұғалім оқушыларға автор бейнесін ашқызуда «Құтты Білік» дастанын талдатумен қатар қосымша ұсынылған ақпараттар негізінде де жұмыс жасата алады. Бұл өз кезегінде

халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеуге, гуманитарлық ғылымдардың қасиетті парыздарын түсінуге мүмкіндік береді.

Жүсіп Баласағұни

Түркі халықтарының көрнекті өкілдерінің бірі, бұл кезеңнің рухани мәдениеті тарихында өзіндік із қалдырған, қазақ топырағында дүиеге келген. Оның өмірбаяны жөнінде бізге жеткен мағлұматтар жоқтың қасы. Ата-жөніне қарағанда, Баласағұн қаласында (Жетісу) өңірінде туып-өскені хақ.

В.В.Бартольд пен И.В.Стеблеваның айтуынша, ғұлама ойшылдың әйгілі дастаны «Құдадғу білік» (Құт негізі - білік) Қашқар қаласында жазылған. В.В.Бартольд ол кезде «Қашқар қаласының халқы ғана нағыз түркі тілінде», яғни, «түркі – хақан тілінде» сөйлеген дегенді айтады. 

Дарынды ақынның, көреген ойшыл-дананың Жүсіп Баласағұнның өз сөзінен белгілі болғандай. Ол былай дейді: «Осы кітаптың авторы – Баласағұни қаласында дүниеге келген адамгершілігі жоғары – ұстамды азамат. Еңбекті Қашқарда аяқтап, Шығысты билеуші Табаш-ханға ұсынды, ол шығарманың авторын лұғылап, дәріптеп, оған «хасс-Хаджит» деген атақ берді»1.

Поэманың өзінен Жүсіп Баласағұнның асқан дарынды ақын, белгілі ағартушы, білімді адам, философ, ғалым-әмбебаб, данышпан, ақылғөй, араб және парсы поэзиясының, түркі халықтары фольклорін жетік білетін дана астроном, математик болды.

«Құдауғу білік» - әңгіме аңыз ретінде баяндалатын даналық сөз, өсиет, ғибрат. Дастан оқиғасы ХІ ғасырда Ыстық көл, Жетісу, Қашқар өлкесінде болған шындыққа байланысты өрбітілді. Жүсіптің дастаны саяси және ғибрат, өсиет, ақы ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық тағылымдық туынды. Онда жеке адамның өзін қоғамда, үй ішінде қалай ұстай білу керектігінен бастап, хандар мен бектердің өз қарамағындағы әрбір қоғамдық топтарға қалауға тиіс екендігі жөнінде көптеген мәселелер қамтылады.

Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында жазылған еңбек. Жүсіп Баласағұнидың «Құдатғу білік» түркі тілдес халықтардың ішінде бізге жеткен алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Бұл еңбек түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ жеке ұлт болып қалыптасқанына дейінгі ортақ мәдени мұра болып есептеледі.

Жүсіп Баласағұни. Құдатғу білік. А, 1990, 60-68 

Жүсіп Баласағұнидің еңбегінде тәлім-тәрбиелік, ғибарттық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде жазылған педагогикалық және психологиялық, философиялық тұрғыдағы еңбек болып табылады.

Еңбекте отбасы тәрбиесі, онда ата-ананың алатын ролі туралы, бала мінез-құлқын, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру, отбасында ананың алатын орнымен қатар әкенің де бала тәрбиесіндегі алатын  орнына ерекше мән береді.

Сонымен қатар ғұлама ағартушы Құдадғу білік  Х.Сүйінішалиев айтқандай, «орта ғасыр ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі жағынан зерттеушілерді таңқалдырған әдеби көркем туынды. Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген түркілердің және олардың мәдениетінің жарық жұлдызы деп атарлық әдеби мұра».1

Дастанда «Тіл туралы»  айтқан қағидаларының тәлімдік-тағылымдық, ғибраттық мәні ерекше. «Тіл адамның даңқын асырады», «Адам ол арқылы бақыт табады», «Тіл адамға жапа да шектіреді», «Абайламаса, басынан да айырады», «Жақсы болғың келсе, жаман сөз айтпа». Көп сөзділіктен пайда да, жақсылық та көрмейді. «Көп сөйлеме. Сабыр қып, әр сөзіңді салмақтай айт», «Он мың сөздің түйінін он сөзбен шеш», «Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз, кісі көркі – жүз, жүздің көркі – көз!». 

Дастанда білім, ақылдың қасиеттері жақсылық және жамандық, адамгершілік қасиеттер, адамгершілік құндылықтар туралы мәселелер қарастырылады, мәселен, «Ақылды – ұлы, білімді – білікті, қонса екеуі, ұлы етер жігітті», «Ақыл пайда бола, ұлылық толады, білім кімде со білікті болады», «Білімсіздер бар кеселді көреді, емдемесе тектен-текке өледі», «Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған шашатын», «Ақылдыға қадір – құрмет  лайықта, Ақымақ жан керең, сезбес айыпты!»…

«Білім – байлық, азаймас һәм жоғалмас, қарақшы, ұрыға да тоналмас!».

Білік-білім туралы Жүсіп Баласағұни өзіне ақыл кеңес береді: «Білік біліп – төрден орын аларсың, Білік білсең, күшті, берік адамсың», «Білік-түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз, қанша сімір, сарқылмайды білсеңіз!».

Жүсіп Баласағұнның осындай дидактикалық өсиет, ғибрат, ақыл-кеңеске құрылған дастаны 6500 бәйіттен тұрады. Дастанның соңында ақын қарттықтың келгеніне қоса достардың қатігездігін айта отырып, өзіне-өзі сабыр, өзіне-өзі тоқату, ақыл-кеңес айтады.

Ортағасырлық Шығыстың ас ірі ойшылдары Жүсіп Баласағұн мен Махмуд Қашғари болды. Ол екеуінің де шыққан тегі түркілер еді. Сондықтан олар түркі халықтарының тарихын, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын зерттеуге баға жетпес үлес қосты.

Сүйінішалиев Х. Орта ғасырлардың әдебиет ескерткіші. Алматы, 55-бет

http://referatikz.ru/load/aza_sha_referattar/aza_debieti/zh_sip_balasa_ni/10-1-0-1294



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу