Ж.Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 12-сабақ.


Бөлім атауы: Қиял мен шындық

Сабақтың тақырыбы:

Жүніс Сахиев «Дабыл» әңгімесі

Сабақтың мақсаты

Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

ДЖИГСО

1-қадам. 4 топқа бөлініп отыру.

2-қадам. «Дабыл» фантастикалық әңгімесінен бірдей үзіндіні алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрып, мәтін бөліктеріне сай топ мүшелері:

№1. әңгіменің 1-бөлімі;

№2. әңгіменің 2-бөлімі;

№3. әңгіменің 3-бөлімі;

№4. әңгіменің 4-бөлімі;

№5. әңгіменің 5-бөлімі.

3-қадам. Сараптау топтарына қайта бөлінеді (1-бөлікпен жұмыс жасағандар бір топқа, 2- бөлікпен жұмыс жасағандар екінші топқа, т.с.с.).

4-қадам. Сараптау тобында өздері оқып шыққан үзіндіге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізудің жолдарын белгілейді.

5-қадам. Өз топтарына барып, сараптау тобында үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салып, сөздік жұмысын жүргізіп, негізгі ойды, сюжеттік желіні анықтайды.

Ж.Сахиевтің «Дабыл» фантастикалық әңгімесінен берілген үзінділерді топта оқып, топ мүшелеріне, одан соң өзге топтарға таныстырыңыз.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сұрақтары» (Б.Блум бойынша)

«Дабыл» әңгімесінің мазмұнын игергеніңізді сұрақтарға жауап беру арқылы тексеріңіз. Білу: Шығарма кім туралы? Қашан, қалай болды?

Түсіну: Сұраққа жауап бере отырып, оқиғалар, идеялар, деректер, құндылықтар арасындағы байланысты анықтау және ойын түсіндіреді. Шығарманың ең қызық жері? Неліктен?

Қолдану: Сіз Жасағанның орнында болсаңыз қайтер едіңіз? Талдау: Шығарма кейіпкерлері: Төлен, Таңатар, Қазыкен, Жасағандарға тән қасиеттерді атаңыз.

Жинақтау: Алынған ақпаратқа толық логикалық қорытынды жасау, оқиғаның себебі мен салдарының байланысын толық түсіндіру.

Бағалау: Алынған ақпаратқа пікірталас жасай отырып, жеке өзіндік көзқарастарын қалыптастыру. Шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, талдайды, қорытады, бағалайды.

 

Әңгіме кестесі

Өзара бағалау

Рефлексия

Үй тапсырмасы

Ж.Сахиевтің «Дабыл» фантастикалық әңгімесін оқу;

Әңгімеде көтерілетін мәселелерге назар аудару.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу