Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 4-сабақ.
Сабақтың тақырыбы:
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңіОқу мақсаты:Б/С4.Шығарма бойынша жазылған әдеби сын –пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар: Шығарма бойынша жазылған әдеби сын -пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.
Миға шабуыл : «Сұрақ? Жауап» әдісі
Бағалау критерийі:
1- тапсырма:« Үлкен және кіші шеңберлер» тәсілі
Ғалымдар пікірі
«Шәкәрім – барынша ізденгіш, жаңашыл да талғампаз ақын. Бұған оның сан алуан өлеңдері мен ән мәтіндері айқын айғақ бола алады. Біз бұл орайда оның жыр өлеңдерін де тізбелеп жатпай-ақ, соның қажетті деген кейбіреулеріне ғана тоқталып өтсек дейміз. Айталық, ол өзінің «Ойдан шығарылған бар түрлі әндерін» атты өлеңінде аталған ән талабына орай бірінші жолды 9, екінші жолды 10, үшінші жолды 9, төртіншісін 8, алтыншы жолды 11, жетінші тармақты 7 буынды етіп құрады. Тіпті, кейбір мәтіндерді 2 және 8 буынды етіп те құбылтады. Ал енді біріңғай 8,9,10,11,12 буынды өлеңдер де жиі ұшырасады. Бұлар өзіміздегі әр алуан зерттеулерде әр кезде арнайы қарастырылып, лайықты бағасын алып келгендіктен, біз сөзді осымен шектей тұрамыз....».
Оқушы пікірі
«Шәкәрім – барынша ізденгіш, жаңашыл да талғампаз ақын. Біз бұл орайда ғалымдардың ақын шығармашылығы жайлы зерттеу еңбектері, сын-пікірлерімен толық келісеміз.Айталық,ақын өзінің «Жастарға» атты өлеңінде..................................................
....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Өзін- өзі бағалау парағы
Үш жақсы...
Бір дамытуды қажет ететін...
2-тапсырма :«Категория» әдісі
Тақтаға үш категория жазылады: «Тарих», «Әдебиет», «Сараптама».
Оқушылар өз еріктерімен категорияларды таңдап алады.
Спикер конференцияның өту тәртібімен мамандарды таныстырып, жұмысын бастайды.
Пресс-конференция «Өмір шындығын суреттеудің хас шебері» деген тақырыпта өтеді.
Тарихшылар шығармадағы ақын өмірінен Абайдың алатын орны мен мәнін, әдебиетшілер шығарманың әдебиет саласындағы маңызын айтады.
Сарапшылар олардың жұмыстарына сараптама жасап қорытындылайды.
Спикер конференция жұмысын аяқтағаннан кейін тілші баспаға конференция жайлы ақпараттық мақала ұсынады.
Бекіту
«ТЕД әңгімелері» әдісіСынып оқушылары топпен «Кейінгі жастар қабылдар, Айтылған дұрыс сөзімді...» тақырыбында екі минуттық шешендік сөз дайындайды.
Шешендік сөз алдымен алдымен жұпта, содан кейін топ арасында тыңдалады.
Топ мүшелері ең үздік деп танылған бір оқушының сөзін мектепішілік «TeD әңгімелері» конференциясына ұсынады.
Салыстыру
«Блокбастер» әдісі.
«Блокбастер» әдісі бойынша флипчартқа торкөздер сызылады. Торкөздер ортасынан екі бөлікке бөлінеді. Торкөздердің оң жақ және сол жақ бөлігіне 20, 30, 40, сандары жапсырылады. Сандардың астына «Сол жақтағы 20:ғалым пікірі», «Оң жақтағы 20:оқушы пікірі », «Сол жақтағы 30:ғалым пікірі», «Оң жақтағы 30:оқушы пікірі», «Сол жақтағы 40:ғалым пікірі», «Оң жақтағы 40:оқушы пікірі» жазылады.
Ғалым пікірі :М.Әуезов
Сол жақтағы 20: «Абайдың дәл өз тұсында, өз дәуірінде еңбек еткен ақындар төртеу. Оның екеуі Ақылбай, Мағауия – Абайдың балалары. Қалған екеуі – Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың нағыз толық мағынасындағы шәкірттері. Абайдан аталық, ағалық, ұстаздық тәрбие алудан басқа, бұлар Абай басшылығымен өз жандарынан жырлар да жазған... Абай оларға тақырып беріп, өлеңдерін сынайды, түзейді, қалай түзетудің жолын айтады. Дәлін айтқанда, мыналар Абайдың ақын-шәкірттері есепті де, Абай алды оларға жазушының мектебі сияқты болады»
Ғалым пікірі :М.Жармұхамедұлы:
«Ақын өзінің 19 жаста жазған «Жастарға» атты өлеңінде де ұлы ұстазының өз өмірінен алатын орны мен мәнін, тіпті кейінгі буын жастарға деген
әсер-ықпалын орынды бағалап:
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берелік
Бір білімді данышпан жан табалық.
Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
Қарауылдар мезгіл ғой,тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
Жалыналық Абайға, жүр баралық!
Мынау Абай- бір ғалым жол шығарлық,
Замандасы болмады сөзді ұғарлық.
Амалы жоқ, айналды енді бізге,
Күн туды етегіне жабысарлық!» - дейді.
Осындай арналы бағыт беретін өлең жолдары ақын оқу, білімсіз надандық пен қараңғылық түнегінде қалған халқын оятып, оның мәдениетті елдер қатарына қосылуы үшін, Абай ұстанған жолды жастарға үлгі етіп ұсынады, алдағы жарқын болашақтың тек жастарға байланысты екенін дұрыс түсініп, надандықтан арылуға үндеп, надандардың артына ешнәрсе қалмайтынын ескертеді».
Ғалым пікірі:С.Қирабаев
Сол жақтағы 40 :«Әдебиетті құрметтеу — мәтін тазалығынан басталатындығы Ш.Құдайбердіұлы көркемтанымындағы басты ұстаным.
Ш. Құдайбердіұлының көркемдік қарымы мен эстетикалық талғамы алуан жанрда жазылған шығармаларында мейлінше айқындалған. Оқығаны мол, тоқығаны адам баласын таң қалдыратын күрделі суреткер даяр үлгіні місе тұтпаса керек. Шын мағынадағы көркем шығармалар дүниеге келіп, тұтас қазақ әдебиеті ояну дәуірін өткеріп жатқанда жанашыр, жол көрсетуші сынның туу қажеттілігін мейлінше терең ұғынған Ш.Құдайбердіұлы «Біздің қазақ арасына газет, журнал шыға бастағаннан бері үзбей оқымасам да, анда¬- санда газета, журнал оқушы едім! Сонда бірінің сөзін бірі сынаған қазақ оқымысты азаматтарының сөзіне кез келуші едім», — деп әңгімесін сабақтайды. Әрі қарай сын деген не, мақсаты қандай, сыншы кім, оған нендей талаптар қойылады, тағы сол сияқты кенеулі проблемаларды ақтарып салады. Айтар ойына, көрсетер жолына, ішкі жан дүниесінің тазалығына шұқшия зейін қойып, сынның бет аңғары, болмыс ¬бітіміне орай принципті тұжырымдарды заңнамалық баптарды тізгіндей тәптіштейді. Өзіне де, өзгеге де биік та лап мұнарасынан қарайтын Ш.Құдайбердіұлы «сын деген жаратылыс ағымының таразысы, таза елегі» екендігіне оқырман көпшілікті ұйытады».
Салыстыру:«Блокбастер» әдісі
Оқушылар екі топқа бөлініп тұрады.
Жүргізуші бір мезетте екі топтан бір-бір оқушыдан шығарады. Оқушылар торкөздердің оң және сол жағындағы бірдей сандарды таңдауы керек.
Бірінші оқушы ғажайып шаршылардағы шығарма туралы жазылған ғалым пікірін оқиды, екінші оқушы өз пікірін айтады, қалған оқушылар пікірлерді салыстырып, өз көзқарастарын білдіреді.
Жауаптарды белгілеуші жазып отырады.
Оқушылар пікірлер туралы ойларын айтып болғаннан кейін, екі топ бірігіп шеңбер құрып тұрады.
Белгілеуші пікірлер жайлы салыстыруларды оқиды, сынып оқушылары толықтырып өз ойларын қосады.
Жүргізуші ең көп жауап берген оқушыны анықтап, баға береді.
6. Бағалау
«Көзқарас- талдау- стандарттау»
Оқушылар қабырғадағы жұмыстарға «Көзқарас – талдау –стандарттау» арқылы екі түрлі бағалау жүргізеді: өзін-өзі және жұптық бағалау.
Кері байланыс: «5-5-1» кестесі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?