Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 22-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: № 22

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні :

Мұғалім:

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.Б/С3. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу

Сабақ мақсаты:

Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Жауапты азаматтық позиция;
  • Өмір бойы білім алу.
  • Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;
  • Шығармашылық.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

слайд

Бағалау критерийі:

Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: көркем шығарма, көркемдік-идеялық құндылық, гуманизм, сюжеттік кесте, идеялық тізбек, әдеби эссе, бағалау т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойлауымша; өз пікіріме дәлел келтірер болсам; оның мынадай себептері бар; ойымды қорытындылай келе т.б.

Алдыңғы білім

Оқушылар «Еңлік-Кебек» дастаны бойынша тапсырмалар орындады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

«Галереяда ой шарлау»

Оқушылар сынып қабырғаларына ілінген афоризм сөздерді аралап жүріп, сөйлегенде, эссе жазғанда қолдану мақсатында өздері үшін маңызды деген нақыл сөздерді жазып алады.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:

ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай ҚұнанбаевАқын бойына адамгершілік қана жарасады. Екеуінің біріне ақау түссе - алдымен ақындық өледі  Ғабит Мүсірепов Сұлулық, әдептілік, білімділік, сезімділік, ерлік, даналық - бәрі де жеке  адамның меншігінде емес, ең алдымен, елдің, халыктың еншісі. Ғабит Мүсірепов Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек.  Ғабит Мүсірепов Адалдық: өзі алданса алданар, өзі ешкімді алдамас.  Ғабит Мүсірепов

Махаббат, достық, бауырмалдық - адамның ең бір асыл қасиеттері.  Ғабит МүсіреповТұзаққа түскен бұлбұлдан еркін жүрген торғай артық. Төле би ӘлібекұлыАйнымай тұтқан жолың болсын мынау -Азаттық, ағайындық, тендік сұрау.Тайсалмай дұрыстыққа жаның қисаң,Борышы адамдықтың сонда тұр-ау. Міржақып ДулатовАдамның алдымен адам сипаты болуға тиіс. Міржақып ДулатовОқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады. Топқа бөлу.

http://bilim-all.kz/olen/1568

Сабақтың ортасы

6-12 мин

13- 19 мин

20-35 мин

Мағынаны тану

Әр оқушының әдеби эссе жазар алдында ойын жинақтауы үшін «Сюжеттік кесте» толтыру тапсырмасы беріледі.

1-тапсырма Ж. «Сюжеттік кесте»

Ақынның ішкі ойы

Ақын өкініші

Ақынның болашақтан үміті

Дастанның қазіргі замандағы өзектілігі (дәлелде)

2- тапсырма ТЖ. «Идеялық тізбек» (Б.Блум бойынша)

Оқушылар төмендегі мәселелерді топта талқылайды. Мұғалім аралап, оқушылардың жауаптарын тыңдай жүріп, стикермен бағалап кетеді.

1.Оқылған шығарманың мазмұнын еске түсіру:

Шығармадағы оқиғалар тізбегін еске түсіріңіздер.

2.Идеялар, деректер, құндылықтар арасындағы байланысты анықтау және ойын түсіндіру:

Дастан авторы оқырманға қандай идеялық құндылықты жеткізгісі келді?

3.Қолдану:

Өзіңізді бір сәт ақынның орнына қойып көріңіз: оқиғалар тізбегінен қандай жағымсыз жағдаяттарды алып тастар едіңіз, тағы қандай оқиғалар қосқан болар едіңіз?

4.Талдау:

Шығармадағы адами құндылықтар қаншалықты шынайы көрсетілген? Шәкәрім гуманизмі неде?

5.Жинақтау:

Дастаннан алынған ақпаратқа толық логикалық қорытынды жасаңыз: ақынның шығармашылық табысы неде?

6.Бағалау:

Ақынның жақсылыққа ұмтылысы, халық атынан сөйлей алатын оптимистігі, болашаққа сенімі, терең ойшылдығына баға беріңіздер.

Топтық бағалау. Ауызша комментарий арқылы бағалайды.

3- тапсырма Ж.

Оқушы ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, әдеби эссе жазады.

Тақырыптар:

  • «Еңлік-Кебек» дастанында Кебектің азаматтық тұлғасын сомдаудағы автордың суреткерлік ерекшелігін талдап жазыңыз.
  • «Еңлік-Кебек» дастанындағы ақынның шынайы достық, адалдық, махаббатқа деген көзқарасын талдап жазыңыз. 
  • Автордың характер жасаудағы шеберлігін Еңлік бейнесі арқылы дәлелдеп жазыңыз.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жаза алады.

  • Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды;

Әдеби эссені талапқа сай жазады;

Өз ойын көркем тілмен бейнелі жеткізеді.

Сабақтың соңы

36-40 мин

Кері байланыс

Әдеби эссе тақырыбын аша алдым деп ойлаймын, эссе тақырыбын ашуыма ... ... ... ... ... ... ... ... көмектесті.

Әдеби эссе тақырыбын толық аша алмадым, дегенмен ...

Әдеби эссе тақырыбын аша алмадым, оның ... ... ... ... ... ... себептері болды.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

«Қызығушылықты ояту» сатысында оқушылар «Галереяда ой шарлап» өздері үшін маңызды деген нақыл сөздерді жазып алады. Бұл сөздер сөйлегенде, эссе жазғанда қолдану, оқушының тіл байлығын арттыру үшін беріледі. Мағынаны тануда әр оқушы әдеби эссе жазар алдында ойын жинақтау үшін «Сюжеттік кесте» толтырып, «Идеялық тізбек» (Б.Блум бойынша) арқылы шығарманы талқылап алады. Осы дайындықтардан кейін оқушы ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, әдеби эссе жазады. Эссе жазуда қабілеті жоғары оқушылар өз мүмкіндіктерін көрсете алады.

«Сюжеттік кесте» арқылы оқушы өзін-өзі бағалайды. «Идеялық тізбек» (Б.Блум бойынша) тапсырмасында топтар бір-бірін ауызша комментарий арқылы бағалайды. Мұғалім аралап, оқушылардың жауаптарын тыңдай жүріп, стикермен бағалап кетеді.

Ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, әдеби эссе жазу тапсырмасында оқушы бағалау критерийіне сүйенеді. Мұғалім тапсырманы сыныптан тыс уақытта тексеріп бағалайды.

Сынып бөлмесіндегі үстелдер мен орындықтар оқушылар бір-біріне бөгет жасамайтындай етіп ыңғайланып қойылады. Топтық тапсырмаларға жауап беру кезінде оқушылар сабақ үстінде:

- смартфон, гаджеттерді рұқсатсыз қолданбау;

- сабаққа кешікпеу;

- белсенді оқу әрекеттері кезінде парталар мен орындықтардың арасында абайлап жүру керектігі ескертіледі. Мұғалім сынып ішіндегі қозғалысты реттеу, бір-біріне/жұптарға/топтарға кедергі келтірмеу жағын бақылайды.

Осы сабақ барысында:

  • Жауапты азаматтық позиция;
  • Өмір бойы білім алу.
  • Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;
  • Шығармашылық

сияқты НЗМ құндылықтарын дамытуға мүмкіндік бар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу