Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 20-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары №20
Бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі | ||||||||||||||||||
Оқу мақсаты | Т/Ж4. Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану. | ||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады. | ||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдана алады. | ||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар қолдана алады: Өлең үзінділерін өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданып айтады. Өлең үзіндісін жазылым жұмысында дәлел ретінде тиімді пайдаланып жазады. Өз көзқарасын жазылым жұмысында үзінділер арқылы дәлелді жеткізе алады. Пәндік лексика мен терминология: көркем шығарма,жалқаулықты, мойынды бұрысалық, талап етпеген, өмір зая, ақылыңды аяма. Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар: Менің ойымша... Менің байқауымша... Шығармада көтерілген мәселе жайында былай ойлаймын... Ойымды қорытындылай келе: | ||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жаңашылдық, адамгершілік, талапкерлік. | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Бейнелеу өнері пәнімен байланыс болады. | ||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сабақта Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастаны тақырыбы бойынша орындалған тапсырмаларда талдау, сараптау, сыни ойлау қабілеттерін дамытып, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы шығармашылық дағдыларын жетілдірді. Бұл сабақта қалыптасқан дағдылары мен білімдерін одан әрі жетілдіру үшін әртүрлі тапсырмаларды белсенді тәсілдер арқылы орындау барысында қол жеткізіледі. | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | 1.Миға шабуыл «Оқу атысы» жаттығуы Сынып оқушыларына алдымен «Шәкәрім талантының жақұт қырлары»» бейнежазылымынан көреді.(https://www.youtube.com/watch?v=Rv4RmWP5gZo). Интерактивті тақтадан немесе флипчарттан үш түрлі шеңбер суреті көрсетіледі. Бірінші шеңберге сабақтың тақырыбы жазылады. Екінші шеңберге оқушылар «миға шабуыл» өткізу арқылы тақырыптың не туралы болуы мүмкіндігін, үшінші шеңберге қандай жағдайларға байланысты болуын болжайды.
Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында тапсырмалар бойынша мақсатты нәтижеге жету үшін бағалау критерийін жасайды.
| Флипчарт, «Шәкәрім талантының жақұт қырлары» https://www.youtube.com/watch?v=Rv4RmWP5gZo | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут
| 2.Қызығушылығын ояту 1-тапсырма «Тоқта! Пошташы мырза, бір минут кідіріңіз» әдісі Бұл тапсырма «Тоқта! Пошташы мырза, бір минут кідіріңіз» әдісі арқылы орындалады. Сынып оқушылары екі топқа бөлініп, түзу сызықтың бойына қарама-қарсы қарап тұрады. Екі топқа да «Жастарға» өлеңінің үзіндісі беріледі. Бір оқушы пошташы кейпіне кіріп оқушыларға конверт таратады. Конверттің ішіне өлеңнен үзінділер жазылады. 1-топ:Білмегенді білуге тырысалық!Жалқаулықты көңілден сырысалық!Босқа күлген күлкіні күйлемелік!Шын ақылға мойынды бұрысалық!Жақсы білім іздеуге жалықпалық!Табылмаса, тарығып, талықпалық!Салақтықты қоялық, сақ болалық!Білгенді, білмегенді анықталық!2-топ: Кейде бірге жүрелік, кейде ойналық!Ойнап, күліп, кешікпей ой ойлалық!Ойынымыз аз болсын, ойымыз көп,Оймен талап етпеген іс қоймалық!. Жарасымды мінезді жатқа алалық,Жанға қас жамандықтан сақтаналық!Арсыз, ғайбат, өтірік, ынсапсыздық –Бұлардан бой тасалап ақталалық! Оқушылар берілген шумақтар бойынша бірінші жастардың мәтіндік портретін сипаттауға негіз болатын сөз тіркестерін іріктеп алады, екінші суретін салады. Сурет салуға арналған арнайы А3 қағазы мен түрлі-түсті фломастерлерді почташы таратып береді. Суретті салып болғаннан кейін пошташы екі топтың суреттерін жинап алып сараптама жасап, бағалайды. Топ мүшелері пошташы жұмыстарына бағалау жасап, қорытынды ойын айтып тұрғанда «Тоқта! Пошташы мырза, бір минут кідіріңіз» деген сөзді айту арқылы сұрақ қоя алады. Сұрақ сараптамаға байланысты болады. Оқушылардың өз жұмыстарын қорытындылаушы пошташының сараптамасымен келіспей, қарсы пікір айта алады. Қабілеті жоғары оқушыға пошташы рөлінде тапсырмаларды бөлу мен сараптау тапсырылады, қабілеті орта оқушы пошташыға сұрақ қояды.
3. Мағынаны тану 2-тапсырма «Айналмалы бекеттер» әдісі 1. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беру кезінде шығарма үзінділерін дәлел ретінде қолданады. 2. Бөлмеге қағаз және түрлі-түсті қаламдар бар бірқатар бекеттер қойылады (оқушыларды қалам түстеріне қарай топқа бөлу қажет, әр топқа әр түсті қалам беріледі, осылайша топтар қандай үлес қосқанын көруге болады). 3. Әр топ өз бекетінің жанына орналасады. Берілген сұрақтарды талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін топтарға 2 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар кабинеттегі жаңа бекеттерге көшеді, ол бекетте бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады. Барлық топтар бекеттердің барлығын өтіп, өзге топтардың түсініктемелерін қарастырып болғанша топтар бекеттерін ауыстырып отырады. Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам, айла, зорлықсыз мал табалық. Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық. Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық! Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық! Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан, Жалыналық Абайға, жүр баралық! Мынау Абай- бір ғалым жол шығарлық, Замандасы болмады сөзді ұғарлық. Амалы жоқ, айналды енді бізге, Күн туды етегіне жабысарлық! Білімді сол кісіден ізденелік! «Әдейі іздеп біз келдік сізге» - делік «Өмір зая болмастық өнер үйрет, Ақылыңды аяма бізге» - делік!...
2. «Пайымдау сұрақтары»
Қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз эксперт ретінде топ жұмысын бағалайды. 3-тапсырма «Тренер – ойыншы» әдісі Оқушылар алдыңғы тапсырмадағы топтары бойынша отырады. Топ мүшелері «тренер» , «ойыншы» рөлдерін бөліп алады. Әрқайсысы шығармаға қатысты 5 сұрақ жазады. Сұрақтар сұрау есімдігінен басталуы тиіс: «Не, кім, қашан, қайда, неге, қалай, Егер ... болса, не болады?». Тренер: шығарма үзіндісін дайындайды, артында жазылған сұрақтар болады. Бірінші сұрақ қояды. 2 - оқушы толық жауап бере алмаған жағдайда көмек береді. Ойыншы : сұраққа шығармадан дәлел келтіре отырып жауап береді. Егер сұрақтың жауабын білмесе тренерден көмек сұрайды. Қабілеті жоғары оқушыны тренер, қабілеті орта оқушы ойыншы рөлін атқарады. 4. Бекіту 4-тапсырма «Сөйлемді толықтыру» әдісі Сынып оқушылары төрт топқа бөлінеді,топ құрамы алмасады. Бірінші топтан екі оқушы екінші топқа, олардың екеуі бірінші топқа, екі оқушы төртінші топтан үшінші топқа , үшінші топтан екі оқушы төртінші топқа барады. Топқа шығарма үзінділері таратылады. Әр топтан бір спикер шығып, үзінді бойынша өз ойын айта бастайды. Топ спикері ойын аяқтағанда екінші топтың спикері оған қарсы сұрақтар қояды. Топ мүшелері рөлмен ауыса алады. Сұрақтар төмендегідей үлгіде болады.
5.Салыстыру 5- тапсырма «Мәтіндік зерттеу» әдісі 1-қадам. Оқушылар дәптерлеріне өлеңнің өздеріне ерекше әсер туғызған бөліктерін іріктеп жазып алады. Жазған бөліктері бойынша жұппен пікір алмасып, ой бөліседі. 2-қадам: Пікір алмасып, талдағаннан кейін кестені толтырып жазады.
6.Бағалау «Үш түрлі күнделікпен» жұмыс 1-қадам. «Жастарға » өлеңін жұппен талқылайды. 2-қадам. Жеке күнделік толтырады.
Жұмысты топ спикері бағалайды. Спикерлер тапсырманы бағалауда сабақтың басында өздері бірлесе жасаған бағалау критерийіне басшылыққа алады. | Маркер, постер, интерактивті тақта, фломастер, конверт. http://abaialemi.kz/post/view?id=530 Ш,Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5минут | Кері байланыс: Оқушылар топпен жұмыстарын сынып алдында қорғағаннан кейін, жеке «Білу қажет» кестесін толтырып, кері байланыс береді.
| Кері байланыс парағы | |||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау | |||||||||||||||||
Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау,топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың соңындағы «Аялдама бекеті», «Тоқта! Пошташы мырза, бір минут кідіріңіз»,«Үш түрлі күнделік» әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық қабілетін дамыту көзделеді.Қабілеті орта оқушылардың танымдық, сыни ойлау қабілеттірін жетілдіру «Тоқта! Пошташы мырза, бір минут кідіріңіз», «Мәтіндік зерттеу» әдісі кезінде жүзеге асырылады. | Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады. | Сынып бөлмесіндегі үстелдер мен орындықтар оқушылар бір-біріне бөгет жасамайтындай ыңғайланып қойылады. Тәуелсіз эксперттерге жеке орын дайындалады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?