Төлен Әбдіков «Қонақтар». Қазақ әдебиеті, 7 сынып, презентация.


Оқу мақсаты: 7.Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

Т. «Бетпе –бет» әдісі. Оқушылар 2 қатарға қарама –қарсы отырып, берілген сұрақтар бойынша пікірін айтады. Бірінші қатардағы оқушылар бір орынға жылжып, жұбын ауыстырады.

Талқылау сұрақтары:

1.Сапабек өзінің әке –шешесіне деген перзенттік сағынышын, махаббатын таныта алды ма?

2.Ерекеңнің түнімен мазасызданып шығуының себебі неде?

3.Жазушы ақсақалдың көңіл-күйін қалай берген?

4. Ерекең баласынан қандай үміт күтіп еді? Үміті ақталды ма?

5. «Баланың ата-ана алдындағы азаматтық парызы» дегенді қалай түсінесің?

Т.Берілген оқиғалар бойынша эстетикалық құндылықтарды анықтап, себебін түсіндіріңіз.

1-топ: Ерғабыл мен кемпірінің өзара қарым –қатынасы

2-топ: Қонақ күту

3-топ: Сапабектің әңгімесі

4-топ: Тома –келін

5-топ: Аспандиярдың әні

Ж. Сыни шолу жазу

Ұсынылатын тақырып:

«Қонақтар» әңгімесіндегі эстетикалық құндылықтар»

Көлемі: 120-150 сөз

Еркін микрофон:

Оқушылар өз қалаулары бойынша сыни шолуларын сыныпқа таныстырады.

Рефлексия:

Маңыздылық аймағы

Ішкі шеңбер –ең маңызды

Ортаңғы шеңбер –маңыздырақ

Сыртқы шеңбер –маңызды емес

[attachment=28195:tanystyrylym-4.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу