Әл-Фарабидің «Қашықтасың, туған жер» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.


1.ЖЖ. Кестені толтырып, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдаңыз.

Мысалдар

Шығарманы көркемдеп тұрған құралдар мен тәсілдерді анықтаңыз

Қолданылу ерекшелігін талдаңыз

Қашықтасың туған жер – қалың елім,

Не бір жүйрік болдырып жарау деген.

Шаршадым мен. Қанарым талды менің,

Шаңыт жолға сарылып қарауменен.

Дескрипторлар:

Үзіндіден эпитет, теңеу, ауыспалы мағынадағы сөздерді анықтайды;

Қолданылу ерекшелігін талдайды.

2.ЖЖ. Кестені толтырып, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдаңыз.

Мысалдар

Шығарманы көркемдеп тұрған құралдар мен тәсілдерді анықтаңыз

Қолданылу ерекшелігін талдаңыз

Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,

Қасіреттің жасына көз жуынар.

О, жаратқан, көп неткен ақымағың,

Құм секілді тез ысып, тез суынар.

Дескрипторлар:

Үзіндіден эпитет, теңеу, ауыспалы мағынадағы сөздерді анықтайды;

Қолданылу ерекшелігін талдайды.

3.ЖЖ. Кестені толтырып, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдаңыз.

Мысалдар

Шығарманы көркемдеп тұрған құралдар мен тәсілдерді анықтаңыз

Қолданылу ерекшелігін талдаңыз

Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,

Әкімдікке күллісі жүгіреді.

Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,

Жаным менің түршігіп, түнереді.

Дескрипторлар:

Үзіндіден эпитет, теңеу, ауыспалы мағынадағы сөздерді анықтайды;

Қолданылу ерекшелігін талдайды.

4.ЖЖ. Кестені толтырып, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдаңыз.

Мысалдар

Шығарманы көркемдеп тұрған құралдар мен тәсілдерді анықтаңыз

Қолданылу ерекшелігін талдаңыз

Қайтейін мен көкжиек кеңдігімді,

Келер күнге үмітпен жол ашамын.

Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,

Соны медет етеді болашағым.

Дескрипторлар:

Үзіндіден эпитет, теңеу, ауыспалы мағынадағы сөздерді анықтайды;

Қолданылу ерекшелігін талдайды.

Әбу Насыр Әл-Фараби  (870-950 жж.)

1. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Замандастары жазған шежірелер бойынша алғанда,  оның арғы аталарының есімдері таза Түркі тілінде келтіріледі.   https://martebe.kz/al-farabiomirbayany/

2.Әбу Насыр— Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан.  Энциклопедист, ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі – ғалымның жан-жақты тұлғасын көрсетеді. Деректерде сауатын Түрікше ашқаны, өзін ақын және күйші, әнші ретінде танытқаны айтылады. Оның өлеңдерінан үзінділер де сақталған. Фарабидің күйшілік өнері туралы әңгімелер көптеп кездеседі. Фараби заманында бүкіл ОртаАзия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда саттық мәселесінде ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Соның ішінде рухани, ғылыми тіл араб тіл болған. Сондықтан осы қалада сауат ашып, осы қалада білімге, ғылымға деген құмарлығы оянған Әл-Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді.

https://martebe.kz/al-farabiomirbayany/

3.Ол кейін білім ғылым іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде әлемнің ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдадқа келіп, сонда тұрақтап қалады. Сол кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады. Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының бәріне, өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырады. Одан қалған ғылыми еңбектердің өзінің саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай бөлетін болсақ, олар мынандай: астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия риторика, философия болып келеді. Кейбір деректерге қарағанда Фараби түркі, араб, парсы тілдерін қосқанда 70 тілде сөйлей білген делінеді.

https://martebe.kz/al-farabiomirbayany/

4.Өмірінің соңына қарай Әл Фараби Мысыр, Шам, Халеб қалаларында болып, ақырында Шам шахарында келіп, сонда тұрақтайды. Осында қайтыс болады. Оның денесі Шам шахарының Кіші қақпа (Баб ас Сағир) жағындағы зиратқа қойылады.Әл Фарабидің ісін жалғастырған, ғылымға берілген шәкірттері көп болған. Олардың ішінен, ең алдымен, Орта Азияның ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Синаның (Авиценна) есімін атауға болады. Сондай ақ еңбектері ұлы ұстаз еңбектерімен сабақтасып жатқан ұлы ғалымдар Беруни, Бозжани, Омар Һайямдар да өздерін Әл Фарабидің шәкірттеріміз деп есептеген. Бұл Ұлы Ғұламаның өзінен кейінгі талай Ұлыларға да үлгі болғанын көрсетеді.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері қарай Қазақстан ғалымдары да ұлы ұстаздың бай мұрасын жинап, зерттеп тануға өз үлестерін қоса бастады. Қазір Қазақстан Ғылым академиясының кітапханасында Әл Фарабидің елу шақты еңбегі бар.

https://martebe.kz/al-farabiomirbayany/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу