Боксшы Ривера қандай адам? Қазақ әдебиеті, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: .2017 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Құлжаева Б.Ж.

Сынып: 5 L1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Боксшы Ривера қандай адам?

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж4. Шығарма үзінділерімен жұмыс

А/И3. Көркем шығарманың тілі

 Сабақтың мақсаттары

Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.

Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау.

 Бағалау критерийлері

Барлық оқушы орындай алады:

Шығармалардан шағын үзінділерін мәнерлеп оқып, жатқа айта алады.

Суреттеу құралдары теңеу, эпитеттерді анықтай алады.

Көптеген оқушы орындай алады:

Шағын көлемді үзіндіні мәнерлеп оқиды;

Теңеу, эпитетті таба алады.

Кейбір оқушы орындай алады:

Шығармалардан шағын үзіндіні баяндап береді;

Суреттеу құралы эпитетті анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

«ПОПС» формуласы

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Құрметтеу: оқушыларға мәтін талдату арқылы ер намысының ел намысы екенін түсінуге үйрету.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

Қызығушылықты ояту

1.Жалауша мен бокс қолғабын көргенде қандай ой түйдіңіздер?

2.Бокс жайында не білесіздер?

Сабақтың ортасы

5 минут

15 минут

2 минут

3 минут

10 минут

7 минут

Білу

Глоссарий

Мексика- байырғы өркениетті Майя халқы мекендеген Америка құрлығындағы мемлекет

Раунд (ағылш.round)- кәсіби бокста қарсыластар айқасының 3 минуттық кезеңі. Кейде 15 минутқа дейін болады.

Ринг- бокстағы шайқас алаңы

Бөріктіру- шулату, лаң салу, дүрліктіру

Сарабдал- байсалды, салмақты

Винтовка- қару атауы

Нокаут- рингте қарсыласын жерге құлатып түсіру.

Секундант- жаттықтырушының көмекшісі

Түсіну

Оқылым

«Зуылдақ» әдісі (Babble Gabble)

Жұмыс алгоритмі

Оқушылардан жұп болып мәтіннен не туралы талқылауды және өз ойларымен бөлісуді сұрау. Бір оқушы бұл мәтін туралы есіндегі барлық нәрсені мүмкіндігінше тез-тез айта бастайды. Ал екінші оқушы зейін қойып тыңдап отырады. «Ауысыңдар» деген кезде, оқушылар рөлдерімен ауысады.Ол сыныптасы тоқтаған жерден жалғастыру керек. Бұл көріністі бірнеше рет қайталауға болады.

Дескрипторлар:

-шығармалардан үзінділерді мәнерлеп оқиды;

- жатқа айта алады.

Пысықтау сұрақтары

  • Автор әңгімені неге «Мексика ұлы» деп атаған?
  • Жазушы Ривера бейнесі арқылы қандай ой тастайды?
  • Шығарма мазмұнынан қандай ой түюге болады?

Қолдану

Сәйкестендіріңіз.

Шығармадан үзінді

Кейіпкерлер

«... бұлшық еттерінің әрбір клеткасының кез келген соққыға дайын тұратынын»

Дэнни

«Аппақ терісі жып-жылтыр, күш-қайрат тұла бойына сыймай тұрғандай»

Ривера

Дескриптор:

-шығармадағы берілген үзіндіге қарай кейіпкерді таба алады.

Тест тапсырмасын орындаңыз.

1.Ривераның айқас алаңына қандай мақсатпен шыққандығын көрсетіңіз.

А)мол ақшаға ие болу үшін

В)қайткенде де жеңіске жету үшін

С)көрермендердің қошаметіне ие болу үшін

D)қарсыласының жынына тию үшін

2. «Мексикалықтың күші неткен күшті еді?» деген қай кейіпкер?

А)төреші

В)Дэнни

С)Билл

D)көрермендер

3.Алғашқы соққыдан кейінгі Дэннидің жағдайының қандай болғандығын көрсетіңіз.

А)оныншы минутта орнынан зорға көтерілді

В)үш санағанда-ақ лып етіп көтерілді

С) есеңгіреп орнынан тұрмай қалды

D) шыбын шаққан құрлы болмады

4.Ривераны неліктен қарсыласы жасыта алмады?

А) өмірдің «алапат дауылында шыныққандықтан»

В) қолы қарулы болғандықтан

С) ақырын соққылағандықтан

D) үстіне құрсаулы киім кигендіктен

5. Келли неліктен Ривераны жеңілуге үгіттейтіндігін табыңыз.

А) Ривераны аяғандықтан

В) Дэнниді аяғандықтан

С) Дэннидің ұтысына көп ақша тіккендіктен

D) әділдікті жақтағандықтан

(жауабы: 1-в, 2-в, 3-а, 4-а, 5-с)

Талдау

ЖЖ

1-тапсырма: қажетті сөзді орнына қойыңыз.

2-тапсырма: теңеу, эпитеттерді табыңыз.

1.Дэнни Уорд ақша үшін, сол ақшаға негізделген _________ үшін шайқасып келеді.

Қажетті сөздер: отбасы, достары, жеңіл өмір

2.Тіс қаққан бұл жырындының қағидасы темірқанат боксшының талайының-ақ __________сарқып, көңіліне _________ұялататын, жүйкесіне тиетін.

Қажетті сөздер: шыдамын, сабырын, қорқыныш, мұң.

Дескриптор:

-сөйлем мағынасына қарай қажетті сөзді таба алады.

-теңеу, эпитетті таба алады.

Жинақтау

Ой толғаныс

1.Мәтіннен 1 кейіпкерді таңдаңыз.

2.Мәтіндегі сол кейіпкерді суреттеудегі автор сөздерін теріп жазыңыз.

3.Мәтіндегі 1 оқиғаны суреттеудегі автор сөздерін теріп жазыңыз.

Дескрипторлар:

-кейіпкерді суреттейтін сөзді теріп жазады;

-оқиғаны суреттейтін автор сөзін жаза алады;

Бағалау. Бүгінгі таңда ел намысын қорғап жүрген батырлардың мүдделері қорғалып жүр ме?

Кейіпкер бейнесіне еніп (өз қалаған), шағын монолог жазыңыз.

Дескрипторлар:

-1-жақтан монолог жаза алады.

http://kitap.kz/audiobook/5248-meksika_uly/5248-meksika_uly

Сабақтың соңы

3 минут

Бағалау: бағалау критерийлері арқылы бағалау

Кері байланыс:

Ұнады-

Не қиын болды?-

Тілегім-

Үйге тапсырма:

1.Өзіңізге ұнаған үзіндіні жаттап алыңыз.

2.«Ер намысы- ел намысы» тақырыбында эссе жазып келіңіз. Сөз саны: 100.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі: ________________ Турлыбекова С.К.

«_____» _________________ 2017 жыл



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу